Блог

  • Шыңғыстайдағы мұражай-үйі

    2003 жылы 8 қазанда Оралхан Бөкейдің 60 жылдығына орай Оралхан Бөкей мұражай — үйінің салтанатты ашылуы, жазушының туған ауылында Шыңғыстайда өтті. Катонқарағай өңірінің өзіне тән, бөренелерден салынған ағаш үй. Осы үйде жазушының балалық шағы өткен. Оралхан Бөкейдің Алматыға сапарынан кейін, бұл үй ұзақ уақыт бос қалды. Тек 2003 жылы ғана Катонқарағайдың мәдениет бөлімі шешімімен жерлесімізді еске алу мақсатында Оралхан Бөкей атындағы мұражай-үйі қалыптасты. Сол уақыт аралығында мұражай-үйі 2005 жылы дүниеден өткен жазушының апайы Шолпанның қарамағында болды. Мұражай — үйінің алдында кіреберісте шығысқазақстандық мүсінші Владимир Самойлов орындаған мемориалдық ескерткіш Оралхан Бөкейдің мүсіні орын алған.

    Мұражай-үйі 4 бөлмеден құралған: ас үй, қонақ бөлмесі, ата-анасының бөлмесі және жазушының дем алу бөлмесі. Мұражайдың экспозициясында жазушының ата-анасы мен Оралханның өзі қолданған тұрмыстық заттары ұсынылған.

  • Оралхан Бөкей шығармаларының ғылыми еңбектерде көрініс табуы

    Айгул Әмірғалиқызы Рамазанова
    «Қазіргі қазақ повестеріндегі адам мен табиғат мәселелері /70-80ж/» — кандидаттық диссертация
    Алматы
    1993
    Бахтыгүл Шерімқызы Баймусаева
    «Проблема воссоздания стиля оригинала /на материале переводов произведений О. Бокеева, О. Сарсенбаева, С. Елубаева на русский язык/» — кандидаттық диссертациясы — аударма саласындағы еңбектер (аударылған туындылары бойынша) / ғылыми жетекшісі С. Қирабаев
    Алматы
    1994
    Өскенбай Көзбеков
    «О.Бөкеев прозасының поэтикасы» — кандидаттық диссертация / ғылыми жетекшісі  Б. Майтанов
    Алматы
    1998
    Жанат Әскербекқызы Аймұхамбетова
    «О. Бөкей прозасындағы мифологизм мәселесі» — кандидаттық диссертация / ғылыми жетекшісі С.А.Қасқабасов
    Алматы
    1999
    Құралай Темірбекқызы Жанұзақова
    «Оралхан Бөкеев прозасындағы романтизм» — кандидаттық диссертация 
    Алматы
    1999
    Г. Ж. Жәлелова
    «Концепция личности в прозе О. Бокеева» — кандидаттық диссертация — аударма саласындағы еңбектер (аударылған туындылары бойынша) / ғылыми жетекшісі Н.Ғабдуллин
    Алматы
    1999
    С.Ш. Айтуғанова
    «Адам және табиғат концепциясы шағын прозада» — кандидаттық диссертация
    Алматы
    2000
    Айгүл Ғалиқызы Сембаева
    «Көркем шығармалардағы эмоционалды-экспрессивті лексика (О. Бөкеев шығармалары бойынша)» — кандидаттық диссертация
    Алматы
    2002
    Жазира Нұрсұлтанқызы
    «О.Бөкееев шығармаларындағы бейвербалды амалдар» — кандидаттық диссертация / ғылыми жетекшісі Ф.Ш. Оразбаева
    Алматы
    2006
     
     

    Оралханды оятқан оғлан

    Жазушы Оралхан Бөкейдің қаламынан төгілген туындылардың әрқайсысы жеке-жеке зерттеулерге нысан бола алатын құндылықтарға толы. О. Бөкейдің шығармалары әртүрлі ірілі-ұсақты ғылыми зерттеулердің өзегі болып келді және алдағы уақытта да бола береді.

    Ең алғаш О.Бөкей шығармашылығының ғылыми зерттелуі Айгүл Әмірғалиқызы Рамазанованың «Қазіргі қазақ повестеріндегі адам мен табиғат мәселелері /70-80ж/» кандидаттық диссертациясынан бастау алады. Кандидаттық диссертация 1993 жылы Алматы қаласында қорғалды. Бұл еңбекте адам мен табиғат жайы ғылыми зерттеудің негізгі нысанына алынып, О. Бөкей шығармаларында көзделген экологиялық мәселелерді сөз етеді.

    Келесі кандидаттық диссертация 1998 жылы Алматы қаласында қорғалған Өскенбай Көзбековтің «О.Бөкеев прозасының поэтикасы» атты зерттеу еңбегі. Белгілі ғалым, әдебиеттанушы Б. Майтановтың жетекшілігімен қорғалған бұл ғылыми зерттеу өз кезеңінде ғылыми ортада жоғары бағаланған еңбектер қатарынан табылды. Зерттеуші Ө. Көзбековтың ғылыми еңбектері «Оралханды оятқан оғлан» атты жинақта жүйеленіп берілген.

     

    Көзбеков, Ө.

    Оралханды оятқан оғлан [Мәтін] /

    Өскенбай Көзбеков; құраст. Г. Искакова.-

    Алматы: Мем. тілді дамыту ин-ты, 2013.- 228 б.

     

     О. Бөкей прозасындағы мифологизм мәселесі

    Жазушы Оралхан Бөкей туындыларын ғылыми зерттеу жұмысының нысаны ретінде қарастырған жүйелі де көлемді еңбектер 1993 жылдан 2006 жылдар аралығында көптеп жарыққа шықты.

    Осындай еңбектердің бірі — филология ғылымдарының докторы, профессор Жанат Әскербекқызы Аймұхамбетованың «О. Бөкей прозасындағы мифологизм мәселесі» атты 1999 жылы Астана қаласында қорғалған кандидаттық диссертациясы (жетекшісі ҚР ҰҒА академигі С.А.Қасқабасов).

    Бұл жұмыста Оралхан Бөкейдің «Қар қызы», «Атау керек», «Сайтан көпір», «Жетім бота» сияқты повестеріндегі аңыздық желілер, мифтік, символдық бейнелерді анықтап, басқаша айтқанда мифологизм бағытында толық талданып, сипаттама беріп, сол арқылы қазақ әдебиетіндегі мифологизм бағытын қалыптастыруға үлкен үлес қосты.

    Жалпы алғанда, бұл зерттеу жұмысы жазушы Оралхан Бөкейдің қаламгерлік дара тұлғасын, жазушылық шеберлігін, тілдік болмысын терең тануға жасалған кешенді ізденістердің бірі болды.

    Бұл кітапты біздің кітапхана қорынан алып оқуларыңызға болады.

     

    Аймұхамбетова Ж. Ә.

    Миф дүниесі және көркемдік әлем [Мәтін]:

    / Ж. Ә. Аймұхамбетова. – Астана, 2004. — 102 б.

     

  • Әдеби сыни еңбектерде бағалануы

    Шығармашылығы жайлы әдебиеттер:

     

    Сыздықова, Р. Сәйкестік [Мәтін]: /Жазушы О. Бөкеев пен С. Бердіқұловтың шығармаларының тілі жайында //Уақыт және қаламгер. Әдеби сын. 10-кітап. /Құраст. Р. Бердібаев. — Алматы, — 1984. — 160 — 177 б.

    Ыбырайымов, Б. Құштарлық [Мәтін]: /О. Бөкеев творчествосы //Сөзстан: Әдеби-сын мақалалар, қаламгерлік кескіндемелер, интервью. 6-кітап. /Құраст. Б. Сарбалаев. — Алматы. 1985.- 23 — 33 б.

    Қирабаев, С. Бөкеевтің повестері туралы [Мәтін]: /Қирабаев С. Талантқа құрмет: мақалалар, зерттеулер, портреттер. — Алматы, 1988. — 177 — 1986.

    Бітібаева, Қанипа. Әдебиетті тереңдетіп оқыту [Мәтін] : оқу құралы, бағдарлама Х-ХІ сыныптар / Қ. Бітібаева. — Алматы : Алтынсарин атындағы Қазақтың білім академиясының Республикалық баспа кабинеті, 2000. — 274 б.

    Бітібаева, Қанипа. Әдебиетті тереңдетіп оқыту [Мәтін] / Қ. Бітібаева. — 2-басылым. — Алматы : Мектеп, 2003. — 416 б.

    Құтқожина, Роза.Әдебиет. Оқыту әдістемесі [Мәтін] : жалпы білім беретін мектептің 7- сынып мұғалімдеріне арналған / Р. Г. Құтқожина, Қ. О. Бітібаева. — Алматы : Атамұра, 2003. — 96 б.

    Сегізбаева, С. Бөкейтану [Мәтін] : мұғалімдерге арн. әдістемелік құрал / С. Қ. Сегізбаева, Т. Қ. Туменбаев, Л. А. Тлеукенова. — Өскемен : [б. и.], 2003. — 97 б.

    Құрманова, Жұпар. Қазақ прозасындағы ұлттық идея және кейіпкер болмысы (1960-1980 жылдар аралығы) [Мәтін] : ғылыми басылым / Ж. С. Құрманова ; ред. Қ. Әбдезұлы. — Алматы : [б. и.], 2007. — 176 б.

    Чистяковские чтения [Мәтін] : материалы региональн. семинара (14 апр. 2007 г.) / ред. Е. Мәмбетқазиев. — У-Ка : Изд-во КАСУ, 2007. — 234 с.

    Жақсылықбаева, Римма. Публицистің шығармашылық шеберханасы [Мәтін] : оқу құралы / Р. С. Жақсылықбаева. — 2-басылым. — Алматы : Қазақ университеті, 2011. — 243 б.

    Ибрагимов, Қанат. Қазақ әдебиеті [Мәтін] : талапкерге арналған оқулық-тест / Қ. Ибрагимов. — Алматы : Шың-кітап, 2016. — 256 б.

    Әдебиет майталмандары, сыншы, тілші-ғалымдар:

     

    М. Қаратаев («Төрттаған туынды»),

    С. Қирабаев («Табиғатпен туыс талант»),

    Р. Нұрғали («Қазіргі драма»),

    Н. Ғабдуллин («Уақыт сыры»),

    Ә. Кекілбай («Өмірстанға тағы бір саяхат»),

    Д. Исабеков («Бүгінгі шындық – ертеңгі тарих»), т.б. жазушы О. Бөкей және оның шығармашылығы туралы сүбелі еңбектер жариялады.

     

    Шығармашылығы жайлы баспасөз бетінде жарияланған мақалалар:

     

    Сматаев С. Өмірстанға тағы бір саяхат [Мәтін]: О.Бөкеевтің «Қайдасың, қасқа құлыным» атты повесі туралы/ //Жұлдыз.- 1974. — № 4. — 209 — 6.

    Ғабдуллин, Н. Замандас бейнесі [Мәтін]: Бөкеевтің «Өліара» повесі туралы/ //Коммунизм туы. — 1974. — 10 окт.

    Әшімханов, Д. «Мұзтау» [Мәтін]: /О. Бөкеевтің… повесі туралы/ /Коммунизм туы. — 1976. — 8 июнь.

    Республика комсомолының лауреаттары [Мәтін]: /О. Бөкеевке «Құлыным менің» пьесасы үшін/ //Қазақ әдебиеті. — 1976. — 12 нояб.

    Н. Островский атындағы сыйлық – жерлестерімізге [Мәтін]: /О. Бөкеевтің «Найзағай ізі» атты повестер мен әңгімелер жинағы үшін //Арай. — 1978. — 31 окт.

    Тағылымды талқылау [Мәтін]: О. Бөкеев шығармалары туралы //Қазақ әдебиеті. — 1979. — 14 дек.

    Досжанов, Д. Табиғилық басым [Мәтін]: О. Бөкеевтің «Құм мінезі» повесі туралы/ //Қазақ әдебиеті. — 1980. — 11 янв.

    Бөпежанова, Ә. Ойға ой қоссақ [Мәтін]: /О. Бөкеевтің повестері туралы //Қазақ әдебиеті. — 1980, — 1 фев. — 6 6.

    Исабеков, Д. Уақыт бедерлері [Мәтін] / Д.Исабеков //Қазақ әдебиеті. – 1981.

    Тоқбергенов Т. Төл басы болар туындылар [Мәтін] //Қазақ. әдебиеті. — 1981. — 1 янв. «Өз отыңды өшірме». Роман.

    Әміренов, М. «Өз отыңды өшірме» [Мәтін]  /О. Бөкеевтің… атты кітабы туралы/ //Коммунизм туы. — 1981. — 29 июль.

    Қаниев, М. Тамырлас тағдырлар [Мәтін]: 10. Бөкеевтің «Өз отыңды өшірме» атты романы туралы //Жұлдыз. — 1982. — № 8. — 194 — 1966.

    Қанахин, Ө. Екі повесть туралы бірер лебіз [Мәтін]: /О. Бөкеевтің «Сайтан көпір», «Жетім бота» повестері туралы/ //Қазақ әдебиеті. — 1983. — 4 февр.

    Жазушы есебі [Мәтін]/О. Бөкеевтің Қазақстан Жазушылар Одағының жиналысында жасаған творчестволық есебіне орай қаламдастарының пікірі/ //Қазақ әдебиеті, — 1984. — 29 сент.

    Бөкеев, О. «Өз тақырыбың болсын деңіз [Мәтін]: /Өзінің жазушылық еңбегі, әр жазушыны толғантатын тақырыбы туралы пікірі. //Әңгімелескен Б. Ыбыраимов //Лениншіл жас. — 1985. — 19 фев.

    Мәмесейітов, Т. «Парасат жыры» [Мәтін]: /Жазушы О. Бөкеевтін творчествосы жайында/ //Жалын. — 1985. — № 3.- 94-1036.

    Қирабаев, С. Табиғат пен туыс талант [Мәтін]: /О. Бөкеевтің соңғы жылдардағы повестері туралы //Жұлдыз. — 1986. — № 9. — 172 — 1796.

    Назырбаев, Қ. «Біздің жақта қыс ұзақ» [Мәтін]: /О. Бөкеевтің кітабы туралы/ //Коммунизм туы. — 1986. — 30 сент.

    Құрманғалиев, Қ. Замандасы сырласы [Мәтін]: /Жазушы О. Бөкеевтің творчествосы туралы/ //Білім және еңбек. — 1986. — № 10. — 36 — 376.

    Қаратаев, М. Төрттаған туынды [Мәтін]: О. Бөкеевтің «Біздің. жақта қыс үзақ» повестер жинағы туралы/ //Қазақ әдебиеті. — 1986. — 10 окт. — 66.

