Рубрика: Uncategorised

  • Шыңғыстайдағы мұражай-үйі

    2003 жылы 8 қазанда Оралхан Бөкейдің 60 жылдығына орай Оралхан Бөкей мұражай — үйінің салтанатты ашылуы, жазушының туған ауылында Шыңғыстайда өтті. Катонқарағай өңірінің өзіне тән, бөренелерден салынған ағаш үй. Осы үйде жазушының балалық шағы өткен. Оралхан Бөкейдің Алматыға сапарынан кейін, бұл үй ұзақ уақыт бос қалды. Тек 2003 жылы ғана Катонқарағайдың мәдениет бөлімі шешімімен жерлесімізді еске алу мақсатында Оралхан Бөкей атындағы мұражай-үйі қалыптасты. Сол уақыт аралығында мұражай-үйі 2005 жылы дүниеден өткен жазушының апайы Шолпанның қарамағында болды. Мұражай — үйінің алдында кіреберісте шығысқазақстандық мүсінші Владимир Самойлов орындаған мемориалдық ескерткіш Оралхан Бөкейдің мүсіні орын алған.

    Мұражай-үйі 4 бөлмеден құралған: ас үй, қонақ бөлмесі, ата-анасының бөлмесі және жазушының дем алу бөлмесі. Мұражайдың экспозициясында жазушының ата-анасы мен Оралханның өзі қолданған тұрмыстық заттары ұсынылған.

  • Естеліктер, очерктер (жеке өміріне қатысты).

    Өмірі мен шығармашылығы жайлы әдебиеттер:

    Бөкеев, Оралхан [Мәтін] //Советтік Қазақстан жазушылары. Био-библиографиялық анықтамалық. — Алматы. — 1987. — 149 — 150 6
    Бөкеев, Оралхан [Мәтін] // Қазақ ССР: Қысқаша энциклопедия. Т.4. – Алматы, 1989. – Б. 186.
    Бөкеев, Оралхан (1943 – 1993) [Мәтін] // Абай: энциклопедия. – Алматы, 1995. – Б. 165 – 166.
    Бөкеев, Оралхан [Мәтін] // Қазақстан: Ұлттық энциклопедия. Т.2. – Алматы, 1999. – Б. 398 – 399.
    Кекілбайұлы, Әбіш. Он екі томдық шығармалар жинағы [Мәтін] . 11-том / Ә. Кекілбайұлы. — Алматы : Өлке, 1999. — 464 б.
    Оралхан [Мәтін] : естеліктер, эсселер және мақалалар / құраст. Р. Мәженқызы. — Алматы : Өнер, 2000. — 320 б.
    Иманасов, Сәкен. Қаламдастарым мен замандастарым [Мәтін] : эсселер, пайымдамалар, арнау өлеңдер / С. Иманасов. — Алматы : Қазақстан, 2001. — 224 б.
    Қазақстан жазушылары. XX ғасыр [Мәтін] : анықтамалық / құраст. Е. Дүйсенбайұлы [и др.]. — Алматы : Ана тілі, 2004. — 392 б : Суретті.
    Қазақстан [Мәтін] : ықшам энциклопедиялық сөздік. — Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2005. — 560 б. — (Мәдени мұра).
    Қайырбеков, Ғафу. Алыс та жақын жағалау [Мәтін] . Екінші кітап / Ғ. Қайырбеков. — Алматы : Білім, 2006. — 192 б. — (Әдеби мемуарлар).
    Мұхтар Әуезов [Мәтін] : энциклопедия. — Алматы : Атамұра, 2011. — 688 б.
    Шығыс жұлдыздары [Мәтін] : энцикл. анықтамалық. Т. 1. Сөз зергерлері. Мәдениет майталмандары. — Астана : Фолиант, 2011. — 304 б.
    Жасын ғұмырдың жарқын сәттері [Мәтін] : фотосуретті кітапша / құраст. Д. Қамзабекұлы . — Алматы : [б. и.], 2013. — 31 б.
    Мағзұмов, Тоқтар. О. Бөкей әлемі. Райыстан-Оралханға дейін [Мәтін] : эссе-Эллегия / Т. Мағзұмов. — Өскемен : Шығыс ақпарат, 2014. — 148 б.
    Құрманғали, Қуанышбай. Ақиқат айнасы [Мәтін] : әдеби портреттер / Қ. Құрманғали . — Алматы : Айғаным, 2016. — 380 б.
    Иманасов, Сәкен. Шығармалар жинағы [Мәтін] : эссе. Т. 5 / С. Иманасов. — Алматы : Алатау, 2017. — 480 с.

    Өмірі мен шығармашылығы жайлы баспасөз бетінде жарияланған мақалалар: 

