Автор: Dmitry

  • Қисық

    Қисық

    Қыйсықтан Құттықадам, Едіге, Айтқұл, Ұзақ, Көкілер тарап, «Бес Қисық» атанған.

    Дәулеттің шөбересі (Досқұлы – Қисықтан) Көкі деген кісі ұрпақты болған. Бірнеше әйелдерінен 17 ұл көрген. Онан басқа алымта-қарымта заманында қарсы жақтан мал да, жан да қолды болып, басым жақ ағайын барысында олар бөліске түскен. Сондай бір мерзімде Көкі: «Мен мал алмаймын, жан алайын» — деп, қабағы түскен Ершен деген қалмақ баласы мен көзі қарақаттай жаудыраған қазақ баласы Ноғашты алыпты. Өзі кеңпейілді Көкі, балалы-шағалы болса да, Ершенді де, Ноғашты да бала етіп өсіріп, ержеткен соң «бөлтек балаға, селтек қыздарың бар ма?» — деп жүріп, екеуін де үйлендіріп, екі отау тігіпті.

    Құдайдың құдіретімен… осы екеуінен де едәуір ұрпақ тарап, олардың ішінен тамаша ақындар да, шешендер де, әділ би де, орамды, пысық ауқатты бай адамдар да шыққан.

    Ноғаштың Мәнекей деген баласынан 4 ұл туады. Аттары Күмпейіс, Көдебай, Таңырық, Тазбала төртеуі де өз қатарының алды, рулы елге белгілі жақсы жігіттер болып өседі. Ерекше өнерімен, өзі әнші, өзі ақын, өзі өте тұлғалы, келбеттісі Таңырық болады. Таңырық 18-20 жасынан бастап Қаратайға, Көкжарлыға белгілі ақын, әнші болып атағы шығады. Семей, Ом быға дейін барып, көп жиында айтысып, ән салып жүлде алған белгілі ақын екен.

    ХVІІІ ғасырдың аяқ шенінде Өр Алтайға, Бұқтырма бойына орыс келімсектері, атты казак орыстар келе бастап, жергілікті халықтың өрісі, қонысы тарыла бастайды. Ептеген кикілжің жанжал да шығып қалады.

    Осындай бір шақта, халқының еркесі, өзі де балғын денелі Таңырық бір жанжалда шыдамсыздық істеп, дау-жанжалға кездесіп қалады. Сонан тайқып, Өмір, Есілбай, Байқозы секілді батыр, ержүрек достарымен Қытай еліне өтіп кетеді. Жалғыз қызы мен келіншегін ала кетсе керек.

    Қытай елінде Абақ керейдің, жайырдағы Наймандардың арасында жүріп, ауырып қайтыс болады. Жанындағы серік, жолдастарынан елге өлеңмен сәлем жолдайды. Бұл 1890 жылдардың маңайында. Таңырықтың елге айтқан өмірден өтердегі сәлемі баспа бетін көре алған жоқ, тек ел аузында, ағайындарыы, ұрпақтары буыннан – буынға ауызша айтумен жалғастырып, айтып келеді…

    Таңырықтың бергі атасы Көкі болғанда, арғы атасы Қыйсық.

    Кітапбаев, Б. Айта-айта Алтайды, Бошай ата қартайды [Мәтін]: — Өскемен: Рекламный Дайджест, 2012. – 500 б.

  • Дәулет

    Дәулет

    Бескенің Дәулетінен Есқұлұлы, Досқұлы атты екі ұл туған. Есқұлыдан Бәйкісі және Бәйтен, ал Досқұлынан Құратай, Қыйсық аталары тараған.

    Ақтанберді жыраудың батасын алып, Найман ішіндегі Сыбаннан шыққан Ақтайлақ бимен бір кезде өмір сүрген Жарылғас бидің немересі – Мая би Қаратай еліндегі құрметпен еске түсіретін абзал абыздардың бірі. Мая би және Қаратай елінің байы Есбол Құратайұлы мен баты­ры Шеруші Жәнібек Шақабайұлы үшеуі 1750 жылдары елдің алғашқы бір тобын бастап әкеліп, дәл осы қазіргі мекеніне қоныстандырған.