    Ақатаев, С. Арқауы адам факторы [Мәтін]: Бөкеевтің «Біздің жақта қыс ұзақ» повесі туралы //Соц. Қазақстан. — 1986. — 13 октябрь

    Әдебиет, өнер және архитектура саласындағы 1986 жылғы Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлықтарын беру туралы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті мен СССР Министрлер Советінің қаулысы [Мәтін]: /Әдебиет саласында О. Бөкеевке «Біздің «жақта қыс ұзақ» повестер жинағы үшін. //Соц. Қазақстан — 1986. — 30 дек.

    Қайырбеков, Ғ. Алтай аңыздары [Мәтін]: /О. Бөкеев шығармаларын оқығандағы ойлар //Коммунизм туы.-1987. — 10 март.

    Алтайұлы, Т. Шешен тілді шебер жазушы [Мәтін]: /О. Бөкей 50 жаста //Дидар. — 1993. — 11 ақпан.

    Бабақұлы, Б. Біз үкілеген туынды [Мәтін]:  [Оралхан Бөкейдің творчествосы жайлы] / Б. Бабақұлы // Ақиқат. – 1993. — № 9. – Б. 90 – 91.

    Мәжитов, М. Дарын [Мәтін]:  [О. Бөкеевтің «Бәрі де майдан» повесіне сын] / М. Мәжитов // Ақиқат. – 1993. — № 9. – Б. 93 – 94.

    Пірәлиева, Г. Оралхан шығармаларындағы қияли бейнелер [Мәтін: / Г. Пірәлиева  // Жалын. – 1993. —  № 9 -10.  – Б. 93 – 96.

    Ахметжан, Т. Шешен тілді шебер жазушы [Мәтін]: [Жазушы Оралхан Бөкеевтің шығармашылық тәсілі жайлы] / Т. Ахметжан // Қазақ    әдебиеті . –  1993 . – 24 қыркүйек. – Б. 11.

    Құрманғалитегі, Қ. Толғауы тоқсан тағдырлар [Мәтін]: [О. Бөкеевтің шығармашылығы туралы] / Қ. Құрманғалитегі //  Дидар. – 1994. – 23 маусым.  – Б. 4.

    Ысқақұлы, Қ. Талантына табындырған [Мәтін]: [О. Бөкейдің шығармашылығы туралы қаламдас достарының лебіздері] / Қ. Ысқақұлы // Дидар. – 1996. – 28 қыркүйек. – Б. 1.

    Аймұхамбетова, Ж. Оралхан Бөкейдің метаморфозасы [Мәтін]:  / Ж. Аймұхамбетова // Жалын. – 1999. – № 5 – 6. – Б. 192 – 199.

    Әскербекқызы, Ж. Өр Алтайдың өр тұлғалы ұлы еді [Мәтін]: [О. Бөкеевке арналған «Оралхан» атты кітапты талдау; Оралхан туралы мағлұмат берілген] / Ж. Әскербекқызы // Дидар. – 2000. – 13 мамыр. – Б. 4.

    Кәрібай,  М. Оралханға оралу: [Оралхан Бөкейдің «Қайдасың қасқа құлыным» повесі туралы] / М. Кәрібай // Дидар. – 2001. – 29 қыркүйек. – Б. 4.

    Кәрібай, Мұхтар. Оралханға оралу [Мәтін]: [Электронный ресурс] : Оралхан Бөкей. «Қайдасың, қасқа құлыным». Повестер мен әңгімелер. «Елорда» баспасы. Астана. 1999 ж. / М. Кәрібай // Дидар. — 2001. — 29 қазан. — Б. 3.

    Аймұхамбетова, Ж. Түс көрудің мифологиялық астарлары [Мәтін]: [Оралхан Бөкей шығармалары негізінде] / Ж. Аймұхамбетова // Абай. – 2002. – № 2. – Б. 59 – 63.

    Айнабекова, Г. Оралханның «Құм мінезіндегі» Бархан кім? [Мәтін]:  [ «Құм мінезіндегі» кейіпкер Бархан – Егінбай Смағұлов жайлы, О. Бөкейдің ол кісіге арнап шығарған кітабы туралы] / Г. Айнабекова // Жас Алаш. – 2003. – 21 маусым. – Б. 7.: портр.

    Кемелбаева, А. Оралхан Бөкеев әңгіме жанрында[Мәтін]: Естен кетпес есімдер / А. Кемелбаева // Абай. — 2002. — N4. — Б. 70-72

    Кемелбаева, Айгүл. Оралхан Бөкей әңгіме жанрында [Электронный ресурс] / А. Кемелбаева // Қазақ әдебиеті. — 2003.-15 тамыз. — Б. 6.

    Кемелбаева, Айгүл. Оралхан Бөкеев прозасындағы мифологиялық сарындар [Мәтін : Электронный ресурс] / Айгүл Кемелбаева // Дидар.- 2005.- 11 қаңтар. — Б. 12.

    Қадырова, Б. Кейіпкерді мінездеуші тілдік-стильдік тәсілдер [Мәтін]: Жас маман зердесі / Б. Қадырова // Қазақ тілі мен әдебиеті. — 2003. — N10. — Б.65-71. — 20 март.

    Мүрсәлімова, Н. Қар қызы әмәнда ән салады [Мәтін]  : [О. Бөкеевтің «Қар қызы» повесі жайлы] / Н. Мүрсәлімова // Жас Алаш. — 2003. – 23 қыркүйек. – Б. 5.

    Ахметжан, Т. Қазақ прозасының Мұзтауы [Мәтін]: [Оралхан Бөкейдің «Ұйқым келмейді», «Теріс аққан» әңгімелері жайлы] / Т. Ахметжан // Қазақ әдебиеті. – 2003. – 5 – 11 желтоқсан. – Б. 15.: портр.

    Төлеубаева, К. Көркем шығармадағы драматизм табиғаты [Мәтін]: [Оралхан Бөкейдің «Өз атыңды өшірме» романы туралы] / К. Төлеубаева // Қазақ тілі мен әдебиеті. — 2004. – № 2. – Б. 97 – 103.

    Жүнісова, О. Оралхан Бөкеев туындылары [Мәтін]: [О. Бөкеев шығармашылығындағы «Жетім бота», «Қар қызы» атты шығармалары туралы] / О. Жүнісова // Тәрбие жұмысы мектепте, және мектептен тыс мекемелерде. – 2004. — № 5. – Б. 25.

    Райысова, Б. О.Бөкей шығармаларындағы риторика [Электронный ресурс] / Б. Райысова // Дидар. — 2005.- 29 қараша. — Б. 4

    Қарымсақова, Б. Қамшыгер «Садақбай» [Мәтін]: [О. Бөкейдің «Қамшыгер» әңгімесі бойынша] / Б. Қарымсақова // Қазақ тілі мен әдебиеті. – 2007. — № 3. – Б. 82 – 84.

    Құралқанова, Б. «Қар қызы» неге қызықтыра береді? [Мәтін]: [Оралхан Бөкейдің «Қар қызы» романының оқиға желісі талданып, мақалада жазушының айтайын деген ойын оқырманға жеткізеді] / Б. Құралқанова // Ақиқат. – 2007. — № 6. – Б. 77 – 80.

    Нұрсұлтанқызы, Ж. Оралхан Бөкей шығармаларындағы бейвербалды омонимдер [Мәтін] / Ж. Нұрсұлтанқызы // Қазақ тілі мен әдебиеті. — 2007. — № 11. — Б. 75-78.  — Мақала соң. әдеб.: 3 атау.

    Ахмерова, Е. Оралхан Бөкей шығармаларында көтерілген әлеуметтік тақырыптарды таныту [Мәтін] / Е. Ахмерова // Қазақ тілі мен әдебиеті. — 2008. — №2 . — Б. 137-139.

    Шериева, Қ. Қазақ повестеріндегі үндестік [Мәтін] / Қ. Шериева // Қазақ тілі мен әдебиеті. — 2008. — №4 . — Б. 130-134.

    Еңсенова, Е. «Жылымық» (мелодрама) [Мәтін] : (Оралхан Бөкейдің «Жылымық» шығармасы негізінде) / Е. Еңсенова // Қазақ және әлем әдебиеті — Казахская и мировая литература. — 2010. — №1-2. — Б. 14-16. .

    Бөлкенбаева, Әйгерім. Оралхан Бөкейдің «Атау кере» повесіндегі «жатсыну» мәселесі [Электронный ресурс] / Ә. Бөлкенбаева // Ұлағат. — 2011.-№5. — Б. 87-91.

    Әлметова, Әсипат. О. Бөкеевтің «Апамның астауы» әңгімесіндегі лингвомәдениеттанулық мазмұнның көрінісі [Мәтін]: / Ә. Әлметова // Білім технологиялары=Образовательные технологии. — 2013. — №2. — Б. 5-7. — Мақала соңында библиогр.

    Жанұзақ , Телқожа. Этнонимдік атаулардың сан қырлы сырлары [Мәтін] / Т. Жанұзақ // Парасат. — 2013. — N 11. — Б. 18-19.

    Асылбекұлы, Серік. Оралхан әңгімелерінің поэтикасы [Электронный ресурс] / Серік Асылбекұлы // Қазақ әдебиеті. — 2014.- 10 қазан. — Б. 11.

    Картаева, А. Оралхан Бөкей шығармаларындағы кейіпкерлер әлемі [Электронный ресурс] / А. Картаева, Ғ. Манай // Шығыстың аймақтық хабаршысы. — 2015.-№ 4. — Б. 131-137.

    Алмасбекұлы, Қ. «Құбылу» мен «Атау кере» немесе бөгделену [Мәтін] / Қ. Алмасбекұлы // Ақиқат. — 2015. — №4. — Б. 113-115.

  • Аударма саласындағы еңбектер (аударылған туындылары бойынша)

    Зерттеуші Бахтыгүл Шерімқызы Баймусаеваның «Проблема воссоздания стиля оригинала /на материале переводов произведений О. Бокеева, О. Сарсенбаева, С. Елубаева на русский язык/» деген тақырыптағы кандидаттық диссертациясы академик С. Қирабаевтың жетекшілігімен 1994 жылы Алматы қаласында қорғалған.

  • Экспозиция О.Бокею в этнопарке ВКО архитектурно-этнографического музея-заповедника. г. Усть-Каменогорск.

    В 2004 г. состоялось открытие третьей по счету экспозиции, посвященной О.Бокееву в  этнопарке ВКО архитектурно-этнографического музея-заповедника г. Усть-Каменогорска.  Это дом казахских писателей ВКО, где представлено вниманию творчество лучших писателей ВКО с литературно – мемориальным комплексом О.Бокеева.

    Здание представляет собой одноэтажный бревенчатый дом. Открытие  объекта и размещение в нем экспозиции позволяет осуществлять пропаганду и популяризацию литературного наследия О.Бокеева и  других  казахских писателей ВКО, что способствует патриотическому   воспитанию   молодежи, дружбы и взаимопониманию между народами, проживающими в ВКО. Такое мероприятие в плане познания национальной литературы расширяет диапазон знаний по творчеству казахских писателей ВКО, открывает для широких слоев населения имя широко известного казахского писателя ВК – Оралхана Бокеева, чье творчество в настоящее время является гордостью казахской литературы. Данная экспозиция не только знакомит, открывает имя широко известного писателя, но и хранит  литературное наследие, среду, в которой жил и творил писатель, так как Оралхан Бокеев является знаковой фигурой для Восточного Казахстана, а конкретно, для Усть-Каменогорского региона.

    Карчалова А.М.

  • Дом-музей Оралхана Бокея. Чингистай, Катон-Карагайский район

    В 2003 г. к 60-летию писателя состоялось торжественное открытие  Дома-музея Оралхана Бокеева в его родном селе Чингистай Катон-Карагайского района. Это обычный, характерный для Катон-Карагая бревенчатый дом, в котором писатель провел свое детство. После его отъезда О.Бокеева в Алматы дом много лет пустовал и только в 2003г. решением Катон-Карагайского отдела культуры в память о своем земляке был реконструирован в Дом-музей Оралхана Бокеева.

    Все это время Дом-музей находился под присмотром сестры писателя Шолпан, которая ушла из жизни в 2005г.. 

    В сентябре 2006 г. мне посчастливилось побывать на родине писателя и воочию увидеть музейную экспозицию в селе Чингистай.

    Во дворе, перед входом установлен мемориальный памятник О.Бокееву. Бюст писателя выполнен скульптором Владимиром Самойловым, являющимся автором многих подобных работ. Хотелось бы отметить гостеприимство чингистайцев. Впервые попав в этот аул, никого не зная, мы познакомились с первым встретившимся нам  из жителей села  лесничим Жанаром, который  проводил нас в Чингистайскую среднюю школу, в школьный музей. Здесь нашему обозрению были представлены мемориальные вещи писателя и его матери Кулии-апай: астау (чаша для мяса), торсык (сосуд для хранения масла, молока в летнее время).

    Было очень приятно встретить людей, знавших Оралхана Бокеева, соратников писателя. После знакомства со школьным музеем  нас проводили в Дом-музей, директором которого является Нуксара Аманжан – друг  О.Бокеева.  

    Нуксара Аманжан познакомил нас с внутренним интерьером дома-музея, который включает в себя 4 комнаты: кухню, зал, комнату родителей и комнату отдыха самого писателя. Экспозиция музея представлена  предметами быта, принадлежавшими родителям писателя и самому Оралхану.

    Также мы познакомились с родной  племянницей писателя Анарой Кошебаевой, в настоящее время проживающей в г. Астане, которая передала в дар нашему музею книгу с личным автографом писателя. Именно от нее мы получили информацию, что наш знаменитый  Оралхан Бокеев имел псевдоним:  «Олег Бокеев».

    Говорят, что идея о превращении его в дом-музей О.Бокеева витала в умах целое десятилетие. Поначалу была задумка перенести его в с. Катон-Карагай (бывший райцентр одноименного  района), чтобы он стал ближе и доступнее почитателям таланта писателя. Ежегодно в доме-музее собираются казахские писатели, друзья, соратники – все, кто знал, был знаком с выдающимся казахским прозаиком. Из года в год проходят районные, областные  Бокеевские чтения.

    В 2007 году  с  3-6 октября прошел X республиканский смотр мастеров художественного чтения имени О.Бокеева на родной земле прозаика в ВКО, в г. Усть-Каменогорске.

    На мероприятие съехались соратники, друзья, родственники прозаика — все, кому дорого наследие Оралхана Бокеева.  Жила в народе  мысль сделать дом-музей еще ближе массе читающей публики и литературной общественности, перенеся этот дом в Усть-Каменогорск. Если не оригинал, то, по крайней мере, точную копию.

    Но нынешнее руководство района решило все-таки оставить дом-музей там, где он стоит. Дом отреставрировали, облагородили всю усадьбу, вернули ему живой дух, былую атмосферу  бокеевского захватывающего творческого горения. Чингистай – аул, воспитавший за неполный век столько выдающихся исторических личностей, находится на главной горной дороге, ведущей к устремленному в вечность сердцу Алтая – Музтау-Белухе.