    Оралхан Бөкеев: [Некролог] [Мәтін]: // Қазақ әдебиеті. – 1993. – 19 мамыр. – Б. 3.
    Балшабеков, Х. Мұзтауға бардым: Оралхан Бөкеевке: Өлең [Мәтін]: // Дидар. – 1999. – 27 наурыз. – Б. 4.
    Әділбаев, Ж. Ешкімге ұқсамайтын Ораш еді [Мәтін] / Ж. Әділбаев // Ақ Ертіс — Иртыш. — 2003. — N2. — Б.43-48
    Қаңтарбаев, Ә. Мен білетін Бөкеев [Мәтін]: Жазушының 60 жылдығына орай / Ә. Қаңтарбаев // Дидар. — 2003.- 8 наурыз. — Б.5
    Кітапбаев, Б. Оралханның орны бөлек еді ғой [Мәтін]: / Б. Кітапбаев // Дидар. — 2003.-18 наурыз. — Б. 3
    Құмарбекұлы, М. Жасындай жарқылдаған жігіт еді-ау… [Мәтін] / М. Құмарбекұлы // Ақ Ертіс — Иртыш. — 2003. — N4. — Б.46-51
    Нұқсарин, А. Орашым менің… [Мәтін]: [О. Бөкеевке арналған жыр жолдары] / А. Нұқсарин // Дидар. – 2003. – 12 сәуір. – Б. 8.
    Қаңтарбаев, Ә. Оралхан Бөкеев [Мәтін]: Алтайдың кербұғысы / Ә. Қаңтарбаев // Түркістан. — 2003.-15 мамыр. — Б.7
    Ғабдуллин, Серік. Тастүлек: Дастан: (Замандасым Оралхан Бөкей рухына) [Мәтін]: // Ақ Ертіс. – 2003. — № 5. – Б. 25 – 35.
    Әділбаев, Ж. Ешкімге ұқсамайтын Ораш еді [Мәтін]: Оралхан Бөкейдің туғанына 60 жыл толуы қарсаңында / Ж. Әділбаев // Дидар. — 2003.- 17 мамыр. — Б.5
    Алпысқызы, З. Оралхан ерекше тұлға еді [Мәтін] / З. Алпысқызы // Дидар. — 2003.- 15 шілде. — Б.4.
    Қаңтарбаев, Әлібек. Мен білетін Бөкеев [Электронный ресурс] : жазушының 60 жылдығына орай / Ә. Қаңтарбаев // Дидар. — 2003.- 29 шілде. — Б. 4-5.
    Тоқпатаев, У. Оралхан Бөкейдің ауылы [Мәтін]: / У. Тоқпатаев // Дидар. — 2003.- 29 шілде. — Б. 3
    Қабимолдин, М. Орны бөлек Оралхан еді [Мәтін]: Жазушының 60 жылдығына орай / М. Қабимолдин // Дидар. — 2003.- 16 тамыз. — Б.5
    Сағыныштан жаралған жан еді [Мәтін]: [Оралхан Бөкеевтің адамдық тұлғасы жайлы қаламдастарының әңгімесі, еске алулар] // Қазақ әдебиеті. – 2003. – 24 қыркүйек. – Б. 4 – 5.
    Тілегенқызы, Г. Ауыл туралы толғаныс [Мәтін] : / Г. Тілегенқызы // Дидар. — 2003.- 27 қыркүйек. — Б. 2
    Асқаров, Ә. Оралханды сағынғанда… [Мәтін]: «Ауылға оралу» деректі повесінен үзінді / Ә. Асқаров // Дидар. — 2003.- 27 қыркүйек. — Б.2
    Исабеков, Д. Өмір деген ертегі [Мәтін]: [О. Бөкеевтің қайсар мінезі, шығармаларының кереметтігі, өлімі туралы толғаныс] // Егемен Қазақстан. – 2003. – 4 қазан. – Б. 3.
    Балтағарин, Ғ. Ол биыл 60-қа толар еді… [Мәтін] / Ғ. Балтағарин // Ақ желкен. — 2003. — N10. – Б.13
    Құтжанұлы, Ә. Көркем сөздің құлагері [Мәтін]: [Оралхан Бөкейдің мерейтойына орай] / Ә. Құтжанұлы // Азия транзит. – 2003. — № 10. – Б. 20 – 21.
    Нақтыбайұлы, Е. Оралхан ағаға: Өлең [Мәтін]: / Е. Нақтыбайұлы // Дидар. – 2003. – 29 қараша. – Б. 8.
    Қызыр, Ж. Алтайымдай өр кеуделі арысым: Өлең [Мәтін]: (Оралханның рухымен сырласу) / Ж. Қызыр // Дидар. — 2004.- 18 мамыр. — Б.4.
    Қаңтарбаев, Ә. Жазушының ескерткіші мүсіні бой көтерді [Мәтін]: / Ә. Қаңтарбаев // Дидар. — 2004.- 2 қазан. — Б.2.
    Қаңтарбаев, Ә. Жетім қалған көңілім сені іздейді немесе Оралханға бір түйір сыр [Мәтін] / Ә. Қаңтарбаев // Дидар. — 2004.- 2 қазан. — Б.2.
    Байбатыров, Ғалым. Бесінші маусым [Мәтін]: / Ғ. Байбатыров // Дидар. — 2004. — 16 қазан. — Б. 6.
    Қаңтарбаев, Ә. Қаламгер мүсіндері ашылды [Мәтін]: / Ә. Қаңтарбаев // Дидар. — 2005.-25 маусым. — Б.2
    Ахметжан, Т. Бөкейдің қарашаңырағы [Мәтін]: / Т. Ахметжан // Әдебиет айдыны. — 2005.-15 қыркүйек. — Б.5.
    Қаңтарбаев, Әлібек. Бөкеев, Рүстем және «Бес тиын» [Электронный ресурс] / Ә. Қаңтарбаев // Дидар. — 2006. — 10 қазан. — Б. 3.
    Қаңтарбаев, Әлібек. Күркіреме бойынан сені іздедім немесе Оралханмен сырласу [Мәтін] [Электронный ресурс] / Ә. Қаңтарбаев // Дидар. — 2007.- 22 қыркүйек. — Б. 4.
    Жұматайқызы, Л. Оралмайтын Оралхан… [Мәтін] / Л. Жұматайқызы // Қазақ әдебиеті. — 2007. — 5 қазан. — Б. 7.
    Сәрсенбайқызы, Ғ. Оралхан оқулары Өскеменде өтуде [Мәтін] / Ғ. Сәрсенбайқызы // Дидар. — 2007. — 6 қазан. — Б.1.
    Қайсанова, И. Байқау қалай өтті? [Мәтін] / И. Қайсанова // Дидар. — 2008.- 27 мамыр. — Б. 4. .
    Құсанбаев, С. Оралхан оқулары [Мәтін] / С. Құсанбаев // Дидар. — 2008. — 16 қыркүйек. — Б. 4.
    Көгелева, С. Тәлімі бөлек талант [Мәтін] / С. Көгелева // Дидар. — 2008.- 27 қыркүйек. — Б. 6.
    Манапова, А. Жазушының жеке қоры [Мәтін] / А. Манапова // Дидар. — 2008.- 27 қыркүйек. — Б. 6.
    Ілияс, Б. Оралхан Бөкейге [Мәтін] / Б. Ілияс // Дидар. — 2008.- 27 қыркүйек. — Б. 4. .
    Қаңтарбаев, Ә. «Оралхан Бөкейдің рухани әлемі» атты семинар өтті [Мәтін] / Ә. Қаңтарбаев // Дидар. — 2008.- 22 қараша. — Б. 8.
    Төлеуов, С. Бұлт ұйықтаған ұжмақ жер [Мәтін] / С. Төлеуов // Абай. — 2009. — № 3. — Б. 84-94.
    Әміре, Қ. «Оралхан өз заманынан оқ бойы озық жүрді»,- дейді көрнекті жазушы Қалихан Ысқақ [Мәтін] / Қ. Әміре // Дидар. — 2009.- 16 шілде. — Б. 6. .
    Келес, М. «Ағамның бабын Айман жеңгем тапқан еді» [Мәтін] / М. Келес // Қазақстан әйелдері. — 2009. — № 10. — Б. 4-5. .
    Есбол, С. Мұзтау.Оралхан Бөкейге арнау [Мәтін]: / С.Есбол// Тұмар.- 2010.- № 6. -Б.41.
    Қаңтарбай, Ә. Көркемсөздің Кербұғысы Төр Алтайына оралды [Мәтін]: / Ә. Қаңтарбай // Дидар. — 2010.- 20 шілде. — Б. 2.
    Иманғали, Мейрамтай. Шыңғыстайға шынайы ниетпен бар [Электронный ресурс] / М. Иманғали // Дидар. — 2010.- 4 тамыз. — Б. 5.
    Әшімханов, Д. Ол ешкімге ұқсамайтын [Мәтін]: / Д.Әшімханов//Ақ желкен.- 2010.- № 9.- Б. 32-34.
    Жұмабай, Назерке. Алтайдың ақиығы [Электронный ресурс] / Назерке Жұмабай // Жас қазақ. — 2010.- 26 қараша. — Б. 8.
    Ибрагимова, Қарлыға. Біз әлі Оралханға ораламыз [Электронный ресурс] / Қ. Ибрагимова // Ақ желкен. — 2011.- №4. — Б. 4,5,11
    Мырзахметов, Айдос. «Оралханның рухы мәңгі қалықтап жүргендей…» [Электронный ресурс] / А. Мырзахметов // Алдаспан. — 2011.- 5 қыркүйек.
    Оралхан Бөкей, талантты жазушы, Мұзтаудың мұзбалағы, Алтайдың кербұғысы (1943-1993) [Мәтін] // Жұлдыздар отбасы. — 2011. — № 17. — Б. 31-40.
    Жұмағалиева, Ж. Сабақ сапасы — ізденісте [Мәтін] / Ж. Жұмағалиева // Қазақстан мектебі. — 2012. — №1. — Б. 37-41.
    Қасым, А. Біз ойын қуып жүрген кезде ол кітап оқып отыратын [Мәтін] : О.Бөкейдің балалық шағы туралы не білеміз? / А. Қасым // Дидар. — 2012.- 17 ақпан. — Б. 20 — 21.