    Мая Тоқарыстанұлы – жазбаша тарихқа кірген адам. 1745-47 жылдары Семей, Өскемен қаласының әкімдерімен келіссөз жүргізіп, Өр Алтайды бетке алып, ежелгі мекенге ба­рып қоныстанғанын хабарлайды. Отаршылардың әдеті емеспе, қазақ пен қалмақтың арасына ши жүгіртіп, соғыстырмақ болғаны қағазда қалған сықылды. Бірақ Мая бидің көреген саясаткерлігі елді арандатудан аман алып қалады. 

    Мая биден кейінгі Қаратай елінің сөз тізгініне ие болған қайраткер – Дәулет Есбол байдың тұңғышы Мәметек. Катонқарағай өңірінде тұратындар жақсы біледі, аяқ бассаңыз болды, жер атауы, көл атауы, төбе, шоқы, жота, саз, бұлақ Мәметек атымен ата­лады. Жарылғас пен Мая бидің ерекше қасиеті Есбол ба­лаларынан Мәметекке ғана дарыған ғой. Мәметектен кейінгі Қаратай елінің сөзін ұстаған – Дәулет ішінде Бәйкісі атаның баласы Шәкен. Әкесі — Бұрхат Байкісіұлы. Би болған. Шәкен – Бұрхат бидің баласы. Ол да атақты би болған. Еңбек ауылының батыс жағында «Шәкен бұлағы»деген жер бар. Моңғолиядағы Өр Керейлерді биле­ген.

    1860 жылға дейін Қаратай елі не Ресей, не Қытайға қарағанын білмей, дүбәра тіршілік кешіп келсе, осы кезде жүргізілген екі мемлекеттің шекаралық комиссиясының шешімі бойынша, Катонқарағай өңірі біржолата Ресей құрамына қарайтын болды. Осыдан кейін Шәңгіштай болы­сы құрылды. Сөйтіп Шыңғыстайдың алғашқы болысы болып Ережеп Ноқайұлы сайланып, содан 30 жыл табан аудармастан Қаратай елін басқарды. Бұл ұлы жазушы М. Әуезовтің «Абай жолы» романындағы: «Жиынға Өр Алтайдан Ережеп келді» дейтін Ережеп осы. Ережеп Дәулет Есболдың алтын­шы ұлы Жанмырзадан тарайтын шөбересі. Болыстың бірінші биі, яғни басты биі болып Маяның немересі Рүстем сайлана­ды. Сөйтіп Рүстем би атанады. Бір таңданарлық тарихи де­рек: Ережеп те, Рүстем де 30 жылдан кейін өз қызметтерін ұлдары Әбдікерім мен Мұсаға тапсырып өткізіп кеткен. Ере­жеп пен Рүстем екеуі де сөзге бірдей жүйрік болғандықтан, елі оларды Қос Қарагер деп атаған екен. Ережептің бәйгеден қатар озып келетін екі қарагер сәйгүлігі болған деседі. Халқы соны меңзеді ме, әлде екеуінің де түсі қараторы болды ма екен, кім білсін?! 