    Карчалова А.М.

  • Оралхан Бөкей. Суреткердің соңғы сапары: аңызы мен ақиқаты

    «Ұлылық — жалған дүниені майға шылқыған жалпақ табанымен жалпағынан басу емес, артыңа өшпес із қалдырып, арғымаққа мінгендей асығыс зулап өте шығу. Яғни өз өміріңізді оқыс әрі әдемі аяқтау».

    Портрет

    Оралхан десе, бізге оқшау өмір елестейді. Иә, тек елестейді… Себебі, біздің буынға Оралхандай оғланның дара болмысын, Алтайдың өзіндей асқақ мінезін, Мұзтаудай маңғаз, кербұғыдай кербез бітімін көзімізбен көру бақыты бұйырмаған. Үлгермедік…

    Жүсіпбек Қорғасбек, жазушы: — Жақты, сүйекті, тұмсықты, тұрпатты, бірақ ашаң. Мұрнының үсті қыр дөңес, бірақ еті жұқа, бет терісі талыс, бірақ, құбалау, саусақтары салалы, бірақ жіңішкелеу, сүйріктеу. Нұрлы көздері үлкен де болса қиықтау, маңдайлы. Орта бойлыдан бір бас биік. Египеттіктер, ежелгі мысырлықтарға ұқсамайды. Ол кісі нағыз алтайлық. Ежелгі қорымнан қазып алып, қайта сомдағандай, антрополог сәл жетілдіргендей…

    Болжау

    1993 жылдың сол бір көктемі… Мамыр айының мамыражай күндерінің бірінде қазақстандық делегация Үндістанға аттанып кетті. Бір топ қаламгерлер талай суреткердің арманы болған Тәж-Махал табалдырығына табан тигізіп еді… Бұл — мамыр айының 15 жұлдызы, сағат таңертеңгі 11-12-тердің кезі, күн сенбі болатын.

    Алпысбай Шымырбай, жазушы: —  Махаббаттың мәңгілік ақ күмбезі — ұлы Тәж-Махалды көріп аса таңғалып, «Бұл өзі бүкіл түркі ұрпағының келіп тағзым ететін қасиетті орны екен» деген тебіренісі әлі есімде. Сонда өзін «Мен Бабырдың ұрпағымын!» — деп таныстырып, көкірегіне ерекше бір күй толып еді…

    Жазушының Тәж-Махалды көріп ерекше әсерленгені соншалық, бұл күйден ұзақ уақыт бойына арыла алмай жүрген көрінеді. Қасиет деп қастер тұтқаны ғой, мұнараға кірместен бұрын, жазушы Тәж-Махалдың сыртында тұрып саңқылдап Құран окиды. Қашан көрсе де кербұғыдай кербез, паң жүретін қаламгердің бұрын мұндай қылығын көрмеген достары таңырқай қарағаны рас. Кейін білді, бұл — суреткердің сұлу жанының ұлылыққа, киелі мекенге ғана емес, шексіз Жаратылыстың, құдіреті күшті Жаратқанның алдындағы соңғы бас июі, мойынсұнуы болыпты.

    Әріптестері Ор-ағаңның Тәж-Махалдан қайтқанда көлік ішінде ән салып, ерекше көңіл күймен сондай шаттанып қайтқанын айтады. Әсіресе, Делиге оралып, «Тәж-Махал» қонақ үйіне келгендегі жедел сатының ішінде орнатылған Бабырдың мүсінінің қасына иықтасып тұрып алып: «Қалай, ұқсаймын ба?» — деп, өзін Бабыр бабасына қатты ұқсатқаны да бар екен. Сондай бір шаттаныс үстінде: «Мен қайта оралған Бабырмын» десе, енді бірде: «Менімен әңгімелесіп қалыңдар, ертең менің әңгімемді іздейтін боласыңдар», — депті Оралхан аға. Сезімтал жүректің Жер бетінде жасар санаулы ғана сәтінің қалғанын сезгендігі шығар, сапарлас болған әріптестеріне әзілмен болса да сан сырды сездіріп кетіпті.

    Нұртөре Жүсіп, журналист: Аграда сәл аялдаған тұс болды. Мәшинеге отыра бергенде ойда жоқ әңгімені қозғады: «Мен туралы ертең естелік жазасыңдар ғой, қазір «мен бар, Мұхаң бар» деп жазып жатыр ғой… — деп аяғын әзілге бұрып жіберді. Сол сәтте мән бергенім жоқ бұл сөзге. Жексенбіде Делиге жетіп, түнде «жақсы» десіп, ертесіне ұйқысынан оянбай калған Ор-ағаңды көргенде… Бәрі де көрген түстей болды ғой…

    Жалпы діни тұрғыдан да, мистикалық тұрғыдан да адам өзінің өлімін сезіп, сонысын айтар сөзімен, істер қимылымен айналасына алдын ала сездіріп кетеді дейді. Ор-ағаңның өмірінде де ондай сәттер көп болған. Тіпті, көзінің тірісінде-ақ, өзінің өлімін, қалай жерлеу жайын тапсырып кеткен көрінеді.

    Жүсіпбек Қорғасбек, жазушы: Бір сөзі ойымда ерекше қалыпты. Бүгінге дейін түсінбеймін, көкейімнен, көңілімнен кетпейді: «Мен өлсем, мені жармай-ақ, тәптіштеп тексермей-ақ, іш-құрылысымда не бар, не жоқ, демей-ақ, қара жердің қойнына таза калпымда, тәнімді бүлдірмей берсе жақсы болар еді…» деген сөзді бірнеше рет айтып қалды. Оның не үшін айтылғанын мен әлі түсінбей келемін, бірақ, көңілімде жүр…

    Қаза

    «Сол сапардың алдында оны Түркияға баратын делегацияның басшысы етіп сайлағанда: «Жоқ, мен Үндістанға барып келейін» деп болмап еді…». Күпті көңілмен күрсіне дем алып, Ора-ғаңның Үндістанға аттанар сәтін көз алдынан өткізген замандасы, тұстасы — ақын Жүрсін Ерманның осы бір сөзін Алпысбай Шымырбай ағамыз одан әрі жалғап: «Жолға шығардан бір күн бұрын ақпарат министрлігіндегі сапар алдындағы әнгімеге жұмысы аса қауырт болды ма екен, Ор-ағаң келе алмай, ертесіне түс әлетіне әуежайға өзінің әбден жолсоқты болған қара қайысты көне сөмкесін көтеріп келген-ді (дариға-ай, онда кім білген, осы көнбіс, көнетоз қара сөмкенің егесіз, иесіз қайтатынын?!.)… «Таңертеңнен осы жолға үйден бірден дайындалып шығып едім» дегені де есімізде… Ойпырым-ай, аттың жалы, түйенің қомында, сапырылыста қайта үйге бас сұғып, балаларын да құшырлана қайта сүйіп, иіскеп шығуға мұршасы болмағаны-ау… Жай ұйқыдан мәңгілікке көз жұмған Ор-ағаңның сол сапардан көнетоз, көнетоз болса да, мың-сан бағалы су жаңа сөмкеге тең тұрмайтын жол сөмкесін Төлегеннің ақ боз атындай бос алып қайтамыз деп ойлап па едік?!» — деп есіне алды.

    10 мамыр, 1993 жыл.

    Ғалия Бөкейқызы, қаламгердің қарындасы:- Жолсапарға кетерінде үнемі үйден аттанатын. Бірақ, неге екенін білмеймін, осы соңғы Үнді еліне баратын сапарында үйден емес, жұмыстан кетті. Маған телефон соғып, «Мен келгенше балаларға сүт апарып беріп тұр, мен казір кетемін» — деді. «Үйге бармайсың ба, жұмыста неге отырсың?» деп едім, «Жұмыс көп, уақытым жетіспегендіктен жолға жиналып бір-ақ келгем. Бір нәрсемді ұмытып кетіппін, қайта қайырылмаймын үйге, сау бол, ұзақ болмаймын, тез ораламын», — деп тұтқаны қоя салды. Одан кейін бізге ешқашан қоңырау соқпады… Ал өзі сүт тасып әкеп беретін қос құлыны бүгінде ер жетіп, ат жалын ұстап, ұрпақ өрбітіп, ата-анасына қамқор болатын жасқа жетіп отыр. Бірақ, амал канша, Алла ағамды ол күнді көруге жеткізбеді…

    Ардақ Бөкеева, жазушының жары:- Үндістанға аяқ астынан жиналды ғой. Алдында Түркияға бармақшы болып дайындалып жүрген. Түркияға барып келген соң, қызымыз Айжанды Германияға емдетуге апармақ болатын. Сол кезде Айжанның бүйрегі қатты ауырып, бар уайымымыз «қалай емдетеміз, калай аман алып қаламыз» деген ойдың төнірегінде еді. Құдайдан күндіз-түні сауығып кетуін тілейтін. «Мені алсаң ал, Айжанымды аман қалдыра гөр» деп Құдайға жалбарынғанын естігенде, ет жүрегім езілетін. Дәрігерлер Германиядағы бүйрек ауруын емдейтін үлкен орталыққа апаратын болсақ кана үміт барын қадап айта берді. Сондықтан да Оралханның ойы қалайда Айжанды сол орталыққа апарып емдеуге мүлдем ауып қалған болатын. Бірақ, аяқ астынан 10 мамыр күні Үндістанға ұшатын болды. Екеуміз теңертеңгісін үйде қоштастық. Оралхан бетімнен сүйді. Балаларын біраз еміренді. Мен әзілдеп: «Байқа, индиянкалармен махаббат құрып кетпе», — дедім. Олда жайраңдай күліп: «Сен де байқа, мен жоқта қыдырушы болма», — деді. Сөйтіп, әдетімізше әзілдей қоштасып, папамызды алыс жолға шығарып салдық. Арада екі-үш минут өтер-өтпестен есік қоңырауы шылдыр ете қалды. Есікті ашсам, Оралханым тұр. «Үнді мұхитына суға түскенде киетін киімімді алмаппын ғой», — дейді. Мен ренжіп: «Кірме, кірме, қазір әкеліп беремін, соған бола несіне  оралдың?» — деп жүгіріп кеттім. Менің түсінігімде — ұзақ жолға бара жатқанда үйге екінші рет кайтып келу жаман ырым. Орыстар: «Кайтып келме, жолың болмайды» дейді. Бірақ, мұны ешқандай да жамандыққа жорыған жоқпын. Оралхан асығып кеткен соң, терезенің алдына бардым. Машинаның рөлінде Махамбет отыр. Оралхан артқы орындыққа барып жайғасты. Бізбен қолын бұлғап қоштасты… Мәңгілікке қоштасып тұрғанмызды тіпті сезбеппіз де…

    Көңіл

    Жазушының сапар барысындағы көңіл-күйін үнді еліне бірге барған әріптес інісі Нұртөре Жүсіп былай еске алады: — Үнді елінде Ор-ағаң керемет бір әсерде жүрді. Ресми жиындарда тәуелсіздігін енді ғана алған еліміз жайлы әңгімелеп, жұрт алдында елдік мәселелерді көтерді. Үнділер мен қазақ халқының бір-бірімен табиғи ұқсастығын сөз етіп, оларға қазақтың сазсырнайын тарту еткені де есімде. Кешке театрға, әртүрлі кештерге барып тұрдық. Сонда бір койылымның музыкасынан әсер алғаны соншалық, Ор-ағаң диктофонына әлгі әуенді жазып алды. «Желтоқсан окиғасы жайлы халықтың рухын көтеретін бір пьеса жазсам ба деп жүрмін. Мына музыка керемет екен» деп балаша қуанған еді. 1993 жыл нарық қысып, қазақ ауылдарының жағдайы нашарлап жатқан кез болатын. Сол сапарда Ор-ағаң: «Осыдан қазақ ауылдарының жағдайын елге барған соң премьер-министр Сергей Терещенкоға арнайы барып жеткізем. Үкіметтің ауыл халқына мойын бұруына бағытталған нақты ұсыныстарды түртіп қойдым», — деген. Сол кездегі қазақ үкіметінің іс-әрекеті жайында да көптеген батыл-батыл ойлар айтты. Ұлттық, елдік, мемлекеттік мәселелерге көбірек тоқталып жүрді. Сонымен қатар сапар барысында фотоаппаратымен есте қаларлық жерлерді суретке тартып жүрді. Тағы бірде «Қап, көшеде бұралып жатқан адамды түсіре алмадым-ау» деп қоятын. Қолы қалт еткен сайын әңгіме шертті. Еркін Қыдыр екеумізге өз өмірінен көп нәрсе айтты. Жазған дүниелері туралы, кейбір әңгімелері жайлы егжей-тегжейлі сөз қозғап, көп ашылды. Біз Ор-ағаңды осынша ашылады ғой деп күтпеген едік. Әр әңгімесін қызығып, құмартып тыңдай бердік. «Бұнысы не екен?» дегеніміз жоқ. Үнділердің тағамдары қышқылдау, ащылау екен. Ор-ағаң тамақтан тартынып жүрді. Сол күні кеште бір қоғамдық қордың қабылдауында болдық. Қазақ-үнді байланыстарын дамыту туралы айтып, сол кеште жақсы сөйледі. Кездесуден кештеу — түнгі он екіден кейін оралдық. Күнде кешкілік бәріміз бас қосып, әңгіме айтатынбыз. Бірақ, бұл жолы уақыттың кеш болып кетуі салдарынан, бәріміз келе сала Тәж-Махал қонақүйінің 11-қабатындағы бөлмелерімізге тарқастық. Ор-ағаңмен ақтық рет осылай қоштасыппыз.

    … Бұл 1993 жылдың 16 мамыры болатын. Күн — жексенбі. Суреткердің соңғы түні…

    Ертеңінде…

    17 мамыр. Таңертең. Апта күні дүйсенбі. Сағат 9:00.

    — Күндегі әдетімізше сағат тоғызда таңғы асқа жиналдық. Күнде ерте тұрып алып, бізді дәмханада күтіп отыратын Ор-ағаңды бұл жолы көре алмадық. «Апыр-ай, ұйықтап қалды ма екен? — деп, нөміріне телефон соқсақ, тұтқаны көтермеді. Барып өзі тұрақтаған 1111-бөлменің есігін қақтық, ашпады. Содан бәріміз алаңдап, қонақ үй қызметкерлерін шақырып, есікті ашқанымызда, Ор-ағаң жүріп кеткен екен,- деп жалғады әңгімесін журналист ағамыз.

    Бұл кезде сағат тілі 09 сағат 45 минутты соққан болатын.