    Рахман, Г. Ғалия Бөкейқызы: Ағам — әдебиетке өз бетімен келген жазушы [Электронный ресурс] / Г. Рахман ; сұхб. Ғалия Бөкейқызы // Айқын. — 2012.-16 наурыз. — Б. 6.
    Қырымқызы, Г. Тұғыры биік қаламгер [Мәтін] / Г. Қырымқызы // Ұлағат. — 2012. — №4 . — Б. 135-141.
    Тілегенқызы, Г. Оралханның шығармашылығымен жете танысты [Мәтін] / Г. Тілегенқызы // Дидар. — 2012.- 27 сәуір. — Б. 4.
    Рамазанова, Хамида. Алтайдың асқақ ақиығы — Оралхан Бөкей [Мәтін] / Х. С. Рамазанова // Тәрбие сағаты=Классный час. — 2012. — №4. — Б. 43-44.
    Рыскелдиева, Г. Көркем сөздің қуаты [Мәтін] / Г. Рыскелдиева // Ұлағат. — 2012. — №5 . — Б. 65-70.
    Мағзұмов, Тоқтарбек. Орны бөлек Оралхан [Мәтін : Электронный ресурс] / Т. Мағзұмов // Дидар. — 2012.-18 мамыр. — Б. 12.
    Нақтыбайұлы, Е. Қаламгер жазған образдар сомдалды [Мәтін] / Е. Нақтыбайұлы // Дидар. — 2012.- 18 мамыр. — Б. 12.
    Кенжеханұлы, М. «Кербұғыны» кестелеген көркемсөз [Мәтін]: / М. Кенжеханұлы // Дидар. — 2012.- 28 мамыр. — Б. 5.
    Сәрсембайқызы, Ғафура. Оралхан оқуларында олқылық жібергеніміз жараспайды [Мәтін] : [Өскеменде облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен дәстүрлі Оралхан оқулары өтті. ] / Ғ. Сәрсембайқызы // Дидар. — 2012. — 25 маусым. — Б. 5.
    Әбілқасымұлы, З. Шыңғыстайдан жылап қайттым [Мәтін]: / З. Әбілқасымұлы // Менің өлкем. — 2012.- 12 шілде. — Б. 9.
    Жақан, А. Шығыстың шырағы [Мәтін]: / А.Жақан//Арай.- 2013.- 26 шілде Исабеков, Дулат. Мені драмаға әкелген — Оралхан [Мәтін] : [Белгілі қаламгер Д. Исабековпен сұхбат.] / Д. Исабеков // Дидар. — 2012. — 9 тамыз. — Б. 8.
    Сатыбалдин, Серік. Туыстықты ту еткен [Электронный ресурс] / С. Сатыбалдин // Қазақ әдебиеті. — 2012.-31 тамыз.
    Жұмабай, Н. Суреткердің соңғы сапары: аңызы мен ақиқаты [Мәтін]: / Н. Жұмабай // Қазақ әдебиеті. — 2012 — 14 қыркүйек. — Б. 12.
    Құсаинова, Гульназ. Қайдасың, қасқа құлыным?! [Мәтін]: / Г. Құсаинова // Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. — 2013. — №1. — Б. 58-60
    Әмірбекұлы, Сейсен. Оралханша жазу әркімнің арманы еді [Мәтін] : [Оралхан Бөкейдің 70 жылдық мерейтойы қарсаңында.] / С. Әмірбекұлы // Дидар. — 2013. — 15 ақпан. — б. 21. ; 22 ақпан. — Б. 21.
    Камзина, Әлмира. «Алтайдан ұшқан ақиық» [Мәтін]: / Ә. Е. Камзина // Тәрбие сағаты=Классный час. — 2013. — №2. — Б. 17-19.
    Уранбаева, Т. Алтайдың ақиық жыршысы [Мәтін] / Т. Уранбаева // Тәрбие сағаты=Классный час. — 2013. — №3. — Б. 55-56.
    Найманбаева, Г. О.Бөкеевтің «Атау кере» хикаятындағы образдар жүйесі [Мәтін]: / Г. Найманбаева // Жұлдыз. — 2013. — №3. — Б. 185-187.
    Қайнарова, М. Мүсін орнатылмақ [Мәтін]: / М. Қайнарова // Менің өлкем. — 2013. — 14 наурыз. — Б. 2.
    Қайнарова, М. Қасқайып Оралханның мүсіні тұрса… [Мәтін]: / М. Қайнарова // Менің өлкем. — 2013. — 21 наурыз. — Б. 9.
    Кенжехан, М. Оралхан Бөкей туралы фильм түсірілді. [Мәтін] : [Шығыс Қазақстан Өнер мұражайында жазушы Оралхан Бөкейге арналған шара өткізілді.] / М. Кенжехан // Дидар. — 2013. — 1 сәуір. — Б. 2.
    Розанова, М. Оралхан Бөкей есімі Өскемен қалалық орталық кітапханасына берілмек [Мәтін]: / М. Розанова // Менің өлкем. — 2013. — 11 сәуір. — Б. 3.
    Оралханның ойлы сөздері [Мәтін]: // Менің өлкем. — 2013. — 25 сәуір. — Б. 21
    Шойынбет Ж. Қос қағыс [Мәтін]: / Шойынбет Ж. // Қазақ тілі мен әдебиеті қазақ, орыс сыныптарында. — 2013. — №4. — Б. 2-3.
    Шарыпова, А. Б. О.Бөкей. «Қайдасың қасқа құлыным» [Мәтін]: / А. Б. Шарыпова // Мектептегі кітапхана — Библиотека в школе. — 2013. — №4. — Б. 15-16.
    Бақыжанқызы, Н. Қатонқарағайда — сыныптасым, Алматыда — сырласым [Мәтін]: / Н. Бақыжанқызы // Ақ желкен. — 2013. — № 5. — Б. 18-21.
    Нармаханова , Ж. Темірқазық [Мәтін] / Ж. Нармаханова // Ақ желкен. — 2013. — № 5. — Б. 18-21.
    Жұмабай, Назерке. Асанәлі Әшімов, КСРО Халық артисі: Оралханға сағыныш [Электронный ресурс] / Н. Жұмабай // Айқын. — 2013. — 18 мамыр. — Б. 5
    Назырбаев , Қайырды. Өмірден кетсе де,көңілден кеткен жоқ [Электронный ресурс] / Қ. Назырбаев // Жас алаш. — 2013.-23 мамыр. — Б. 5.
    Жұмабай, Н. Оралханның драматургиясы [Электронный ресурс] / Н. Жұмабай // Қазақ әдебиеті. — 2013.- 24 мамыр. — Б. 10.
    Молдағалиева, Меруерт. Талантты жазушының кітаптары неге аз? [Мәтін] : [Жазушы Оралхан Бөкейдің кітаптары туралы.] / М. Молдағалиева // Дидар. — 2013. — 27 мамыр. — Б. 5.
    Тоқтасынқызы, А. Оралханның әлемі әдемі әспеттелді. [Мәтін] : [Өскемен қаласында Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің қалалық байқауы өтті.] / А. Тоқтасынқызы // Дидар. — 2013. — 29 мамыр. — б. 2.
    Назырбаев, Қайырды. Оралханмен аудандық газетте бірге жұмыс істемегеніме әлі өкінемін [Мәтін] : [Оралхан Бөкей туралы стелік.] / Қ. Назырбаев // Дидар. — 2013. — 17 маусым. — б. 5.
    Базарбаев, Т. Оралханның кейіпкерлерін сахналады [Мәтін] : [Үлкен Нарын ауданында О. Бөкей шығармаларының сахналық қойылымдарының байқауы өтті.] / Т. Базарбаев // Дидар. — 2013. — 19 маусым. — б. 6.
    Сәдуақасұлы, Сәли. Кербез кейпі әлі көз алдымнан кетпейді [Мәтін] : [Жазушы Оралхан Бөкейдің Қытай еліне барған сапары туралы естелік] / С. Сәдуақасұлы // Дидар. — 2013. — 28 маусым. — б. 15.
    Қаңтарбай, А. Кербұғының кіндік жұртында [Мәтін] / А. Қаңтарбай // Менің өлкем. — 2013. — 4 шілде. — Б. 21. : рис.
    «Біздің Оралханның» біз білмейтін қыры көп [Электронный ресурс] // Дидар. — 2013.- 4 шілде. — Б. 24.
    Нұқсара, А. Айман – Оралханның асыл жары да, бақыты да еді… [Мәтін] / А.Нұқсара //Арай.- 2013.- 12 шілде.
    Болаев, Б. Алтайын аспандатқан алып тұлға [Мәтін] // Б.Болаев //Арай.-2013.-26 шілде.
    Асқаров, Ә. Бөкей ағаның айтқандары [Электронный ресурс] / Ә. Асқаров // Арай. — 2013.- 23 тамыз. — Б. 3.
    Анаш, Думан. «Шығыс шынары» Оралхан Бөкейге арналды [Электронный ресурс] / Д. Анаш // Дидар. — 2013. — 31 тамыз. — Б. 1-3.
    Ғасырларға бара берер жаңғырып [Электронный ресурс] : өлеңдер // Арай. — 2013.- 4 қыркүйек. — Б. 3.
    Құрманғали, Қ. Қазақ туралы жыр [Электронный ресурс] / Қ. Құрманғали // Егемен Қазақстан. — 2013.- 10 қыркүйек. — Б. 5.
    Момынова, Б. Өр Алтайдың асқақ жыршысы [Электронный ресурс] / Б. Момынова // Ана тілі. — 2013.-11 қыркүйек. — Б. 6-7.
    Хайдарова, С. Оралхан жайлы естеліктер [Электронный ресурс] / С. Хайдарова // Менің өлкем. — 2013. — 5 қыркүйек. — Б. 21. ; 12 қыркүйек. — Б. 21.
    Сейсенұлы, Дәулет. Тұрсынғазы Оралханға арнап ән жазыпты [Электронный ресурс] / Дәулет Сейсенұлы // Дидар. — 2013.- 3 қыркүйек. — Б. 5.
    Байхонов, Серік. Мұзтаудан мұхитқа дейін… [Электронный ресурс] / Серік Байхонов // Дидар. — 2013.- 5 қыркүйек. — Б. 4.
    Асқаров, Ә. Шайыр иісі [Мәтін] / Ә. Асқаров // Қазақ әдебиеті. — 2013 — 6 қыркүйек. — Б. 8.
    Жаппасұлы, Е. «Оралхан деген аттың орны бөлек…» [Мәтін] / Е. Жаппасұлы // Қазақ әдебиеті. — 2013 — 6 қыркүйек. — Б. 12.
    Қара сөзбен жырлаған… [Мәтін] / Д. Исабеков, А. Алтай, Н. Түсіпхан // Қазақ әдебиеті. — 2013 — 6 қыркүйек. — Б. 1,7.
    Байғұт, М. Көркемдіктің Кербұғысы [Мәтін] / М. Байғұт // Қазақ әдебиеті. — 2013 — 6 қыркүйек. — Б . 9.
    Бөкейқызы Ғ. Бір дорба асық [Мәтін] / Бөкейқызы Ғ. // Қазақ әдебиеті. — 2013 — 6 қыркүйек. — Б. 9.
    Елубай, О. Алтайдың ақиығы [Электронный ресурс] / О. Елубай // Егемен Қазақстан. — 2013.- 17 қыркүйек. — Б. 5.
    Оралхан [Электронный ресурс] / Саят Қамшыгер [и др.] // Дидар. — 2013.- 19 қыркүйек. — Б. 13.
    Базарбаев, Тұрсынхан. Оралханның ауылында болып қайтты [Мәтін] : [Аудандық кітапханада кітапханашылардың ауданаралық семинары өтті.] / Т. Базарбаев // Дидар. — 2013. — 24 қыркүйек. — Б. 8.
    Оралханға [Электронный ресурс] : жерлес жазушы О.Бөкейдің туған күніне арналған өлеңдер // Арай. — 2013.- 27 қыркүйек. — Б. 3.
    Әр қазақтың сырласы [Электронный ресурс] // Алаш айнасы. — 2013.- 28 қыркүйек. — Б. 5.
    Бектас, Гүлзина. Оралхан рухы туған өлкесінде асқақтады. [Электронный ресурс] / Гүлзина Бектас // Алаш айнасы. — 2013.- 28 қыркүйек. — Б. 5.
    Жұмабай, Назерке. Парасат биігіндегі публицист [Электронный ресурс] / Назерке Жұмабай // Айқын. — 2013.- 28 қыркүйек. — Б. 5.
    Тұрсынбайұлы, Бағашар Кербұғы [Электронный ресурс] / Бағашар Тұрсынбайұлы // Алаш айнасы. — 2013.-28 қыркүйек. — Б. 5.
    Нармаханова , Жадыра. Алтайдан Алатауға дейін хат жаздым… …Кешіріңіз… [Электронный ресурс] / Ж. Нармаханова // Ақ желкен. — 2013.-№ 9. — Б. 36-38.
    Мұзтаудың мұзбалағы [Мәтін] // Бала тәрбиесі. — 2013. — №9. — Б. 3-5.
    Кенжеханұлы, Мұратхан. Театр шымылдығы «Мынау аппақ дүниемен» түрілді [Мәтін] : [Жамбыл атындағы ШҚ облыстық драма театры жаңа маусымды О. Бөкейдің драмасымен ашты.] / М. Кенжеханұлы // Дидар. — 2013. — 1 қазан. — Б. 8.
    Құсанбаев, Серік. Оралханды орыс тілінде сөйлеткен туынды көрерменге жол тартты. [Мәтін] : [А. С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада жазушы Оралхан Бөкей туралы фильмнің тұсаукесері өтті.] / С. Құсанбаев // Дидар. — 2013. — 1 қазан. — б. 7.
    Әлменбет, А. Жазушылықтың «Кіріспе» бөлімі [Мәтін] / А. Әлменбет // Қазақ әдебиеті. — 2013 — 4 қазан. — Б. 5.
    Көркем сөз шебері [Мәтін] // Алдаспан. — 2013. — 24 қазан. — Б. 6.
    Ибрагимова, Қарлыға. Оралханға — қамшы, Кәдірбекке — асатаяқ, Асанәліге шақша қалдырған Ақселеу [Электронный ресурс] / Қ. Ибрагимова // Ақ желкен. — 2013.-№ 10. — Б. 7-11
    Аймұхамбет, Жанат. Шығармашылығында жалғыздық өзекті мәселе ретінде көтеріліп, кеңістіктегі жалғыз адамның түйсік әлемі негізге алынады [Электронный ресурс] / Ж. Аймұхамбет // Жұлдыздар отбасы. Аңыз адам. — 2013.-№15. — Б. 42-44.
    Ақыш, Нұрдәулет. Әдебиетті әспеттеп жүретін сезімтал оқырманның өз Оралханы бар [Электронный ресурс] / Н. Ақыш // Жұлдыздар отбасы. Аңыз адам. — 2013.-№15. — Б. 39.
    Ахметжан, Талаптан. Орағаң опера әншісі болып шырқап қоя бергенде… [Электронный ресурс] / Т. Ахметжан // Жұлдыздар отбасы. Аңыз адам. — 2013.-№ 15. — Б. 17.
    Әбдік, Төлен. Шығармашылық түйсігі, сезімталдығы жоғары еді [Электронный ресурс] / Т. Әбдік // Жұлдыздар отбасы. Аңыз адам. — 2013.-№15. — Б. 36.
    Әшімов, Асанәлі. Менің шығармашылығым жайында ең алғаш мақала жазған — Оралхан [Электронный ресурс] / А. Әшімов ; сұхб. Н. Жұмабай // Жұлдыздар отбасы. Аңыз адам. — 2013.-№ 15. — Б. 19.
    Әшімханұлы, Дидахмет. «Мен — журналистпін, одан кейін ғана жазушымын» дейтін [Электронный ресурс] / Д. Әшімханұлы // Жұлдыздар отбасы. Аңыз адам. — 2013.-№ 15. — Б. 28-29.
    Бисенғали, Зинол-Ғабден. Оралханның көркемдік танымы — ірі зерттеуді қажетсінетін нысана [Электронный ресурс] / З. Бисенғали // Жұлдыздар отбасы. Аңыз адам. — 2013.-№15. — Б. 45-46.
    Бөкеева, Ардақ. Оралхансыз дүние бос сияқты… [Электронный ресурс] / А. Бөкеева ; сұхб. Т. Ахметжан // Жұлдыздар отбасы. Аңыз адам. — 2013.-№ 15. — Б. 11-15.
    Бөкейқызы, Ғалия. Әлемдегі ең бауырмал, ең тәкаппар, ең шыншыл адам менің ағам еді… [Электронный ресурс] / Ғ. Бөкейқызы // Жұлдыздар отбасы. Аңыз адам. — 2013.-№ 15. — Б. 6-10.
    Бөпежанова, Әлия. Оралхан шығармаларында ерекше энергетика бар [Электронный ресурс] / Ә. Бөпежанова // Жұлдыздар отбасы. Аңыз адам. — 2013.-№15. — Б. 33.
    Еркебай, Анар. Алғашқы қойылымы сахналанғанда Оралхан Бөкей 30 жаста болатын [Электронный ресурс] / А. Еркебай ; сұхб. А. Әлдибекова // Жұлдыздар отбасы. Аңыз адам. — 2013.-№15. — Б. 49.
    Есдәулет, Ұлықбек. Асқар таудай арқа сүйейтін ақылшымыз болды [Электронный ресурс] / Ұ. Есдәулет // Жұлдыздар отбасы. Аңыз адам. — 2013.-№15. — Б. 35.
    Жұртбай, Тұрсын. Қайран ақмаңдайлы Айман жеңеше… [Электронный ресурс] / Т. Жұртбай // Жұлдыздар отбасы. Аңыз адам. — 2013.-№ 15. — Б. 22-25.
    Жүсіп, Нұртөре. Бальзамдалған, табытқа салынған Орағаңды алып елге қайттық [Электронный ресурс] / Н. Жүсіп ; сұхб. М. Шапиян // Жұлдыздар отбасы. Аңыз адам. — 2013.-№15. — Б. 30-32.
    Исабеков, Дулат. Маңайында құжынаған адам жүргенімен, шын мәнінде Оралхан жалғыз еді [Электронный ресурс] / Д. Исабеков // Жұлдыздар отбасы. Аңыз адам. — 2013.-№ 15. — Б. 26 — 27.
    Кекілбаев, Әбіш. Азғантай ғұмырында асқаралы биікке өзін де, елін де, туған әдебиетін де шығарып үлгерді [Электронный ресурс] / Ә. Кекілбаев // Жұлдыздар отбасы. Аңыз адам. — 2013.-№ 15. — Б. 5.
    Қабанбай, Марат. Оның артық туғанын кешіре алмадық [Электронный ресурс] / М. Қабанбай // Жұлдыздар отбасы. Аңыз адам. — 2013.-№ 15. — Б. 18.