    Бірақ, жүзінде қиналыс жоқ, ұйықтап жатқандай балбырап, риза кейіпте жатты деп суреттейді суреткердің жансыз бейнесін көрген сапарластары. Сабырлы күйде жүріп кете барыпты. Айналасының  бәрі тап-тұйнақтай жинаулы, тек үстелінің үстінде жартылай тартылған темекінің тұқылы қалыпты. Арада біршама уақыт өткенде дәрігерлер келіп, «общирный инфаркт» деп диагноз қояды да, мүрдесін Дели қаласының мәйітханасына алып кетеді.

    …Суыт хабарды естіген 17 мамырдың кешінде жол басшыларынан қапыда мәңгілікке көз жазып қалған қазақстандык делегация мүшелері Ор-ағаңның ақтық демі үзілген сол «Тәж-Махал» қонақүйінің 12 қабатындағы мейманханасында отырып, алып шаһарға биіктен көз салып, үздіксіз төпелеп тұрған жауынмен бірге егіліп отырды. Табиғаттың бұл да бір тылсымы шығар, тек жаз айында ғана жауатын ақ жаңбыр, сол жылы мамырда үздіксіз жауады. Қазақтың қайғысына ортақтасып, табиғат та талантын жоқтап ұзақ жылады. Бірак, Ор-ағаң оралмады, 12 қабаттағы өзі үнемі отырып тамақтанатын, әзіл айтып айналасын күлкіге көметін мейрамханадағы сол аз ғана уақытта көз үйреніп үлгерген орны ойсырап бос тұрды…

    Іздеу

    …Оралхан десе, бізге оқшау өлім елестейді. Қыранша қалықтап, зеңгір көкпен таласып, бұлтқа найзадай шаншылған, шыңын қасат қар ақсіреу кіреукесімен қасаттап тастаған Мұзтауының шыңында кербұғыдай кербез қалпында өз биігінен титтей де төмендемеген нағыз қыранның өр өлімі…

    Әдетте, адам қасыңда, күнде көз алдыңда жүргендіктен бе, бір-бірінің қадірін, бағасын түсіне бермейді. Ертең көзден ғайып больп, жаныңнан мәңгілікке жырақтаған кезде әрбір сөзіне мән беріп, ой төркінін түсініп, «аһ» ұрады. Бұл — жер басып жүрген әр пенденің ежелден келе жатқан әдеті. Әйтпесе, «Жігіттер, осы біз шал болмайтын шығармыз…» деп құрдастары, дос-жарандары арасында қалжыңдап айта салар әзілі қаламгер өмірінде айна-қатесіз қайталанар деп кім ойлаған? Әлде, Алла Тағала аузына әдейі салды ма екен? Бірақ, дәл сол кезде ол сөздің парқына ешкім бармады. Себебі, көз алдарында жайраңдап, жалындап жүрген азаматтың айдың, күннің аманында сапарынан оралмай қалады деп ешкім де ойламады. Ондай ойға дара дарынын қимады да. Кейін… Кейін бәрі де өткен шақтың үлесіне тиген кезде, адамдар айтқан әр сөзінен мән іздеп, соңғы кездесу, тілдесулерін есіне жиі алып жатады. «Соңғы» деген сөздің құдіретін де, сұрқиялығын да дәл сол кезде ұғынады. Осы жерде Оралхан Бөкейдің белгілі жазушы Шерхан Мұртазаның 60 жылдық мерейтойында айтқан: «… Мен кейде туған айымыз бен күніміздің де (28 қыркүйек) дәл келуін ырымдап, жақсылықтың нышанына балаймын. Міне, Сіз 60 деген асуға шықтыңыз, төменге қараңызшы, Аға, мен көрінем бе екен?..» — деген ойы оралады сағыныш тұнған санамызға. Ол — 1992 жылдың күзі болатын. Бірақ бұл кезде де ешбір жан суреткердің өмірінің соңғы күзімен қимай қоштасып тұрғанын сезбеген еді… Кейін Оралхан ағамыз оралмас сапарға аттанғаннан кейін осы бір сұрапыл сөзін ой елегінен еткізіп, есіне алған Шерхан Мұртаза: « Соңғы сөйлем… Сұрапыл сұмдық сұрақ. Төменге караймын, енді Оралхан көрінбейді. «Шолпандай таң алдында туып-батты», — деп өмірде қиянатқа қимаған  тілеулес інісін ажалдың аждаһа аранына қия алмай, өзегін өкініш кернеп, егіле отырып есіне алған еді. Мұндай өкініш — Оралханының енді қайтып оралмайтынын сезбей қалған туған-туыс, дос-жаран, әріптестер көкірегінде де мұң болып кептеліп қалып еді сол көктемде…

    Оралу

    Үндістаннан қаламгердің табытқа салынған мүрдесін жеткізген ұшақ 19 мамыр күні сағат таңғы 05:00-де Алматы әуежайына келіп қонады. Жазушылар одағы аталатын қасиетті қарашаңырақты қайыстырып кеткен қаламгердің қазасы мен жер қойнына тапсырылғанға дейінгі барлық жайттың басы-қасында жүріп, куәсі болған сатирик ақын, «Қазақ әдебиеті» газеті бас редакторының орынбасары Еркін Жаппасұлының айтуынша, Одақ елшіліктің адамдарына бұл орны толмас қазаның мемлекеттік деңгейде шешілуі қажет екендігін айтып, телефонмен тікелей сол кездегі Орталық комитетке қоңырау соғып, елшілік арқылы Мәскеуге, Мәскеу арқылы Үндістанға хабар жіберіледі. Үндістандағылар бұл жақтағы елшілікпен байланысып, арнайы штаб құрылады. Штабтың төрағасы болып сол кезеңде министрдің орынбасары болған Әлібек Асқаров сайланады. «Қазақ әдебиеті» газетінің ұжымы әуежайдан хабар келгенше күні-түні кезекшілікте болады. Сөйтіп, 1993 жылдың 19 мамырында таң атар-атпастан Атамекеніне жеткізілген жазушының жансыз денесін Қалдарбек Найманбаев, Әбдіжәміл Нұрпейісов, Еркін Жаппасұлы ағаларымыз бастаған үлкен топ әуежайдан егіле жүріп қарсы алады.

    Арада екі күн өткенде, 21 мамырдың таңында халқы сүйікті қаламгерімен Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының ғимаратында қоштасу рәсімін жасап, ақтық сапарға қимай шығарып салады. Үндістанда үзілген есіл ғұмыр сан құпиясы ашылмастан, жұмбақ күйінде Атамекеніне жеткізіліп, қасиетті жұмада жер қойнына тапсырылады.

    Сағыныш

    Қандай сыр болса да қаламгердің өзінің ішінде, құпиясы ашылмай арғы дүниеге бірге кетті. «Теңіз терең емес, адамның жаны терең»,- дейді Мағжан ақын. Ол құпияны қанша ашуға талпынғанымызбен, бәрібір тұңғиығынан өтіп, түбіне жете алмаймыз. Ол мүмкін де емес. Бір анығы — Ор-ағаңның жүрегін, жан дүниесін сарқылмас ұлы сағыныштың дендегені. Алайда, сол сағынышы да жүрек түкпірінде, ешбір жанға жария етілмей өзі үнемі айтатын жалғыздығына серік болып, жер қойнына құпия күйінде еніп тыныпты. Өмірінен қайтарынан біраз бұрын Жүсіпбек ағамыздың ауылына жазушының анасына сәлем бере барғанда, ақ жаулықты бәйбішені құшақтап тұрып, көкірегін бір ерекше толқыныс билеп: «Ауылды сағындым», — деп көзіне жас алғаны бар екен. «Сонда мен Оралхан Бөкейдің әлденені сағынып жүргенін байқадым. Кеудесі тола арман сияқты, кеудесі тола сағыныш сияқты көрінетін маған. Осы кезде, одан кейін де Ор-ағаңның жан дүниесін бір сарқылмас сағыныштың кернеп алып, жанына маза бермей жүргені, өзі ашып айтпаса да, мұң толы жанары мен тұңғиық ойдың шыңырауына сүңгіп кетіп, содан шыға алмай терең дем алар күрсінісінен айқын сезілер еді. Әп-сәтте қуанып отырып, әп-сәтте мұңая салатын. Бірақ, сол сағынышы жұмбақ күйінде өзімен бірге кетті…», — дейді жазушы Жүсіпбек Қорғасбек.

    Махаббат

    Иә, ол сағыныш соңғы жазып кеткен туындысы — «Атау-кередегі» кейіпкерлер Тағанның да, Нүрке кемпірдің де, Айнаның да, тіпті, Қатын өзенінің арғы бетінен көрінер қызыл желекті бойжеткенге деген іңкәрлігімен Еріктің де көкірегін кернеп еді. Бірақ, шығармадағы жанды бір сәтке де байыз таптырмас сағыныш, әсте, повесть кейіпкерлерінің емес, солардың көңіл-күйімен берілген Ор-ағаңның өз сағынышы еді„. Ерікті өзеннің арғы бетіне шақырып, соңында алып тынған жедекті бойжеткеннің елесі, Айман болып Оралхан ағаны да енді жұптары ешқашан жазылмас, аралары ажырамас жұмақтың төріне шақырған шығар. Өмірге іңкәр Ор-ағаң арғы дүниеге осы бір сарқылмас сезімі үшін де асығыс аттанған болар…

    Достарының арасында «Шіркін, Оралхан мен Айманның махаббаты» деген аңызға бергісіз естеліктер көп айтылады. Басына түскен көп қайғының ішінде, әсіресе, алғашқы қосағы Айман апайдың өлімі қаламгерді қатты күйретіп кетіп еді. Бір перзентке зар болып, талай жыл жалғыздықтың уын ішіп келген суреткерге сүйген жарынан айырылу оңай тимегені анық. Онсыз да жабырқау жанын одан әрі жалғызсыратты. Бірақ, Жаратқанның шексіз мейірімінің арқасында екінші жары Ардақ апайдан Айхан, Айжан есімді қос перзент сүйді. Не тылсым екені Хақтың өзіне аян. Десек те, кейде балаларын аман-есен аяқтандырып, жылдар бойы тілеген арманына жеткен соң, арада тура бес жыл өткенде, Айман апай дүниеден өткен тура сол көктемде махаббат мұнарасы — Тәж-Махалдан сүйген жарға деген сағынышын арқалап мәңгілік мекеніне аттанғандай болып та көрінеді. Сол сағыныш та алып тынған болар алып жүректі… Әлде, Алтайдың алты ай қысына қасқайып қарсы тұрған жүрек, үндінің 50 градус аптабына шыдамай кенеттен тоқтады ма екен? Қалай десек те, бұл жұмбақ та тылсым өлімнің сыры тек бір Аллаға ғана аян.

    Аманат

    Қаламгер соңғы жазған драматургиялық шығармасы — «Шыңғысхан» пьесасын Үндістан сапарына жүрерінен бір күн бұрын белгілі режиссер Нұрқанат Жақыпбайға аманат етіп табыстап кеткенін көпшілік қауым біле бермейді. Абзал ағаның соңғы арманы мен соңғы аманатын білгіміз келіп, Нұрқанат ағайдан Ор-ағаңмен соңғы кездсеуінен сыр шертуін сұраған едік.

    — 1993 жылдың 8 мамыры… «Қазақ әдебиеті» газетінің редакциясына Орекеңе келдім. Барып есікті ақырын ашып қарасам, төрде отыр екен. Құшағын айқара ашып, қуана қарсы алды. «Бір режиссердің іздеп келетінін біліп едім», — деп қуанып кетті. Өзі де не үшін келгенімді сезіп отыр екен, екеуміз «Атау-кере» жайын ақылдастық. «Сен пьесаны қоя тұр, алдымен кино түсірейікші», — деді. Сөйтсем, Орекең бұл повесть желісімен кино түсірілсе деп ойлайды екен. «Ореке, кино емес, кинодан бұрын пьеса жасайық. Мен театр режиссерімін ғой деп едім, ол кісі дегенінен қайтпады. Соңында киноны да, спектакльді де сахналайтын болып келістік. Бірақ, дәл сол уақытта Үндістанға іссапармен кетіп бара жатуы салдарынан уақыты қарбалас екен. «Мен Делиге жол жүріп бара жатырмын, он шақты күннен кейін ораламын. Сапардан келген соң, бір аптаның ішінде театрға пьеса жазып беремін»,- деп уәдесін берді. Кино жайын, сценарийдің барлығын спектакльден кейін ақылдасып, түсіретін болып келістік. Бірақ амал қанша, сол сапарынан Оралхан оралмады… Кейін «Атау-керені» сахналадым. Бірақ, бір өкініш — өзі сонша армандаған «Атау-кересін» Орекеңнің өзі сахнадан көре алмауы болды. Кейде ұзақ дайындалып, сан мәрте қайталап оқып, жүрексініп жүріп алмай, «Атау-керемен» алғаш таныса салысымен-ақ, Орекеңе барып жолығып, шығарманың пьесалық нұсқасын өзіне жаздырып  алмағаныма өкінемін. Өзектегі өкініш — осы.

    Уәде

    Нұрқанат Жақыпбай, режиссер: — Бірақ, жазмышқа кім қарсы тұрған? Орекеңнен мұндай жағдайда көз жазып қаламыз деп кім ойлаған? Сол күнгі кездесу ерекше есімде. Орекең «Атау-керені» іздеп режиссердің келгеніне ерекше қанаттанып, қуанды. Шығарманы сахналау жайын келісіп, қол алысып, қоштасып шығып бара жатқанымда, мені тоқтатып алып, қағаздары ретімен жиыстырылып, қаз-қатар қаланған тартпасының ішінен бір папканы алып шықты да: «Қанатжан, (Нұрқанат ағайды осылай атайды екен) бұл пьеса. Шыңғысхан туралы жазып едім. Оның өзінің бір тарихы бар. Бір кездерде ақшам жоқ болып қалып, қарыз сұрауға арым жібермей, таза материалдық қажеттілік үшін осы пьесаны жазып шыққан едім. Жазып болған соң, барып өткіздім де, ақшамды алдым. Арада біраз уақыт өткен соң ойлана бастадым. Ақша үшін асығыс жазылғаннан кейін стильдік тұрғыдан олқылықтардың кеткенін өзім іштей сезетінмін. Содан шыдай алмай, мәдениет министрлігіне барып, «пьесамды өңдеймін» деп қайтып алдым. Мынау — сын сүзгісінен өтіп, толықтай өңделген нұсқасы. Шыңғысхан жайында анау да, мынау да айтып жүр ғой. Алайда, мұның окиғасы бұған дейін айтылып келген жайттардан мүлдем бөлек, пьеса жазбастан бұрын да Шыңғысхан жөнінде көп ізденген едім. Әбден тексерілген деректер мен бұлтартпас дәйектер негізінде жазып шықтым. Мен келгенше мұқият оқып шығып, өз пікіріңді дайындап қойшы. Келген соң асықпай әңгімелесеміз», — деді. Содан пьеса салынған папканың бауын да шешпестен, менің қолыма ұстатып, шығарып салды. Келе салып, қуанып папканы ашып қарасам, машинкамен терілген жазудың үстінен өзінің маржандай әдемі жазуымен қайтадан түзеп, өңдеген қолжазба күйіндегі нұсқасы екен. Маған пьеса бірден ұнады. Бірақ, кейін папкасын қайтарып алмады, біз пікірлесіп үлгермедік те.