    Қабышұлы, Ғаббас. Оралхан — шыңда сөнген Алтайдың ақиығы [Электронный ресурс] / Ғ. Қабышұлы // Жұлдыздар отбасы. Аңыз адам. — 2013.-№ 15. — Б. 20-21.
    Қайыұлы, Жанымхан. Біз үшін ол Бөкейдің қарапайым Орашы болатын [Электронный ресурс] / Ж. Қайыұлы ; сұхб. А. Әлдибекова // Жұлдыздар отбасы. Аңыз адам. — 2013.-№15. — Б. 50.
    Қарағызұлы, Бауыржан. Біртуар [Электронный ресурс] / Б. Қарағызұлы // Жұлдыздар отбасы. Аңыз адам. — 2013.-№15. — Б. 52.
    Қирабаев, Серік. Шығармалары образды тілге, бейнелі суретке бай [Электронный ресурс] / С. Қирабаев // Жұлдыздар отбасы. Аңыз адам. — 2013.-№15. — Б. 37.
    Мұртаза, Шерхан. Бойында баяғы би-шешендерден қалған арқалы болмыс бар еді [Электронный ресурс] / Ш. Мұртаза // Жұлдыздар отбасы. Аңыз адам. — 2013.- № 15. — Б. 16-17.
    Нұржекеев, Бексұлтан. Оралханды насихаттауда Сағаттай еңбек сіңірген сыншы жоқ [Электронный ресурс] / Б. Нұржекеев // Жұлдыздар отбасы. Аңыз адам. — 2013.-№15. — Б. 38.
    Оразалин, Нұрлан. Көшпелі заманның қас батырлары мен көсемдеріндей елестейтін [Электронный ресурс] / Н. Оразалин // Жұлдыздар отбасы. Аңыз адам. — 2013.-№15. — Б. 34.
    Орда, Гүлжаһан. Қазақ әңгімесін мазмұн, түр жаңалығымен байытты [Электронный ресурс] / Г. Орда ; сұхб. Қ. Мұратқызы // Жұлдыздар отбасы. Аңыз адам. — 2013.-№15. — Б. 47-48.
    Сыздық, Рәбиға. Оралханның шығармалары Алтай өлкесінің гимні іспеттес [Электронный ресурс] / Р. Сыздық // Жұлдыздар отбасы. Аңыз адам. — 2013.-№15. — Б. 40-42.
    Бельгер , Герольд. Күнделік беттерінен [Мәтін] : [Герольд Бельгердің күнделігі] / Г. Бельгер // Парасат. — 2013. — N 11. — Б. 14-15.
    Тасқараұлы, Азамат. Оралхан Бөкейге арналған жыл болды [Электронный ресурс] / А. Тасқараұлы // Өскемен. — 2013. — 19 желтоқсан. — Б. 21.
    Замзарханов, А. Оралхан елге қайтып оралғандай [Электронный ресурс] / А. Замзарханов // Арай. — 2014.- 21 ақпан. — Б. 3.
    Мағзұмов, Тоқтар. Алтайдағы алтын ұя [Электронный ресурс] / Тоқтар Мағзұмов // Қазақ әдебиеті. — 2014.- 28 ақпан. — Б. 14.
    Әділбаев, Жұмаділ. Естелік [Электронный ресурс] / Ж. Әділбаев // Бала би. — 2014.- №4. — Б. 17.
    Карменова, Г. Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырудың тиімді жолдары [Мәтін] / Г Карменова // Ұлағат. — 2014. — №5. — Б. 47-57.
    Советқызы, Э. Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы [Мәтін] / Э. Советқызы // Ұлан. — 2014. — 17 маусым. — Б. 1.
    Қызыр, Жәнібек. Оралхан екі дүниеде де бақытты жазушы [Электронный ресурс] / Ж. Қызыр // Алдаспан. — 2014.-10 шілде. — Б. 4.
    Бөкейқызы, Ғалия. Оралханның шақыру билеті [Электронный ресурс] / Ғалия Бөкейқызы // Жас алаш. — 2014.- 15 шілде. — Б. 8.
    Мұқашев, З. Шығысымның ардақтысы – Оралхан [Электронный ресурс] / З. Мұқашев // Арай. — 2014. — 26 қыркүйек. — Б. 2.
    Смағұлов, Т. Алтайын асқақтатқан алып тұлға [Электронный ресурс] / Т. Смағұлов // Арай. — 2014.- 8 қазан. — Б. 2.
    Мағзұмов, Тоқтархан. Оралхан әдебиеттің есігін өлеңмен ашқан [Мәтін] / Т. Мағзұмов // Дидар. — 2015. — 5 маусым. — Б. 22.
    Нұрқамбаева, А. О.Бөкейдің «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесі [Мәтін] / А. Нұрқамбаева // Тәрбие құралы. — 2016. — №1. — Б. 23-24.
    Қасым, А. Оралхан Бөкейдің біз білмейтін бауыры кім? [Электронный ресурс] / А. Қасым // Дидар. — 2016.- 15 қаңтар. — Б. 10.
    Қабышев, Ғ. Орны бөлек он жыл [Мәтін] : [Шығыс Қазақстан облыстық «Дидар» газетіндегі қызметі туралы.] / Ғ. Қабышев // Дидар. — 2016. — 22 қазан. — Б. 20-21.
    Иманғали, М. 16 мектепке ұлт қайраткерлерінің есімдері берілді. [Мәтін] / М. Иманғали // Дидар. — 2016. — 5 қараша. — Б. 2.
    Өрібаев, Аян. Тау тұлға [Мәтін] / А. Өрібаев // Менің өлкем. — 2017.- 26 қаңтар. — N 4. — Б. 5.
    Бөкей, О. Апамның астауы [Мәтін] : эссе / О. Бөкей // Тұмар : Республикалық әдеби-көркем журнал. — 2017. — N 3. — Б. 78-93.
    Рахишева, Л. С. Қазақ прозасының Мұзтауы [Мәтін] / Л. С. Рахишева // Педагогикалық ой = Педагогическая мысль : Республикалық журнал. — 2017. — N 4. — Б. 29-30.
    Ким, Анатолий. Менің Оралханым [Мәтін] / Ким Анатолий // Егемен Қазақстан. — 2017.- 24 шілде (№ 139). — 8 . — Жазушы Оралхан Бөкеев туралы естелік.
    Нурмолдина, А. Д. Өр Алтайдың асқақ жыршысы [Текст] / А. Д. Нурмолдина // Мектептегі кітапханашы = Библиотекарь в школе. — 2017. — N 9/10. — С. 2-3.
    Қорғасбек, Жүсіпбек. Аңыз Оралхан [Электронный ресурс] / Ж. Қорғасбек // Ақ желкен. — 2018.-№ 5. — Б. 1,11-16.
    Абенова, С. Оралхан деп ән салады шағылдар. [Мәтін] / С, Абенова С. А., Нурмолдина А. // Мектептегі кітапханашы = Библиотекарь в школе. — 2018. — N 9. — Б. 7-9.
    Тұманбайұлы, К. Оралханға оралу [Мәтін] / К. Тұманбайұлы // Қазақ әдебиеті. — 2018. — N 38. — Б. 18.
    Нұқсара, Аманжан.Әдебиетке деген сүйіспеншілік екеуімізді дос етті [Мәтін] / Аманжан Нұқсара // Арай. — 2018. — N 40. — Б. 3 : портр.
    Қабышұлы , Ғ. Ораш [Мәтін] / Ғ. Қабышұлы // Дидар. — 2018. — 20 қыркүйек. — Б. 21. ; 27 қыркүйек. — Б. 21.
    Аймақ жұрты ақиығын еске алды [Мәтін] : [Шығыс жұрты жазушы О. Бөкейдің мерейтойын кең көлемде атап өтті.] // Дидар. — 2018. — 29 қыркүйек. — Б. 3.
    Қасым, Азамат. Алтайдың ақиығына арналған айтыс [Мәтін] / Ә. Асқаров // Егемен Қазақстан. — 2018. — 2 қазан. — Б. 12.
    Иманғали, М. «Қасқыр ұлыған түнде» [Мәтін] : [Облыстық драмтеатрда О. Бөкейдің драмасы қойылды. ] / М. Иманғали // Дидар. — 2018. — 4 қазан. — Б. 12.
    Құрманғали, Қуаныш. Жорналшы Оралханның кейіпкерлері [Мәтін] / Қуаныш Құрманғали // Қазақ әдебиеті. — 2019. — N 1. — С. 20-21.
    Маханбет, С. Оралханның шапағаты көп тиді [Мәтін] / С. Маханбет // Дидар. — 2019. — 7 ақпан. — Б. 13.
    Ибраимова, Ғалия. Оралханның алғашқы махаббаты [Электронный ресурс] / Ғалия Ибраимова // Арай. — 2019.- 8 ақпан. — Б. 6.
    Зибагүл Қарина: Кейіпкерлерімнің қарапайымдылығынан қайсарлықты үйрендім [Электронный ресурс] / сұхб. Азамат Есенжол // Алматы ақшамы. — 2019.- 15 маусым. — Б. 9 : портр.
    Кастюк, Лариса. Оралхан Бөкей және Бақы Урманче [Мәтін] : қаламгердің шығармалары бойынша иллюстрация жасаған татар суретшісі Бақы Үрманче жайында / Л. Кастюк // Егемен Қазақстан. — 2019. — 27 қыркүйек. — Б. 13.

     

  • Оралхан Бөкей атындағы…

    Өскемен қаласы әкімдігінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ Оралхан Бөкей атындағы атауының берілу туралы

    Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің «Жазушы Оралхан Бөкеев есімін мәңгі есте қалдыру туралы» 27 тамыз 1993 г. N 742 қаулысы негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 637 «Шығыс Қазақстан облысының мәдениет және білім беру ұйымдарына атау беру мен қайта атау туралы» Қаулысы жарияланды.
    Бұл күн — 31 қазан 2016 жыл – кітапхана дамуының жаңа кезеңінежолашты.Оралхан Бөкейдің
     өмірбаяны 
    және  шығармашылығымен осы жерде таныса аласыздар.

     

     

     

    Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті жазушы Оралхан Бөкеевтің есімін мәңгі есте қалдыру туралы ҚАУЛЫ етеді:

    1. Көрнекті жазушы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері Оралхан Бөкеевті мәңгі есте қалдыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің, Қазақстан Жазушылар одағының және Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Шығыс Қазақстан облыстық бюджеті, сондай-ақ басқа да түсімдер есебінен О.Бөкеевтің қабірі басына ескерткіш құлпытас тұрғызу, жазушы тұрған Алматы қаласы Жамбыл көшесіндегі № 165 үйге мемориалды тақта орнату, жазушының туған жері Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданында О. Бөкеевтің әдеби-мемориалдық музейін ұйымдастыру туралы;

    — Алматы қаласының бір көшесіне, Өскемен қаласындағы бір мектепке О. Бөкеевтің есімін беру туралы;

    — Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің студенттері үшін О.Бөкеев атындағы бір стипендия тағайындау туралы Қазақстан Республикасының Білім министрлігімен, Қаржы министрлігімен және Алматы қаласының әкімімен келісілген ұсыныстары құпталсын.

     2. Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігі О. Бөкеевтің екі томдық таңдамалы шығармалар жинағын, жазушы туралы естеліктер жинағын бастырып шығаратын болсын.

    1993 жыл, тамыз.

     

  • Даланың кербұғысы еді

    Оралхан көпшіліктің айтуымен емес, көзбен көріп, ауызба – ауыз сөйлескен жолдас жігіт еді. Марқұм көп шешіле бермейтін, тұйықтау жан болатын. Оралхан маған қашанда өзінің ішкі жандүниесімен, ішкі әлемімен арпалысып жүретіндей көрінетін.

    Оралхан қайтыс болғаннан кейін, марқұмның жолдасы Ардақ жеңгеміз, тағы бір топ дос — жараны маған Оралхан қабірінің басына қойылатын құлыптас жасауға ұсыныс білдіріп еді. Оралханның образын сомдау – мен үшін қызықты да, күрделі дүние болды. Табиғат – Ана Оралханнан ештеңесін аямаған еді. Дос сүйініп, дұшпан күйінген құдіретті дарынмен бірге, Оралхан қыз қызыққандай бітім – келбет иесі де болатын. Өзі аса талантты суреттеген Кербұғысындай керіліп жүретін жан еді. Маған «сыртқы сән – салтанатымен бірге, арпалысқан ішкі жандүниесін қалай бейнелесем екен», деген ой маза бермеді. Содан, марқұмның туған – туыс, дос – жарандарымен әңгімелесіп, жазған дүниелерін қайта парақтағаннан кейін, бір ішкі символикалық шешімге келді. Нәтижесінде бір нәрседен бұлқынып шыққысы келген, бір нәрсені үзгісі келген Оралханның бюсті дүниеге келді. Өзіміз жиі теңей беретін Оралханның Кербұғысы – бұл жолы аяқтарын бауырына жинақтап, ақырын жантайған Кербұғы – қабіртастан орын алмаса – күнә болатындай болып көрінді. Ағамыздың бейнесіне жеңгеміз Ардақ, Оралханның туыс, дос – жараны, менің қуанышыма, ризашылықтарын білдірді. Образдың дәл шығуына кезінде марқұмның бет – жүзінен алынған масканың да септігі тиді.     