    «Оралхан оралмады… қазір ол пьеса менде сақтаулы. Ылғи қояйын деп ойлаймын да, мүмкін Оралханның ойлағанындай сахналауға әлі де жеткен жоқ шығармын, атүсті кетіп қалармын деп өзімді-өзім тежеп, содан бері арада жиырма жылға жуық уақыт өтсе де, сахналауға әлі де батпай жүрмін. Бұл — соңғы сапарына аттанып бара жатып, аманат етіп қалдырған аманаттың салмағының ауырлығын сезінгендігімнен шығар. Бірақ, ойымнан бір сәтте шығарған емеспін. Алла жазса, таяу күндері «Кербұғысын» сахналасам деп жүрмін. Содан кейін міндетті түрде «Шыңғысханмен» айналысатын боламын…», -деді Нұрқанат Жақыпбай жазушы туралы естелігін аяқтап.

     

     

     

    Нүкте

    Оралхан Бөкей: — Мен өзімді әмәнда жалғыз сезінетінмін, мен қайда барсам да, қайда жүрсем де біреумін, айталық, маңымда быжынаған адамдар, бірақ тек өзім ғана жалғыз жүретін секілдімін… Мен жер шарының өзі секілді жалғызбын…

    Назерке  Жұмабай

    Жұмабай, Н. Оралхан Бөкей. Суреткердің соңғы сапары: аңызы мен ақиқаты [Мәтін]: / Н.Жұмабай // Қазақ  әдебиеті. – 2012.- 14 қыркүйек.

  • Оралхан ағамның ұстазы – Алтай, тақырыбы – адам еді

    Адам атты жұмырбасты жұмбақтың әр қилы әрекетінің астарында әртүрлі сыр жатады. Оның құпиясын кей жағдайда өзі де білмеуі, білудің де қажеті шамалы болуы мүмкін. Ал жазушы деген адам жанының инженері оны әрдайым білуге, білдіруге ұмтылумен келеді. Қаламгердің сол барыстағы түрлі әрекет дағдысы тағы бір сырдың, тағы бір құпияның қойнауына жетелей жөнеледі. Атақты Оралхан Бөкейдің қарындасы Ғалия Бөкейқызымен құрған әңгіме-дүкеніміз жазушы шығармашылығына айрықша әсер еткен жағдайлар, отбасы, өмірдегі кейіпкерлері жайында өрбіді. Мұны әйгілі жазушының шығармашылық лабораториясына тағы бір қырынан үңілу десек те болады. 

    – Қадірлі Ғалия апай, Орал­хан Бөкейдің табиғатты ерекше жыр­лауы­­ның сыры неде?

    – Біздің өңірдің сай-сала, жыра-жықпылына дейін білетін бір адам болса, ол – әкем еді. Алтайдың арғы шежі­ресі жайлы тарихи деректерді, жер-су атау­ларының шығу төркіні туралы небір қызықты хикаяларды айтқанда құлақ құрышын қандыратын. Шабанбай, Тарба­ғатай жайлауларындағы Алтықаз, Қарасаз, Жетіирек, Жетікезең, Мұзбел сынды жерлердің өз ерек­ше­ліктерін жеке-жеке бір-бірінен даралап айтатын. Ол жерлерге байла­нысты халық ішіндегі: 

    Елімнің бір жайлауы Шұбарағаш,

    Тасшоқы, араласқан қалың ағаш.

    Үстіне Өскелеңнің шыға келсең,

    Көрінер көл жағасы жап-жалаңаш, – деген қара өлеңдерді де жатқа соғатын. Құдай-ау, сол жерлердің табиғаты дәл осы шумақтағыдай ғой, қалай дәл бейнелеген?!

    Әкем осы жерлерді бәрімізге аралатты. Жайлауға шығарда Сарқыт апам бітеу сойылған еш­кі­нің терісінен жасалған месті, жанторсығын, қоржынын алатын. Ағам жайлаудан түскенде сонда отыр­ған ел туралы айтып келетін. «Ана біреулер саң­қыл­дап тұр екен» деп оны шешем жақтың адамы деп, көп сөйле­мейтін бір кісілерді «әкем жақтың адамы секілді» дегендей сол адамдардың ерекше мінездері туралы әңгімелейтін.

    Әкемнің мені тауға алғаш ертіп шық­қаны әлі көз алдымнан кетпейді. Сондай қалың бұғыны, сондай қалың елікті осы күнге дейін көрген емеспін. Әкемнің таби­ғатты аялауы сондай, тік қара­ғай жыққан емес, ылғи айдаладағы көлденең ағашты жинап, тазалап жүретін. Осы күні шығысқа барған жұрт­тың көзіне қан елестеп, бұғы мүйізінің қанын ішіп, сорпасына түсіп жатады ғой, әкем де, ағам да бұғы мүйізінің қанына түскен де, ішкен де емес. Дәрігерлер әкеме «енді үш күннен кейін өлесің» деп шығарып салғанда да ішкен жоқ. Суішерлігінің барлығы шығар, бір қазақы емші «Бұқтырманың балығын судан алған бетте қай­натып сорпасын іш» депті. Құдай жарылқап, сол сорпа ем болып, әкем аман қалды. Адамның таби­ғатпен үндестігі бір тылсым ғой. Анам сонау Көбен тауы деген жердегі бастаудан су алдырып, соны самаурынға қайнатып ішіп отыратын. 

    Ағам жылдың төрт маусымында да Алтайға келетін. Шығар­мала­рының дені Шыңғыстайдағы шағын ғана үйде жазылды. Соңғы жазған «Атаукере» романын «қа­лада жаза алмай қиналдым» деп ауылға келіп, терезесі тауға қа­рап тұратын бөлмесінде қымы­зын ішіп отырып жазды. «Тау­ға қараған сайын ойдан ой турады» дейтін. Өзінің: «Ұстазым – Ал­тай, тақырыбым – адам» дей­тіні де сондықтан шығар. Әкем­нен қалған сол әдет оны ылғи табиғатқа тартып тұрды. Тіп­ті екі жастағы ұлы Айханды Шың­ғыс­тайға алғаш әкелгенде Тар­ба­ға­тай жайлауына шығарды. Ай­ханға жайлаудың таза ауасын жұт­қызып, Ардақ жеңгеме саумал, қымызын ішкізді. Сол соңғы сапары екен…

    – Бөкей ақсақал жүйрік те баптаған екен?..

    – Иә, Ғабит Мүсірепов «Бошай­дың үш қарасы» деп жазатын атбегі Бошай Кітапбаев алғашқы бәйге атын әкеме баптатқан еді. 1969 жылы ғой деймін, күні-түні қасында болып әкем баптаған аттары шетінен бәйгенің алдын бермеді. Сол Бошай ағаның ал­ғаш бәйге атына мінген шабандоз бала қойшы Хамитов Ақай­дың ұлы Бауыржан еді.  Бәйгеден озып аяқтан қалған аттарды кей­біреулер етке өткізетін. Әкем сондай жылқыларды етке өткізуге қимай совхоз басшыларынан сұ­рап алып қалатын. «Шораяқ» деген құла ат болды, «делебесін қоз­дырып шаппай ақырын ғана аяңдатып мініңдер» дейтін. Сол атпен жылқышының баласымен жарысамын  деп менің де оң­бай жығылғаным бар. Ағамның  «Қайда­сың қасқа құлыным», «Тор­тай мінген ақбоз ат», «Құ­лы­ным менің» шығар­маларын жазуы, тіпті 1965 жылы венгр жазу­шысының жылқы туралы элегиясын аударуы оның жылқыға ерекше жақындығынан еді. Біздің үй биебауынан құлын кетпеген, сабасынан қымыз үзілмеген шаңы­рақ десем де болады.

    Ал жалпы, Шығыста түйе көп емес қой. Біздің үйде түйе болды. Жазғытұрым інген боталағанда кішкентай балалар екі-үш күн сол ботаның қасында болушы едік. Шешем оған үкі тағып, үйдің ішінен шымылдық құрып соның ар жағында ұстайтын. Бота ерекше сүйкімді ғой, біраз уақытқа дейін мойны жерге жетпей, қайта-қайта созып ұмсынғаны да ерекше. Бір күні Бұқтырма өзені тасып жатқанда әлгі бота суға ағып кетті. Ене­сі оның суға аққанын көрмей қалса керек, есік алдына келіп боздайды да тұрады. Ботасын іште деп ойлайды ғой, кейде тіпті есіктен басын кіргізіп боздап тұратын, көзінен жас парлап, сай-сүйегіңді сырқыратады. Ақыры, оны Жұлдыз ауылына апарып беруге тура келді. Ағамның «Жетім бота», «Бура», «Айпара» атты шы­ғар­­маларды жазуға оның да әсе­рі болмай қойған жоқ. 

    Әкем өле-өлгенше мал ұстады. Ағам кейде: «осы малдың азабы ауыр ғой, демал­саңызшы» дегенде, әкем: «мал өліге де, тіріге де керек. Ертең өле қалсам кімнен мал іздеп жүресіңдер» дейтін. 

    1984 жылы еді. Әкем бір күні үлкен қызы Шолпанға поштада іс­тейтін Зарқұмар деген кісіні ша­қыр­тып алады. Ол – ағамның «Бес тиын» дейтін әңгімесіндегі бас кейіпкер ғой, ерекше адал адам еді. Сөйтіп әкем бар жиған ақшасын жинақ кассасынан  алып шығып, Зарқұмарға екіге бөлгізеді. Содан кейін жартысын Шолпанға ұстатып, «мынау кемпірдікі, сен­дерге аманат. Ол қай күні дүние­ден өтсе, сол кезде алып шығып іске жаратар­сыңдар. Мына бөлігін өзім­­нің қазама жұмсаңдар» депті. Сөйтіп, Шолпан ол ақша­ны қалай сақтайтынын білмей, ақыры бан­кілерге салып көміп тастапты. Кейін анам қайтыс болғанда алып шыққан.

    Сол кездегі үлкен кісілердің осын­дай қасиетіне қайран қалмай тұра алмайсың. Әкемнің өнегелі істері өте көп еді. Ол ағамның шы­­ғар­маларындағы кесек кісілік жайына арқау болғаны анық. Бір жолы біздің қораға ұры түсті, әкем із шалып оларды артынша-ақ ұстап алыпты. Ауылдың адамдары болған соң қатты ұялса керек, «ешкімге айтпаңызшы» деп әкеме жа­лыныпты. Әкем кешіріпті. Үйге келгенде шешем сұрамай ма, сонда әкем: «Ұрыларға уәде бердім. Әйел адамның аузы жеңіл болады, бір жерде болмаса бір жерде айтып қалсаң, ұрылардан ұят болады» деп айтпай қойды. Ағамның «Көк тайынша» әңгімесіндегі тайыншаны ұрлап сойып алған кісі де құдамыз еді. Әкем қамшысынан танып қойған ғой. Оны да «құдан­далы адам, ұят болады» деп жұрт­қа жаймай, жылы жауып қойды.

    – Жалпы, Оралхан Бөкей шы­ғар­ма­ларының кейіпкерлері ауыл адамдары, мазмұны олар­дың бойындағы ерекше қасиет­тер ғой…

    – Иә, «Біздің жақта қыс ұзақ» пове­сінде әкесі мен шешесін прототип қылып алады, ондағы қой­шы­лардың прототипі – Орынбай мен Күміс деген ерлі-зайыптылар.  «Сайтан көпірдегі» Аспан шалдың прототипі көшкіннің астында қа­лып екі аяғынан айырылған Қа­дыл­бек Күндебаев деген кісі болды. «Бес тиындағы» Зәкең – жоғарыда айтылған Зарқұмар Оралтаев. «Тортай мінген ақбоз аттағы» Нұртай Жанболатов өзінің бала күнгі досы. Бала күндегі дос­тары барлық шығармаларында дерлік бар десем де болады. Трак­торист болып жүрген кездегі дос­тары туралы «Қар қызы» драмасын  жазды. «Іздегеніңді таптың ба?» әңгімесіндегі кейіпкер Мұх­тар Тұқыметов деген кісі бола­тын. «Құла­шаның шоты еді» әңгі­месіндегі Құла­ша ауылда дә­руіш болып жүретін шал. «Атау­кередегі» Нұрке кемпір де біздің ауылдың адамы. Оның өлер ал­дын­дағы әрекеті де өмірде бол­ған оқиға. Көңіл айтуға барған ауыл адамдарына туыстары ол кісіні мұсылманша, иә басқаша қоя­рын білмей дағдарғаны бар… Сол кездің адамының пейілінен бе, ағам жазған кейіпкерлерінің әйтеуір бір қырынан кісіліктің керемет үлгісі көрініп тұратын. Әзілқой қуы да бар әрине. «Биғаң» дейтін әңгімесіндегі сәлемдемеге тұз алып жүретін Биғаң – Бимырза деген кісі болатын. Өзінің он баласы бар еді, бір жолы ағамды үйіне қонаққа шақырыпты. Барса, үйінде ешбір зат жоқ, шай тақтай, оның үстінде дастарқан ғана бар дейді. «Бұл қалай?» деп сұраса, «Түгім жоқ» дейді. Сөйтсе, Әсем деген бір қызы бар еді, ерекше сұлу, жақсы оқитын, соның оқуға түсуіне көмектес, беретін ештеңем жоқ дегені екен. Өзінше қулығы ғой жасап отырған. Ағам Әсемнің де, Зарқұмар мен Орынбайдың  қыздарының да оқуға түсуіне көмектесті. Сөйтіп ағам кейіпкер­леріне жәрдемдесетін. 

    – Ауыл адамдарының ерекше іс-әрекетін, тапқыр сөздерін есті­сең жазып ал деп сізге де тапсырады екен?..

    – Ағам ауылдағы жаңалық­тар­ды алдын ала біліп келеді. Үй­де телефон болса да маған «хат жаз» дейтін. Мен ауылдың бү­кіл жаңалығын жазып жібе­ре­мін. Ауылға келгенде балалар­ды жинап алып өтірік әңгіме айт­қызатын. Сыйлыққа ақша береді. Балалар бірінен бірі асырып небір әңгімелерді айтады. Ағам, «мыналарың ақсақты тың­дай, өтірікті шындай қылып соға­ды ғой» деп мәз болатын. Ағам ауылға келгенде үйге де қызық кі­ретін. Алыстан келген адам се­кілді емес, үйде жүрген кісі сияқ­ты әрекет жасайды. Даладағы қозы­ны көтере «мына қозыны неге алма­ғансыңдар?» деп немесе екі-үш жұмыртқаны ала келіп, «мына жұмыртқалар балапан болуға айналыпты ғой» деп түрлі қызық жасайтын. 

    Біздің үйде ағамның қасында ең көп жүрген адам – мен. Ес біліп бірінші сыныпқа барғанша, ағам менімен бірге болды. Мені ойнатты, кішкентай кезімдегі барлық суреттерімді ағам түсірген екен. Содан институтта оқыдым, одан кейін сол үйде тұрып қызмет бас­тадым. Қызмет істеп жүргенімде Әй­мен апайым қайтыс болды. Ол кісінің қырқын беріп жатқанда әкеміз дүние салды. Сол кезде ағам екеуміздің алдымызда таңдау болды. «Ауылға не сен баруың керек, не мен баруым керек» деді. Содан кейін мен барайын деп шештім. Төрт жылдай ауылда шешемнің қасында болдым. Мектепте мұғалім болдым. Ауылға да, ауылдың ты­ныс-тіршілігіне де бейімделіп кеттім. Ағамның тапсырған тапсыр­мала­рының бәрін орындаймын, «жа­зылу» арқылы кітаптар сатып алып жіберіп тұрдым. Содан кейін екі аюдың терісін илеп бер деді. Ағамның тапсырмасының арқасында аюдың терісін илеудің де қыр-сырын жақсы меңгеріп алдым. Сол кездерде ағаммен арадағы қатынасымыз одан әрі тіпті де жақындай түсті. Өзінің қиналған сәттерінде хат жазып жібе­ретін. Мені ауылда қалып қоймасын деп қатты алаңдады. Шешем қайтыс болғаннан кейін қалаға шақырды. Мен мектептегі балаларды қимаймын, ауылды қимаймын. Бір күні ауданның басшысы мені ағаң шақырып жатыр деп, ұшаққа отырғызып жіберді. Сонымен Алматыға келіп, Ұлттық кітапханаға қайтадан жұмысқа орналастым.

    – Анаңыз қайтыс болғанда қасын­да болыпсыз.

    – Иә, ол да бір ерекше жағ­дай. Алла өзі білдіреді екен ғой. Мені қасына шақырып алып, қалай жатқызатынымды, жүзін қалай қарататынымды, қалай жерлейтінімізді, кімге не бертінімізді бәрін айтты. Содан баяғыда төркінінен келген тайтұяқ күмісін алып шығып, өзін жуындыратын суға соны және арша салуды тапсырды. Және «мен таң алдында жүріп кетем, елді ерте дүрліктірмей, күн шығып 7-8 болған кезде айт» демесі бар ма. Бәрі айтқанындай болды. Таңғы сағат бесте жан үзді.

    Шешеміз керемет адам еді. Әнді тамаша салатын. Бірде Рақия Қойшыбаева ауылға барғанда әнін тыңдап «әттең Күлия-ай, оқы­май қалғаның-ай, нағыз әнші екенсің ғой» деп еді. «Әрия-ай деп салғаным жалған әнім, Жалғы­зымды сағынып салған әнім» деп үнемі ыңылдап ән салып жүреді. Өзінің бір ұстанымдары бар. Одан оңай қайта қоймайтын. 

    Бір әңгімесін айтайын. Ағам әкеміз Орал қаласында еңбек армиясында жүрген кезінде дүниеге келіпті. Әкесі Оралдан аман-есен оралсын деп ағамның атын «Оралхан» қойыпты. Кіндігін көр­ші Анна деген орыс әйел кескен екен. Оның күйеуі Гриша деген орыс ағаш шебері болды. Анам қауырт жұмыс кезінде ағамды сол үйге апарып тастайды екен. Бір күні уақытынан ерте барса Анна сүтке мак қосып бергелі жатыр екен. Ағам күнде соны ішіп алады екен де маңдайы тершіп балбырап ұйықтайды екен. Анам ойбай салып алып келіпті. Кейін ағам, кіндік шешемнің сонысы да дұрыс болған шығар деп күлетін. 

    Ағамның Айман жеңгеме үйле­нуі бір тарих. Айман Москва­дан оқып келген қыз. Және бір ауыз қазақша білмейтін. Дегенмен ол өте текті, тәрбиелі адам еді. Ауыл­ға келгенде үй ішінде жалаң­аяқ, иә, жалаңбас жүр­ген емес. Анам кейде еркелейтін болуы керек, істеген тамағын ішпей қоя­ды. Сол кезде дереу ол тамақты көр­шілерге берсе де, іске жаратып қайтадан тамақ жа­сай­тын еді. Ағам екеуі керемет жарасым тапты. Шыны керек, ағам көп шығармасын сол Айман жеңгемізбен бірге тұрғанда жазды. Өйткені ол бәрін емеуріннен түсі­нетін, бабын жасайтын. Қиын тигені баланың жоқтығы еді. Ол тақы­рыпқа біз де, олар да бармайтын. Одан бала болмайтынын ағам да білді, өйткені Айман жеңгемнің әпкесі де солай болған екен. 
    Кейін ағам Ардақ жеңгеме үйленгенде Шыңғыстайға алып бармақ болды. Бірақ анам «өзім босаға аттатқан Айманды келін деп білем» деді. Ағам айтатын «мұндай қаталдық та әркімнің қолы­нан келе бермейді» деп. Ағам әр кітабы шыққанда «сендерге сыйлаған балам осы» деп жазып қол қойып жіберетін. Айман жеңгем екеуінің махаббаты баладан да биік тұрды. 

    – Оралханның мінезі шеше­сіне тартқан ба?

    – Оралханның арғы атасы Қаратай батыр болса, одан кейінгі соңғы атасы Дос би деген шешен кісі. Ал наға­шысы Шығыс Қазақ­станнан шыққан сыбызғышы Мұ­қамеди ата еді. Меніңше, оның бойын­да әкесінің де, шешесінің де қасиеттері бар. Ол өте мейірімді еді. Ата-ана, қарындастарын өте жақсы көрді. Мені тіпті ерекше жан тартты. Алайда сол жақын­дарының бәрінен ерте айырылып қатты қи­налды. 1984 жылы аудандық ауруханада жатқан Мән­шүк мәңгілікке аттанып, қабыр­ғамызды қайыстырып кетті. Ол мықты әдебиетші болатын еді. Сол кездің өзінде Алматыдағы Қыз­дар педагогикалық институтын Карл Маркс атындағы стипендиямен үздік бітіріп, аспирантурада оқып жүрген.  Рәбиға Сыздық апамыз ғылыми жетек­шісі болды. «Абай тілі мен Мұхтар тілінің стилдік ерекшеліктері» деген тақы­рыпта жазылған зерттеу жұмысы аяқталмай қалды. Сол Мәншүк дүниеден өткенде мәйітті Катонқарағайдан Шың­ғыстайдағы үйге әкелгенше ағам тоқтау­сыз жылады. Кәдімгідей жоқтап, дауыстап жылады. Одан кейін Ләззат, Шолпан да бақилық сапарға аттанды…

    Ағамның басталып әрі қарай жазылмай қалған шығармасының бірі қытайдағы қазақтар туралы «Алданған ұрпақ» болса, ендігі бір қарттар үйі жайлы еді. Соңғы кезде сонда көп барып қарттармен әңгімелесіп жүрді. «Сөйтіп, отырып балаларына шаң жуытпайды, қандай ғажап адамдар» деп тамсанып отыратын. Осыдан оның көңілшектігін көруге болады. Жомарттығы жанда жоқ еді. Ол туралы талай оқиға бар. Таксиге еш уақытта ақша қайтартпайтын. Және ауылдың талай көмек сұрап келген адамдарына қол ұшын берді. Ол достарымен өте тату болды. Албаты ұрыс, төбелеске бар­ған жоқ. Кейде көңілін қат­ты қалдыратын адамдар болады әрине. Бір жолы түнде келген ақын-жазушылардың ішінде біреуі «балаң жоқ, неңе жетпей барады құйсаңшы» дегендей сөз айтты. Ол сөз ағама қатты тиді. Қарап тұрды да бетіне шайды шашып кеп жіберді. Олар кеткен соң маған, «сен бақылап жүр, мынау баласынан опа таппайды» деді. Расында солай болды, кейін сол қаламгер қайтыс болғанда жалғыз ұлы топырақ салуға да келмеді…

    – Жазушылықтан өзге кіндік атасы Гришадан үйренген ағаш­­­шылығы, гармон тартып, ән са­латын өнері жайлы айты­ңызшы.

    – Ағам гармонды да жақсы тартты, әнді де тамаша айтты, бидің төресі вальсті де жақ­сы би­лейтін. Ол кісі әуелі, Алма­ты­дағы консерваторияның актер­лік бөліміне оқуға түскен. Ол уақыт­тағы түсінік тым бөлек қой. Жалғыз ұл болғандықтан, шешем көршінің қызы Бағилаға хат жазғызып: «Әртіс деген жынның оқуы, одан да үйге кеп трактор айда, үйге қайт», – депті. Со­дан ағам, ҚазГУ-дің журналис­тика факультетіне ауысты. Ағам не істесе де соңына дейін тың­ғылықты жасайтын. Ағаш ұстасы Гриша ағайдың жанында жүріп, сол кісінің көмегімен үйге кітап сөресін, орындық, дөңгелек жер үстел жасап әкелді. Біз үшін барлық отбасы мүшелерін бір дастарқан басына біріктірген және ағамның қолтаңбасы қалған үстел ерекше қимас затымыз, қара ­шаңырақта сақталған құнды дүниеміз.

    Ол өнер туралы көп жазды. Ағамның өмірі өнердің әр саласымен тығыз байланысты болды. Ағамның кейін «Құлыным менің», «Қар қызы», «Текетірес», «Мен сізден қорқамын» атты драмалық шығар­­малары Алматыдағы екі театрда кезе­гімен қойылды. Ак­тер, режиссерлермен де дос болып кетті. Олар туралы да жазды. 1993 жылдың сәуір айы еді. Ағамның үйіне бардым. Ардақ жеңгем үйде жоқ екен. Ағам біртүр­лі көңілсіздеу секілді.  Мені жазу үстелінің қасына шақырып: «Мына очерктер мен эсселерімді жинақтап, іріктеп баспаға әзірлеп қойдым. «Өнерге өлердей-ақ ғ­а­шық едім» деп, екі бөлімге бө­ліп, біріншісін – «Неткен ғажап дүние», екіншісін – «Өнерім – өмі­рім» деген айдар қойып, әр бө­лімге кіретін материалдарды бөліп қойдым. Енді тек «Менің пірім – Қаракөз», «Тау басында үшеу тұр» эсселерін қосу керек. Соны тауып қой», – деді. Бұл – маған берілген соңғы тапсырма екен…

    – Қарындастың көзімен қа­рағанда, жазушы есімі өз дең­­гейінде лайықты аталып, шы­ғар­­маларын насихат­та­у жү­йелі жүріп жатыр ма?

    – Ағамның іздеушісі — қалың оқыр­маны. Ол артпаса толастаған емес. Со­ған көзім анық жетті. Сонымен бірге ағама Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ықыласы ерекше болды. Ағамның 50 жыл­дығы тұсында Елбасы басқа бір шаруамен Шығысқа барыпты. Содан бастаушылар біздің ауылдан өтіп, Жамбыл деген ауылға тоқтап дастарқан басында отырғанда Елбасы «осы жақта Оралхан деген жазушының ауылы бар емес пе?» депті. «Бар, осыдан екі ауыл кейін қалды» депті жанындағылар. Сонда Елбасы «Ол өте талантты жазушы, Сара екеуміз де кітаптарын сүйіп оқыдық. 50 жылдығын дұрыстап өткізіңдер» депті. Осы әңгімені Уәлихан Қалижан ағамыз айтып беріп еді. Ағамның Елбасымен бірге сапарда болып жазған «Президенттің бір аптасы» деген мақаласы бар. Және Президенттің таққа отырғанына жүз күн тол­ғанда ол кісінің портретін қара­сөзбен салған сипаттамасы бар. Көркем шығармалардан бөлек елдік мәселелер жөнінде біраз дүние жазды.

    «Президентке партия керек пе, жоқ па?», «Ошақ­тың бұты үшеу болғанмен жағар оты – біреу», «Халыққа қал­қан болатындар бар, халықты қал­қан қылатындар бар» деген мақа­лалары дер кезінде ортаға салынған ойлар еді. Оралхан шығар­маларын қазіргі жастар да көп іздейді. Өткенде Мархабат Байғұт аға­мыз­дың «Оралханның тамаша әңгімелері қазір кітап ретінде жастарға қолжетімсіз, олар ұмы­тып барады. Соны кітап етіп шы­ғарса. Шындығында қазір де ондай жазып жүргендер санаулы» дегенін оқып қалдым бір жерден. Халық жақсы көреді, мықты шығарма өлмейді. Ағамның есімі – дүние жүзіне таныс. Шығар­малары орыс, ағылшын, француз, неміс, жапон, араб, қытай, чех, болгар, мажар және көптеген туысқан түркі тілдес тілдерге ауда­рылған әлемдік деңгейдегі жа­зушы.  Ағамның тіреп тұрған іздеу­шісі жоқ. Мен анда-санда сұх­бат бергеннен басқа не істей ала­мын? Бұдан бірнеше жылдың ал­дында Пен-клубтың басшысы Би­гелді Ғабдуллинге «ағаң да сонда істеп еді ғой, шығармаларын ауда­рудың бір ретін қарасаңшы» деген едім, сөзімді жерге тастамады. 

    Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мем­лекеттік бағдарламасы аясын­да, жуықта ғана бірқатар қазақ классиктерінің кітаптары, соның ішінде Оралхан Бөкейдің кітабы да ағылшын тіліне тәржімаланып, Лондон­дағы кітап жәрмеңкесіне қойылды. Осылай Алтайдың тумасымен, Алаш­тың талантты ұлы­мен, қазақтың қаламгерімен әлем оқырмандары тағы да тіл­десті. Оралхан Бөкейдің 70 жыл­­дық мерейтойын жоғары дең­гейде ұйымдастырған Берді­бек Сапар­баевқа, 7 томдық шы­ғар­­ма­лар жинағын шы­ғаруға мұ­рын­­дық болған Мұхтар Құл-Мұ­хам­­мед секілді басқа да жанашыр азаматтарға алғысым шек­­сіз, жақ­сылықтары Алладан қайтсын. Ен­дігі арманым — Орал­хан шығар­маларының толық жинағын бір шығарсам деймін.

    – Әңгімеңізге рахмет.