    Сөз мәйегі қатар өріліп жататын Оралхан творчествосын өз басым Шыңғыс Айтматов творчествосымен салыстырғанды ұнатамын. Мысал ретінде «Ақ кемедегі» бұғы тағдырын айтсақ та болар. Оралхан психологиялық – философиялық шиеленістерді шебер береді. Сосын, оқиғаны өмірдің өзінен алатын. Оралхан творчествосы шырқау шегіне жетпей дүниеден өтіп кетті. Бұл менің өз ойым. Тірі жүрсе ғой, әлі талай тың да салмақты дүние тудыратын еді – ау, ерім…

    Әбішев Бақыт, мүсінші

  • Көркемсөздің Құлагері

    Есімі елге танымал қаламгер Оралхан Бөкейдің 70 жылдық мерейтойы өзінің кіндік қаны тамған Шығыс елінен бастау алып, кең көлемде дүркіреп аталып өтті. Шығармашылығымен дүйім жұрттың жүрегінен орын алған талантты жазушы аз ғұмырында әдебиетте өшпестей із қалдырып, өзіндік жол салып кетті.

    Мерейтойға жиналған көпшілік қауым, атап айтқанда, елімізге белгілі ақын-жазушылар Төлен Әбдік, Кәдірбек Сегізбаев, Жанай Омар, Жұмабай Шаштайұлы, Нұртөре Жүсіп, Ұлықбек Есдәулет, Шәрбану Бейсенова, Нұрдәулет Ақыш, «ҚазАқпарат» баспа корпорациясының бас директоры Қонысбек Ботбай, «Түркістан» газетінің бас редакторы Шәмшиддин Паттеев, т.б. сөз сөйлеп, өз естеліктерімен бөлісті.

    «Бір кездері бұл ауыл Шәңгіштай деп аталған екен. Оралхан жазушылыққа бала кезден құмарланды. Өр Алтайдың құнарлы табиғатынан уызданған қаламгер өзгеге ұқсамайтын қолтаңба қалдыра білді, повестері мен сағынышқа толы әңгімелерін, романдарын бірінен кейін бірін шығара бастады. Жазушының шығармалары орыс тілінде орталық басылымдарда жарық көріп жатты. Енді, міне, ел-жұрты жазушы талантына бас иіп, мерейтойын жасауда» деп атап өтті белгілі қаламгер Дидахмет Әшімханов.

    Мерейтойдың үшінші күні Мұзтаудың мұзбалағына арналған еңселі ескерткіш бой көтерді. Ұлттық аспаптар оркестрі домбырашыларының орындауындағы Құрманғазының «Балбырауыны» да ерекше сезімге бөледі.

    Осы сәтте ортаға шыққан Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жиналған қауымды құттықтап: «Өнер адамының, әдебиет өкілінің ғұмыры – мәңгілік. Жазушы мен ақынның арқасында ел мен жердің аты шығып, кіндік қаны тамған өлкеге деген құштарлық артады. Оралханның әдебиетке сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. Оның кез келген шығармасын алсаңыз, туған жер мен елге деген ыстық махаббаты айқын сезіледі. Жазушының шығармаларын насихаттап, жас ұрпақ санасына сіңіру міндет. Екі-үш күннен бері дүбірлетіп той өткізіп жатқандағы мақсат – жазушының есімі мен тұңғиық әлемін ел жадында тоқи беру. Ескерткіш – тарихи құндылыққа жатады. Бүгінге дейін Өскеменде Оралханға ескерткіш тұрғызылды. Өңірде оның есімімен үш мектеп аталады, бірнеше көше бар. Ал туған жерінде мынадай үлкен ескерткіштің орнатылуы шын мәнінде ерлік. Оған қаржылай көмек көрсеткен кәсіпкерлер Тумашинов, Исабаев, Сқақов, ауданның бұрынғы басшысы Бекбосынов, тіпті еліміздің түкпір-түкпіріндегі Оралханның шығармасына бас иетін азаматтарға, бір күндік жалақыларын аударған аудан жұртшылығына алғысым шексіз» дей келе, одан әрі «Талантты режиссер Жаңабек Жетіруов Оралхан туралы 40 минуттық деректі фильм түсірді. Аманшылық болса, енді көркем фильм түсіруге әзірленіп жатыр. Оған «Қазақфильмнің» басшысы Ермек Аманшаев көмек жасайды деген ойдамыз» деген пікірін білдірді.

    Ал Астанадан келген ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің жауапты хатшысы Жанна Құрманғалиева министр Мұхтар Құл-Мұхаммедтің құттықтау хатын оқыса, жазушының достары Төлен Әбдік, Қуанышбай Құрманғали да жылы лебіздерін білдірді.

    Катонқарағайдағы Мәдениет үйінде «Көркемсөздің Құлагері» атты ғылыми-практикалық конференция болды. Конференцияның ұйымдастырушысы әрі модераторы Әлібек Асқаров жиынды ашып, мұндай іс-шараны жазушының туған жерінде өткізуде терең мағына жатқандығына тоқталды.

    Мерейтой барысында жазушының туыстары Оралхан аруағына арнап құран-қатым түсіріп, ас берді. Жиналғандар «Қоңыр» тобы мен жергілікті өнерпаздардың өнеріне сүйсініп, ризашылықтарын білдірді.

    Бағдагүл Балаубаева.

     

    Балаубаева, Б. Көркемсөздің Құлагері [Мәтін]: О.Бөкеевтің Катонқарағай ауылындаға ашылған ескерткіші туралы/ //Ана тілі. — 2013. – 19 қыркүйек.

  • Шыңғыстай ауылында Әбдікерімге арналған ескерткіш тақта ашылды

    28.06.2017

    Көненің көзі қайта қалпына келді. Катонқарағай ауданы, Шыңғыстай ауылындағы тарихи мектептің көшірмесі бой көтеріп, Әбдікерім болысқа арналған ескерткіш тақтасы ашылды.

    Үлкен қоңыр үй осыған дейін Катонқарағай ауылында тұрған қарағайдан салынған көне ғимарат еді. Жуықта кәсіпкер Ұлықбек Тумашиновтың мұрындық болуымен Шыңғыстайға көшірілген қоңыр үйдің қабырғасына Әбдікерім болыстың ескерткіш тақтайшасы орнатылып, салтанатты түрде ашылуы болды. Тас тақтаға болыстың портреті басылып, Әрімжан ақынның төрт жол өлеңі қашалған екен:

    Шыңғыстай бір тамаша жер екен ғой,

    Қаратай берекелі ел екен ғой.

    Алтайда алтын ұя -мектеп ашқан,

    Әпекең бір асқар тау бел екен ғой.

    Ал мектеп мұражайдың ішінде Әбдікерім Ережепұлына арналған жеке бөлме болмақ. Қазіргі уақытта жәдігерлерді жинастыру жұмыстары жүріп жатыр. Ал енді бір бөлме жазушы Оралхан Бөкейге арналмақ. Сондай-ақ, жергілікті ақын-жазушылар мен осы мектептен қанат қаққан түлектерге де арнайы орын бөлінеді. Сол заманға сай сынып бөлмесі де жабдықталып қойды. Мұнда ескі парталар, глубос, оқушылардың көне сөмкелері қойылды. Ал бір бұрышында контрамарка пеш орналастырылды.

    — Аудандық өлкетану мектеп-музейін тамыздың соңына қарай ашуды жоспарлап отырмыз. Атқарылмаған жұмыстар әлі көп. Әзірше қолда бар жәдігерлерді жинақтап жатырмыз. Сынып бөлмесіне Ыбырайдың, Абайдың қанатты сөздері төте жазумен жазылды, — дейді Катонқарағай аудандық мәслихатының хатшысы Дүйсен Бралинов.

    Ал мектеп ауласына иесін жоқтап тұрғандай етіп аттың мүсінін жасалды. Бұл дегеніміз Әбдікерімнің Қытайда қалғанының белгісі іспеттес екен. Сондай-ақ, қураған теректің артық бұтақтары алынып, ақпен сырланды. Бұл кешегі өткендердің белгісі болса, дәл жанына жас тал егіп қоймақ. Яғни, бүгінгі ұрпақтың белгісі болмақ. Ескерткіш тақтаның салтанатты ашылуына ауыл ақсақалдары, аудан басшылары жиналып, Әбдікерім рухына құран бағышталды.

    Мерей Қайнарұлы

    https://altaynews.kz/kz/arxiv/shyngystay-auylynda-abdikerimge-arnalgan-eskertkish-takta-ashyldy.html

  • Оралхан атындағы көшелер

    — 2025 жылғы 4 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің №301 бірлескен қаулысы мен Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 9 желтоқсандағы №26/214-VIII шешімі — «Шығыс Қазақстан облысының Өскемен және Риддер қалаларының кейбір құрамдас бөліктерін атау туралы» құжатына сәйкес, Өскемен қаласындағы Утепов көшесі Оралхан Бөкей көшесі болып қайта аталды.

     

    — 1993 жылы 8 желтоқсанда Катонқарағай ауданы Үшбұлақ ауылындағы № 3 көшеге – «Оралхан Бөкей атындағы» атау берілді.

     

    — 1994 жылы Өскемен қаласындағы Металлург кентіндегі бір көшеге О.Бөкейдің есімі берілген.

     

    — Алматы қаласы әкімінің 03.11.1997 № 655 қаулысына сәйкес Алматы қаласындағы бір көшеге қоғам қайраткері, қазақтың талантты жазушысы, қолтаңбасы дара суреткер, қара сөздің хас шебері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, жазушы, драматург, публицист Оралхан Бөкеевтің есімі берілген. Көше Әуезов ауданында орналасқан. Райымбек даңғылынан басталып Рысқұлов даңғылына дейін созылып жатыр. Бұрынғы атауы — Севанская көшесі. Көшенің ұзындығы — 1250 метр.

    Алматы көшелері. Анықтамалық энциклопедия [Мәтін]:

    – Алматы: “ИП Волошин” баспасы, 2009. ISBN 978-601-7157-18-0. https://kk.wikipedia.org/wiki/

     

     

  • Шыңғыстай ауылында Әбдікерімге арналған ескерткіш тақта ашылды

    28.06.2017

    Көненің көзі қайта қалпына келді. Катонқарағай ауданы, Шыңғыстай ауылындағы тарихи мектептің көшірмесі бой көтеріп, Әбдікерім болысқа арналған ескерткіш тақтасы ашылды.

    Үлкен қоңыр үй осыған дейін Катонқарағай ауылында тұрған қарағайдан салынған көне ғимарат еді. Жуықта кәсіпкер Ұлықбек Тумашиновтың мұрындық болуымен Шыңғыстайға көшірілген қоңыр үйдің қабырғасына Әбдікерім болыстың ескерткіш тақтайшасы орнатылып, салтанатты түрде ашылуы болды. Тас тақтаға болыстың портреті басылып, Әрімжан ақынның төрт жол өлеңі қашалған екен:

    Шыңғыстай бір тамаша жер екен ғой,

    Қаратай берекелі ел екен ғой.

    Алтайда алтын ұя -мектеп ашқан,

    Әпекең бір асқар тау бел екен ғой.

    Ал мектеп мұражайдың ішінде Әбдікерім Ережепұлына арналған жеке бөлме болмақ. Қазіргі уақытта жәдігерлерді жинастыру жұмыстары жүріп жатыр. Ал енді бір бөлме жазушы Оралхан Бөкейге арналмақ. Сондай-ақ, жергілікті ақын-жазушылар мен осы мектептен қанат қаққан түлектерге де арнайы орын бөлінеді. Сол заманға сай сынып бөлмесі де жабдықталып қойды. Мұнда ескі парталар, глубос, оқушылардың көне сөмкелері қойылды. Ал бір бұрышында контрамарка пеш орналастырылды.

    — Аудандық өлкетану мектеп-музейін тамыздың соңына қарай ашуды жоспарлап отырмыз. Атқарылмаған жұмыстар әлі көп. Әзірше қолда бар жәдігерлерді жинақтап жатырмыз. Сынып бөлмесіне Ыбырайдың, Абайдың қанатты сөздері төте жазумен жазылды, — дейді Катонқарағай аудандық мәслихатының хатшысы Дүйсен Бралинов.

    Ал мектеп ауласына иесін жоқтап тұрғандай етіп аттың мүсінін жасалды. Бұл дегеніміз Әбдікерімнің Қытайда қалғанының белгісі іспеттес екен. Сондай-ақ, қураған теректің артық бұтақтары алынып, ақпен сырланды. Бұл кешегі өткендердің белгісі болса, дәл жанына жас тал егіп қоймақ. Яғни, бүгінгі ұрпақтың белгісі болмақ. Ескерткіш тақтаның салтанатты ашылуына ауыл ақсақалдары, аудан басшылары жиналып, Әбдікерім рухына құран бағышталды.

    Мерей Қайнарұлы

    https://altaynews.kz/kz/arxiv/shyngystay-auylynda-abdikerimge-arnalgan-eskertkish-takta-ashyldy.html

  • Әбдікерім мектебі қайта жаңғырды

    Асқақ Алтайдың алқымындағы Катонқарағай ауданының Шыңғыстай ауылында бір ғасыр бұрын Әбдікерім болыс салғызған мектептің көшірмесі бой көтерді. 

    Көне де жаңа нысан мектеп-музей болып ашылып отыр. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асқан шара Әбдікерім болыстың туғанына 155 жыл толуымен және еліміздегі ең алғашқы білім ордаларының біріне саналатын мектептің 110 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр.

    Мектеп-музейдің ашылуына Әбдікерім Ережепұлының туған шөбересі Еркін Бәйіс те келген екен. Тұсаукесер лентасы қиылмас бұрын қойылған театрландырылған көріністе білім ордасынан түлеп ұшқан Социалистік Еңбек Ері Бошай Кітапбаев, КСРО Халық мұғалімі Құмаш Нұрғалиев, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары, жазушы Оралхан Бөкей, Әлібек Асқаров және Дидахмет Әшімхан сынды елге белгілі тұлғалардың есімдері аталды.

    Мәдени шаңырақтың ішінде Әбдікерім болыстан бастап белгілі тұлғалар туралы деректер қойылған. Бір бөлме өткен ғасыр үлгісіндегі сынып ретінде жабдықталыпты. Музейдің ашылуына куә болған ауыл тұрғындары айрықша қуанышты.

    – Оқушы күніміз көз алдымызға келді, – дейді жетпістің жетегіндегі Нұрлан ақсақал. – Тарихымызды тірілткен аудан азаматтарына алғысым шексіз. Оның ішінде өз қаржысына осы мектеп-музей үйін салып берген Ұлықбек Тұмашиновке ризамыз. Музей ішін жабдықтауға зор үлесін қосып жүрген Дүйсен Бралиновке де мың алғыс.

    Азамат Қасым.

    Қасым, А. Әбдікерім мектебі қайта жаңғырды [Мәтін] / А. Қасым // Егенмен Қазақстан. — 2017. — 5 қыркүйек. — Б.3.

     

  • ШҚО сәулет-этнографиялық мұражай-қорығы этнопаркіндегі О.Бөкейдің әдеби-мемориалдық кешені

    2004 жылы Өскемен қаласындағы ШҚО сәулет-этнографиялық мұражай-қорығы этнопаркінің ашылуы болды. Бұл — О.Бөкейдің әдеби-мемориалдық кешенімен ШҚО-ның үздік жазушыларының шығармашылығының назарына ұсынылған ШҚО сәулет-этнографиялық мұражай-қорығы облыстың ең таңдаулысы екенін баса айту керек.

    Сәулет-этнографиялық мұражай-қорығы аумағында қос бірдей жазушылар үйі бой көтерген. ШҚО-ның қазақ жазушыларының үйі бірқабатты ағашбөренелі ғимаратта Оралхан Бөкейдің, орыс жазушылары үйі алдына Павел Бажовтың мүсін – ескерткіштері қойылған. Мүсін авторы — В. Б. Самойлов. Мұражай экспозициясында Оралхан Бөкейдің мемориалдық заттарынан: шылым трубасы, «чукчанка-қыз» кәдесыйы, жеке кітапханасынан алынған қолтаңбасы бар қазақ тілі оқулығы орын алған.