    Әңгімелескен Ұларбек Нұрғалымұлы,

    «Егемен Қазақстан»

  • Ешкімге ұқсамайтын Ораш еді

    Алты Алашты аузына қаратқан атақты жазушы, философ, публицист, драматург, жер шарының алтыдан бір бөлігінің небір танымал жазушыларының таңдайын қаққызған, Европа мен Азияның бірқатар елдерінде кітаптарын бастырған, жастар сыйлығының, республикалық Абай атындағы мемлекеттік сыйлығының лауреаты Оралхан Бөкеев туралы әңгіме айту асқан жауапкершілікті талап ететін мәселе. Орекеңді отыз жылға таяу білгеніммен ол туралы күні бүгінге дейін жақ ашпаппын. Өткен аптада кітапханадан телефон соққан бір қарындас:

    — Биыл Бөкеевтың туғанына 60 жас толады ғой. Соған орай естеліктер кітабын шығармақ жоспарымыз бар. Сіздің де қатысқаныңызды қалап отырмыз,- деді.

    — Қолымыздан келсе, көрейік,- деп екі ұшты жауап бердім.

    Апырмау, сонда не деп естелік айтамын? Кеше ғана жап-жас, әп-әдемі қалпында жанымызда жарқылдап жүрген Оралхан туралы да естелік айтатын кездің келіп қалғаны ма?… Орағаңмен 1966 жылдың қақаған аязды ақпанында таныстық. Өскеменде ауыл-село тілшілерінің семинары өткен. Ол кезде Большенарым аудандық газетінде қызмет істейтін жиырма үш жасар Оралхан түстен кейін облыстық газет редакциясының кабинеттерін аралап жүрді. Атына бұрыннан қанық едім. Ол ауданнан очерк, мақалаларын жіберіп тұратын. Қызыға оқитынмын да «мұндай жігіт облысқа неге ауыспайды» деп ойлайтынмын. Сол күні-ақ редакторымыз Мұқан Әбуғалиев бүкіл ұжымды жиып алып:

    — Оралханды көптен құдаласып жүріп, қызметке алдық. Бүгіннен бастап бізде істейді, ауыл шаруашылық бөліміне әдеби қызметкер болып барады,- деп хабарлады.

    Сөйтіп, Оралхан іске кірісіп кетті. Ең бір ұмытпайтыным — оның шапшаңдығы еді. Алғашқы күннен-ақ берілген тапсырманы тап-тұйнақтай етіп орындап, “енді не бар?» деп отырғаны. Ол кезде газет аптасына бес рет шығады, материалды қанша берсең де «мынауың көп» деп айтатын кісі жоқ. Әдеби қызметкерлердің барлығы сайдың тасындай жігіттер. Бүгінде ардагерлер Мүслім, Оспан, Серік, марқұм Тұрғазы, Кеңес және басқалар редактордың көкейіндегіні өздері біліп-ақ отырады. Ең жасы мен — редакцияға келгеніме екі-ақ жыл болған. Мен онда өнеркәсіп бөлімінде әдеби қызметкермін.

    Бір ай ма, екі ай ма өткен Оралхан келгелі. Кезекті бір лездемеде нөмірге сыншы Оралхан еді. Газеттегі материалдарды басмақаладан бастап шолып шықты. Шолды деп жұмсартып айтып отырғаным. Оралхан бүкіл нөмірді сойып шықты. Сынды, оның ішінде сыйпай қамшылаған емес, тас-талқанын шығарған сынды кім жақсы көрсін. Басмақала өзінің тікелей бастығынікі, очерк тағы бір бөлім меңгерушісінікі. Тіпті, суреттің түсініктемесін де қалдырмады. Ең ақырында:

    — Газетті мынадай етіп шығаруға болмайды,- деп шорт кесті. Оралханның біз сияқты қара жаяу еместігін осы лездеме-ақ көрсетті. Шынында да, очеркті қалай жазу, хатты қалай қорыту керектігін көрсетті. Оның мінезі де, жүріс-тұрысы да, киім киісі де, тіпті, шаш қойысы да өзгеше еді. Жиырмадан жаңа асқан шағында-ақ ол маңайындағыларға менсінбей қарайтындай көрінетін. Бір нәрсені ұнатпаса, біреудің көңілін қалдырармын-ау деп ойламайтын, ойласа ойлар да, бірақ айтайын дегенін кері жұтпайтын, бастан сөз асыруды да білмейтін, лапылдап көп сөйлей де бермейтін, ал айтыса кетсе, түйдек-түйдек ойларын бұлтартпайтын дерек — дәйектермен дәлелдеп, қарсыласының үнін өшіретін, жарты сағат сөйлесе, бір сөзін екінші қайталамайтын шешен еді. Ол Өскеменде небәрі сегіз ай жұмыс істеді. Осы аз ғана уақытта Оралхан небәрі әдеби қызметкер бола жүріп редакция өміріне біраз серпіліс енгізіп кетті. Біреуге ұнады, біреуге ұнамады. Оралхан қорытқан хаттарды кейде бөлім меңгерушісі шимайлап-шимайлап, «мынауың нашар, қайта қара» деп қайтарып беріп жататын. Сондайда күйіп кететін де «қай жері нашар?» деп қадалатын.

    Ол кездегі адамдардың пейілінің кеңдігіне бүгін қайран қаласың. Өскеменде пәлендей жақын-жақпайы жоқ Оралхан Мүсілім Құмарбековтың үйінде тұрды. Жалпы Орекеңнің облыстық газетке келуіне себепкер болған Мүскен еді. Катонға барғанда тауып алып, жазған дүниелерін газетке жариялай жүріп, «мынандай мықтының ауылда жүргені жарамас» деп редакторды иландырған да М. Құмарбеков.

    Редакциядағы ең жастар болғандықтан ба, Орекең екеуіміз тез шүйіркелесіп кеттік. Ол кезде шахмат пен дойбының «модадағы» кезі, қол босай қалса «соғысып»жатқанымыз. Кино, паркке де барып қоямыз. Жазда анда-санда суға шомыламыз. Күзде ол ауылына қайтатын болды. Большенарымда ұнататын қызы бар екен. Үйленіп, сол жерде аудандық газет редакторының орынбасары болмақ. Аупарткомның бірінші хатшысы Ойкен Рахимов ағамыз пәтер бермек екен. Сөйтіп, Оралхан 1966 жылдың қыркүйегінде ауылына қайтты да кетті.

    Біздің байланысымыз үзілген жоқ. Оралхан мен Айман жеңешеміз Алматыға көшті. «Лениншіл жаста» бірнеше очеркі басылғаннан кейін Шерхан ағамыз Оралханды қызметке шақыртып алды. Алғашқы жылдары жас отауды пәтер мәселесі қатты қинады. Алматыға барған сайын «Лениншіл жасқа» соғып, сәлем беремін. Кешке үйіне ертіп апарады. Үй дегеніміз біреудің ауласындағы лашық. Дүрілдеп тұрған Орекеңе астананың бір дұрыс пәтері де бұйырмағанына ішің ашиды. Күндердің күнінде әйтеуір Ленин даңғылы бойынан екі бөлмелі пәтер алып, ол проблема да шешілді.

    Оралхан Қазақстан журналистикасында құбылыс болды. Ол жазған көлемді очерктер мен көркем туындыларын былай қойғанда шағын мақалаларының өзі-ақ жұрттың пікірталасын туғызып жататын. «Тіпті, он жолдық хабар жазсаң да елді елең еткізетіндей жазу керек қой» деп желпініп отырушы еді. Талантымен танымал болды, астана да мойындады. «Лениншіл жасқа» барып жүргенде Орағаң арқасында Кәрібай, Қуанышбай, Ақселеу, Кәдірбек, Сағат, Жарылғап, Орысбай, Қалдарбек сияқты кейін атақты жазушы, ғалым болған жігіттермен таныстық. Бір қызығы — осылардың барлығы да Орекеңнің тар пәтерінің Айман жеңгей жасайтын кең дастарханына жиі жиналатын. Айман көркіне мінезі сай, өте ақжарқын, ашық жан еді. Өзі Қазақстан тұтынушылар одағында қызмет істеді. Қай уақытта болсын Оралхан достарын жарқырап қарсы алып жатқаны. Оның үстіне сонда жатқан студенттер, ауылдан қатынайтын туыстар, әйтеуір Оралханның үйі қонақсыз болғанын көрген жоқпын. Бір-ақ рет жеңгеміздің сасқанының куәсі болдым.

    1977 жылдың 7 мамыр күні М. Әуезов атындағы драма театрында Оралханның «Қайдасың, қасқа құлыным» премьерасы болды. Театр лық толы көрермен. Ол спектакльді жұрт керемет жылы қабылдады. Басты рольдерде Әнуар Молдабеков, Құман Тастанбеков, Құдайберген Сұлтанбаевтай талантты актерлер орындады. Оралханды сахнаға шығарып, көп мақтау сөздер айтылды. Өз кезегінде жазушы театр артистеріне рахметін жаудырды. Спектакльден соң Орекең Әнуарды, Құманды жұрттан бөліп алып, үйіне бардық. Әнуар өте сауықшыл отырған ортасын қызықты әңгімелерімен баурап алатын аға екен. Стол басында өнер, театр, әдебиет туралы Құман, Әнуар, Оралхан үшеуі көп әңгіме айтты. Бір талай тамақ желінді, ішімдік ішілді. Дәл сол күні Болгарияның курорттарының бірінде «Алтын Орфей» конкурсы болып, оны «Останкино» тікелей көрсетті. Конкурсқа Роза Рымбаева қатысып, гран-при алды. Қуанышымызда шек жоқ, Розаның жеңісі аяусыз-ақ жуылды. Таң атты. Көз ілген кісі жоқ. Айман жеңгей қайта-қайта шай ысытады. Түс болды, столға тағы бір табақ ет әкелінді. Келесі кешкі асты да аяқтадық. Екі мейманның қайтатын ойы жоқ. Ермегіміз — преферанс. Арасында Әнуар мен Құман кезектесіп ұйықтап алады. Оралхан екеуімізге рұқсат бермейді. Сонымен 9 мамыр, Жеңіс күнінің де таңы атты. Бір кезде жеңешем келіп:

    — Ораш, базарға барып келмесең болмайды, тоңазытқыш босады, — дейді. Мұны естіген Әнуар:

    — Келін тамақ әкел — деп Айманды онан сайын қинады.

    Сөйтсек, үйде екі-үш жұмыртқа қалған екен, соны бөліп жеп екі тәулік дегенде тарасқанымыз бар. Бұдан былайғы жерде үйіне барғанда жеңгемізге «азық-түліктің үш күндік қоры бар ма» деп әзілдеуші едік.

    Оралханның әке-шешесі, бүкіл туыстары ауылда болғандықтан Катонқарағайға жылына екі-үш рет қатынап тұратын. Өскеменде қарсы алып, шығарып салып жүремін. Ол кезде Катонға, онан әрі Шыңғыстайға жету оңай емес. Кейде Оралхан кейіп қайтатын. «Катоннан ауылға бару үшін автобус күтіп жүргенің, мені бүкіл Қазақстан басына көтергенде өз ауылым онша менсінбейді» деп өкпелеп отыратын. Бірақ өзі де қызық, «аға, көке» деп ешкімге өтініш айтпайды, оны ұнатпайтын. Өзі үдірейіп тұрған жанға мен сөйте қояйын дейтін қазақ қайда?

    1982 жылдың көкегі ме, мамыры ма, «мен ертең келемін» деп телефон соқты.Ол кезде мен облыстық партия комитетінің ұйымдастыру бөлімінде нұсқаушы болып істеймін. Обкомның екінші хатшысы Рысбек Мырзашев ағамыз. Өте келбетті, парасатты адам еді. Анда-санда мені өзімен аудандарға командировкаға бірге апарып қоятын. Сондай сапарлардың бірінде Оралхан туралы әңгіме айтылып, Рысбек ағамыз Оралхан творчествосын қызыға қадағалайтынын, бір келгенде таныстыруымды тапсырған. Сол сөз есіме түсіп, Рысбек ағаға кіріп, ертең уақытыңыз болса Оралханмен таныссаңыз деген ұсынымды мақұлдады. Оралханға қайта телефон соғып, Р.Мырзашевпен танысасың, екі-үш кітабыңды сыйға тартуға әзірлей кел десем, Орекең «үлкен кісіні әурелеп қайтеміз» деп қиқақтайды, бірақ соған келістік.

    Танысқандарына Рекең де, Оралхан да разы болып, аға-іні болып тарқасты. Біздің көзімізше Рекең ағамыз Катонқарағай аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы О.Д.Девятовқа телефон шалып, ел таныған жазушыға қамқор болып, қарсы алып, дұрыстап шығарып салу, ауданды аралату, кәрі әке-шешесіне қолқабыс жасау жағын тапсырды.

    Сол жолы Оралхан «райкомның қамқорлығында болдым» деп көңілді келді. Вертолетпен ұшып, бұрын көрмеген жерлерін аралапты.

    Кейіннен Орекеңнің елге келіп-кетуі — жеңілдеді. Екі жылдай облыстық газеттің редакторы болып тұрғанда Өскеменнен Шыңғыстайға Оралханды алып неше бардым. Большенарымға ауаткомның төрағасы болып Марат Әкрамов барған соң жағдай тіптен жақсарды. Большенарымға ұшатын үш самолеттің біріне отырған Орекеңді ары қарай апару Мараттың мойынында болды. Ол екеуінің танысуына мен себепкер болдым. 1986 жылы Марат екеуімізді «білімдерің аздау» деді ме, Алматының жоғары партия мектебіне сырттай оқуға жіберді. Менің облыстық партия комитетінің идеология бөліміне меңгеруші болып барғаныма бір жылдай болған. Марат өмір бойы Таврияда жүрген адам, Оралханды танымайды. Алматыға жетісімен «Қазақ әдебиетінің» редакциясына келіп, Орағаңа сәлем бердік. Кешке Айман жеңешеге амандасып, сол бір көргеннен-ақ Оралхан Маратты ұнатып қалды да содан өмірінің соңғы күніне дейін сыйлап өтті деп ойлаймын.

    Партия мектебінің сессиясы жылына 20 күннен екі рет болады. Оқуға әр барғанымызда сумкаларымызды жатақханаға тастай салып, Орекеңнің Жамбыл көшесіндегі үйіне тарту, таң атқанша әңгіме-дүкен құрып, арасында төрт-бес түнді Орекеңман өткізу, ертең Өскеменге ұшамыз дегенде, ағамызға келіп, таң сәріде аэропортқа сол үйден аттану әдетіміз еді. Ал бір-екі күн хабарсыз кетсек, Айман жеңгеміз бізге телефон соғып:

    — Орекең кешке таман балкон жаққа жиі барып, әлгі екі қу келіп қалар деп елегізіп жүр,- деп, шақырып алушы еді марқұм.

    Айекеңнің жампоздығы, кісі сыйлағыштығы, араласып-құраласуға пейімділігі, Орағаңның қас-қабағына қарап, оның көкейіндегісін оқып отыратындығы, туыстарға жанашырлығы керемет еді. Орекеңнің біраз жиендерін қаз тұрғызуға көп еңбек сіңіргенін көрдік. Оралханның атақты жазушы болуына әсер еткен анасы ма деп ойлаймын. Күлия шешей көкірегі ояу, көзі ашық, өте шешен адам еді. Жасы да озған, оның үстіне жарымжандығы бар үйден ешқашан ұзап шықпайтын, алайда ауылда, ауданда не жақсы, не жаман барын біліп отыратын. Орекең анасымен ұзақ әңгімелесіп, өткен-кеткенді сұрап біліп, көрші-қолаңның хал-жағдайынан қанығушы еді. Оралханның көптеген әңгіме-повестеріндегі сюжеттер, кейіпкерлер шешеміздің айтқандарынан туған дүниелер сияқты көрініп тұратын. Анасының әңгімесін Орекең қызыға тыңдайтын, сөзін бөлмейтін және ештемені қағазға түртіп алып отырмайтын. Шешейдің ұзақ-сонар әңгімелерінде мақал-мәтелдер, тамаша теңеулер мен әдемі сөз тіркестері ағыл-тегіл ағылатын.

    — Ой, көп сөйлеп, басыңды қатырдым-ау, құлыным, — деп әңгімесін аяқтағанын сездірген кезде Оралхан:

    — Тәте-ау, мұндай қызық әңгімені маған сенен басқа ешкім де айтпайды, — деп еркелеп, «осы анау кісі қалай болып еді?» деп тағы бір әңгімені бастатып жіберетін. Шешейдің талай әңгімелерін естідік. Оралхан шығармаларынан сол айтылғандардың көбін сәл өзгертілген, бояуы қоюланған қалпында байқап та жүрдік. Орекең аса туысшыл, бірақ туыстарына сын көзбен қарайтын, қаталдау болды. Оқуға селқос қарап жүрген жиендеріне ренжіп, ұрысып отырғанын көретінмін. Алматыда тұратын жерлестерімен қарым-қатынасы да кісі қызығарлықтай еді. Солардың арасында Әлібек Асқаровты бөле-жара бағалайтын.

    — Әлібек жас болса да үлкендер ескермейтін нәрсені алдын-ала болжап, терең ойлайды. Амандық болса, осы інім мықты болар, — деп ризашылығын білдіретін. Шынында да, Әлібек алғыр да нағыз азамат. Қайғылы қазаны естіген сәттен бастап, күні бүгінге дейін Әлекең ағасына қызмет етуін доғарған жоқ. Орекеңнің жерлеуін, жетісін, қырқы, жылын ұйымдастыруда салмақ Әлібекке түсті. Ағамыздың басына құлпытас орнату да оңай шаруа болмады. Осының барлығына шырылдап, зыр жүгірген Әлібек. Оралханның 50 жылдығына орай екі томдық шығармалар жинағы, 2000 жылы «Өнер» баспасынан Р. Мәженқызының құрастыруымен «Оралхан» атты естеліктер, эсселер және мақалалар жинағы жарық көрді. Бұл істің басында Әлібек тұрды. Биыл О. Бекейдің төрт томдығын шығарсам деп талпынып жүрген де осы Әлібек. Ағасы тегін жақсы көрмеген екен. Әлібек Асқаровқа рахметтен басқа айтарымыз жоқ. Мың жаса, Әлеке!

    Орекең мен Айман бір сәбиге зар болды. Кейде кейіген сәтінде ағамыз «бізде атақ та, абырой да, ақша да бар ғой, бір-ақ нәрсе жетпей жүр» деп күрсінетін. «Осы Оралханның балалы болғанын көрсек-ау» деп ойлайтынбыз. Оның себебі бар. Біздің үйге келгенде балалар конфет, шоколад ұстаған қолдарымен Орекеңе жанасып кетсе, қайран ағамыз «қолдарыңды жуып келіңдер», — деп, олар тиіп кеткен жерін қолма-қол қағып-сілкіп отыратын. Орағаң кішкентайлы болып, көптен күткен күні туды. Барып-келіп жүргенде Айхан мен Айжан үстіне шаң жуытпайтын папаларының көйлек-шалбарына айран төгіп, шоколад жаққанда баяғы қылығын есіне салып көрдім. Сонда марқұм:

    — Үстіме шай төкпек түгіл басыма кәкетіп қойса да, құдайға разымын — деп сәбилерін бауырына басып, басына көтеруші еді. Балалы болған соң Орекең   мүлде өзгерді, жұмыстан келісімен ұл-қызын айналып-толғанып, мәз-мәйрам болып жататын… Оралханнан айрылғалы он жыл өте шықты. Ешкімге де ұқсамайтын ағаның ажалына әлі сенбеймін…

    Ж.Әділбаев.

    Әділбаев, Ж. Ешкімге ұқсамайтын Ораш еді [Мәтін]  / Ж. Әділбаев // Ақ Ертіс — Иртыш. — 2003. — N2. — Б.43-48

  • Кербез кейпі әлі көз алдымнан кетпейді

    Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін ұзақ уақыт өтпей ШҰАР Жазушылар одағының шақыртуымен Қазақстан Жазушылар одағының сол тұстағы бірінші орынбасары, жазушы Төлен Әбдіков бастаған делегация Үрімжіге келе қалды. Сол жолы Қазақстаннан келген делегация мүшелерімен, оның ішінде әйгілі жазушы Оралхан Бөкеймен шүйіркелесу бақытына ие болғанымды мен әлі күнге дейін мақтаныш көремін.

    Егер «Атау керені» Шыңғыс Айтматов жазған болса…

    Қазақстаннан келген жазушылар делегациясын ШҰАР Жазушылар одағы төрағасының күнделікті істерге жауапты орынбасары, Қытайдың әйгілі сыншысы Цин Байжун қабылдап, жиынды сөз сөйлеп ашты. Мен сонда Цин Байжунның сөйлеген сөзін қазақшаға аударған аудармашының міндетін атқарған едім. Делегацияны қарсы алу рәсімінен кейін түскі қонақасын біздің «Шұғыла» журналының ұжымы беретін болып, қонақтарды мейрамханаға жеткізу журнал қызметкерлеріне міндеттелді. Мен Оралхан Бөкейді бастап баруды өз жауапкершілігіме алдым. Өйткені, өзім сырттай құрмет тұтып, талантына табынып жүретін жазушымен жас жағынан шамалас екенімді, әрі бір атадан тарайтын қандастығымды бұрынырақ біліп алғанмын. Одан да маңыздысы — оңашада бірер ауыз тіл қатысып, танысып, жазушының қолымдағы «Ауыл әңгімелеріне» қолтаңба жаздырып алайын деген ішкі есебім де бар еді.

    Біз лифтінің босауын тосып, сәл шеткерірек шығып шүйіркелесе қалдық. Жанымызда өзбек ұлтының әйгілі жазушысы Шүкір Ялхун, қазақшаны қай-қай қазақтан осал сөйлемейтін, Қытайдағы О.Айтан бастаған қазақ қаламгерлерінің қыруар шығармалары мен Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың да кітаптарын ұйғыршаға аударған, ұйғырдың талантты ақыны Оспанжан Сауыт, қазақшаны толық түсінетін ұйғыр сыншысы Мәмет Полат, «Қырғыз әдебиеті» журналының редакторы Сүлеймен Омар деген азамат пен руы Қаратай, Оралханға туыстық жақындығы бар Тұрар деген радионың тілшісі болып істейтін бір келіншек бар еді.

    • Мен — өз ағаң боламын, — деп әзілдей сөз бастаған Шүкір ағай өзін таныстырған еді. Оралхан жымың етіп, қою қара шашын салалы саусақтарымен артына бір қайырып тастап:
    • О, бәрекелді, «өзбек — өз ағам» екенсіз ғой, қал-жағдайыңыз жақсы ма, аға? Сақалыңызды аз-аздап қырау шалғаны болмаса, өң-шырайыңыздың нұры таймапты! — деді.

    Шүкір аға қазақшаны өте жатық сөйлеуші еді:

    — Қайдағы өң-шырай дейсің, бауырым, жер орта кезеңінен асып, сайды құлдап бара жатқан жолаушымыз. Мына Сәли, Оспанжандармен бір аулада тұрамын. Осылардан өздеріңнің келді деген дақпырттарыңды естіп «жақсыны көрмекке» деп келгенім ғой. Жақсы сөйледіңдер, қазақша айтқанда, бәріңнің сөйлеген сөздерің «қышыған жеріме тиіп» бір жасап қалдым, қарағым! Мына қазекемдердің (мені ымдап) де иықтарынан бір көтеріп тастағандай болдыңдар, рақмет! – деп қысқа қайырды. Оспанжан да қазақша сыдыртып жатыр. Лифтіге кіре бере мен қысқаша таныстық бердім де сөз ләмімді бұрып «Атау керені» мақтай бастадым. «Атау керені» Оспанжан да екі мәрте оқыған екен. Ол да менің сөзімді қостай жөнелген еді. Оралхан басын кегжите бір сілкіп тастап, еріндерін сәл шүршите жымиып:

    — «Атау кере» Оралхан жазғаны үшін ғана «Атау кере» ғана делініп жүр ғой. Егер «Атау керені» Шыңғыс Айтматов жазған болса, әлдеқашан Нобель сыйлығын иеленген болар еді! — деді де Сүлейменге қарап: — Құлағыңа алтын сырға, туысқаным, — деп жымиып қойды.

    Сол жолы да содан кейінгі кездесуімде де бір байқағаным, Оралханның ойлана қалғанда немесе сөйлер алдында басын кегжите, шашын артына қарай бір сілкіп тастап, еріндерін сәл шүршите қоятын әдеті бар екен.

    Лифтіден шыға бере көпке қосылдық та, біздің арамыздағы сөз үзіліп қалды. Бірақ Оралханның «Егер, «Атау керені» Шыңғыс Айтматов жазған болса…» деген бір ауыз сөзі күні бүгінге дейін құлағымның түбінде бәз-баяғысындай жаңғырады да тұрады. Сол сөздің астарында қаншалықты күрделі қоғамдық болмыс, қаншалықты адамдардың мінез-құлқы, характері жатқанын оқырман қауым терең сезінетін шығар.

    Жайылған дастарқанға қатты риза болды

    «Шұғыла» жайған түскі дастарқан басында да Оралхан ерекше шабытпен ағынан ақтарыла сөйлеп отырды. Әдетте сырт көзге тәкаппарлау көрінгенімен, жайшылықта қарапайым, қалжыңбас азамат екен. Ондағы сөйлеген сөзінің басты мазмұны біз секілді шетелдегі қазақтардың тағдыр-талайы, тарихы, болашағы жайында болғаны әлі есімде. Маған қолтаңбасын дастарқан басында жазып берді. Өкініштісі, кейін «Ауыл әңгімелері» өз үйімнен қолды болып кетті. Ал «Атау кере» мені белсенділігіммен әуе толқынына шығарылды.

    Қытайдың шетелден барған әр қандай делегацияның жүріп-тұруын, қимыл қозғалысын алдын ала жоспарлап, уақыт кестесіне түсіріп қоятын тәртібі болады. Төлен Әбдіков бастап барған сол жолғы делегацияның күнделікті қимыл-әрекеті де солай орналастырылғандықтан, оларды бәріміздің отбасымызға дәмге шақырудың орайы келмеді. Сол тұстағы бір қазақ басшы ағамыздың айтқан ақылы бойынша, менің ғана делегацияға «Кунлун» қонақ үйінде дәм татыру құрметіне ие болған жайым бар. Олар ертең қайтады деген күні кеште бір табақ кәделі жылқы етін пісіртіп алып, таңертеңгі ас мәзіретіне туралап, келіншегім (ол да «Шұғыланың» қызметкері) даярлап буып-түйіп берген дастарқанымды, бір термос шай мен шөп-шаламдарымды көтеріп жеттім ғой «Кунлунға». Мен барғанда есік алдында Рымғали Нұрғалиев пен ІІІҰАР қоғамдық ғылымдар академиясы бастығының орынбасары, жазушы әрі тарихшы Жақып Мырзаханұлы әңгімелесіп тұр екен. Қалғандары енді тұрып жуынып-шайынып жатыпты. Көтеріп барған дүниелерімді былайырақ қоя салып, Жақыптан бастығым Шәкен Оңалбаевтың келген-келмегенін сұраған едім. Ол кісінің де жаңа ғана келгенін, Мұхтар Мағауин мен Оралхан Бөкей жатқан жатақта отырғанын ұқтым.

    — Ассалаумағалейкум! — деп кіріп бардым.

    — Уағалейкемассалам! – деп үшеуі жарыса сәлем алды.|

    Ендігі мән-жайымды Шәкен аға түсіндіре бастап еді, Оралхан марқұм мені қапсыра құшақтап алып:

    — О, бәрекелді! Міне, көрдің бе, Мұха! Қан деген осындай болады. Қарашы, мына менің туысымды. Әй, аруағыңнан айналайын найман атам-ай, сол атамның аруағы ғой мына Сәкеңнің құлағына сыбырлап кеткен. Ал мынаны енді менің дастарқаным деп қабылдаңыз, Мұха! Қане, қане, келіңіз! – деп төре табақ етті үстел үстіне қойып, Мағауинді қолтығынан демеп тұрғызып, астына орындық қойып бәйек болды да қалды.

    Мұхтар Мағауин:

    — Әй, Шәке (Шәкен ағаны айтады), мына Бөкеевтің құдайы берді-ау, ә! Бұл енді бірталайға дейін тізгін ұстатар ма екен? – деп үстел шетіне жайғасты. Соның арасынша басқа қонақтар да жетіп келді. Оларға да Оралхан жаңағы сөздерін түрлендіре қайталап жатты. Таңертеңгі уақыт болғандықтан табақтағы еттің мұрты да сынған жоқ.

    Менің сол жолғы кездесуім Оралханмен ең алғашқы әрі ең соңғы жолығуым боларын қайдан білейін? Менің татырған азғантай дәм-тұзымды ұлттық дәстүр, салт-санаға балап шалқып сөйлеген кездегі кербез кейпі әлі көз алдымда елестейді де тұрады.

    О, опасыз, алдамшы дүние-ай десеңші, марқұмның жатқан жері жаннат, топырағы торқа болғай әумин!

    Сәли Сәдуақасұлы.

    Сәдуақасұлы, Сәли. Кербез кейпі әлі көз алдымнан кетпейді [Мәтін] : [Жазушы Оралхан Бөкейдің Қытай еліне барған сапары туралы естелік] / С. Сәдуақасұлы // Дидар. — 2013. — 28 маусым. — б. 15.