    Алыптардың соңғы тұяғы, Қаратай елінің ақырғы атақты биі – Мұса Рүстемұлы. КСРО және Қазақстан оқу ісінің үздігі, Ленин орденді ардагер ұстаз Садық Түкебайұлының қалдырған мағлұматы бойынша Мұса би 1861 жылы туып, 1928 жылы қызылдардың қысымынан пәниден баз кешті. Бай-кулактардың тізіміне ілігіп, жер аударылатын болған соң, туған жердің топырағы бұйырсын деп, өзіне-өзі қол жұмсаған. Мұса бидің айырықша атап өтер еңбегі – сол кез­де санаулы адамдар ғана шұғылданған қазақ шежіресімен айналысып, оны 1910 жылдар шамасында кітап етіп баспадан шығаруы еді. Бошай аға Кітапбаев Мұса би шежіре кітабын өз қаржысына Омбыдан бастырып шығарған десе, Садық ақсақал Қазаннан шығып еді деп отыратын. 1992 жыл ғой деймін, күзде Оралхан Бөкеймен Катонқарағай аудандық баспаханасында кездесіп, Мұса бидің шежіре кітабын тауып алғанын айтып, сүйінші сұрап, ротопринтпен көбейтіп, бір-бір данасын Қайырды екеуіңе жіберем деген уәдесі бар еді, тағдыр оны орындауға мүмкіндік бермеді. Мұса би ту­ралы және оның сөздері жөнінде Б. Кітапбаевтың «Шежіре» кітабының 2-томында толығырақ қамтылып жазылған.

    Мақажан ақын – Таңырықтың аталас інісі. 1840 жылда­ры туып, 1920 жылдарда таулы Алтайдың Қосағаш ауда­нына қарасты Жазатыр ауылында қайтыс болған. Мақажан Байпақұлы да Дәулеттің Көкі атасынан тарай­ды. Қаратайдың өткен ғасырда өмір сүрген ақындарынан көбірек ауызға алынатыны да, өлеңі көбірек сақталғаны да осы Мақажан. 

    Мақажанға өлең он жеті жасында дарыған екен дейді… Түсінде Қызыр бабамыз: «Көген аламысың, өлең аламысың», – деп сұраса керек. «Көгенді қайтем, тіршілік болса то­лады, баға жетпес қазына – өлең берсең болады», – дей беріп оянып кетсе керек… Сөйтіп үш күннен кейін Мақажанға өлең қонады. 

    Таңырық та, Мақажан да құйылып, төгіліп тұрған ақпа-төкпе ақындар болған. Оларға ойын қарасөзбен жеткізуден гөрі өлеңмен жеткізу әлдеқайда жеңіл екен. Ал Қаратай Шеруші атадан шыққан Қатшыбай ақын әрі тауып айта­тын өткір, әрі қауып айтатын сыншыл, міншіл ақын болған. Қазіргі поэзия теориясының тілімен оның өлеңдері шым­шыма деуге де болатын, мысқыл, әжуа қоюланып келетін сықақтар. 

    Дәулет ішінде Тайлақ деген атадан тарайтын Тікебай ақынның ел аузында жүрген шығармалары көп. Бірақ ол кісі туралы көп дерек қолыма түспеді. 

    Назырбаев, Қ. Катонқарағай қаламгерлері. [Мәтін]: Өмірдеректері мен шығармалары туралы Қ. Назырбаев. – Астана: Нұра-Астана, 2017. – 176 бет. 

  • Қаратай

    Қаратай

    Катонқарағай ауылының кіреберісіндегі Қаратай батырға арналған ескерткіш. Мүсінші Жеңіс Молдабаев. 28.09. 2015.Ел ақсақалы Бошай Кітапбаев үш томдық «Шежіре» атты кітабында Қаратай елінің қайдан шыққанын жан — жақты таратып жазды. Ақсақалдың айтуына қарағанда, Қаратайдың азан шақырып қойған аты Кенжебай болса керек. Бала кезінде ол Алтай өңірінде өткізілген бір үлкен адамның асында тай жарысында өзі мінген қара таймен бәрінен озып келіпті. Бәйгені тамашалап тұрған көрермендер «Қаратай келеді, Қаратай келеді!» деп айғайлап, кейіннен сол қара тайға мініп шапқан бала Кенжебай — Қаратай атанып кетсе керек. Қаратаймен бәйгеден келген баладан ел сөзін сөйлеп, ерлік үлгісін қалдырған Қаратай батырға дейінгі тағдыр ел арасында қалай баяндалады? Тайға таңба басқандай нақты құжаттар қолға түспегенмен, ауызша деректерде Қаратайдың от ауызды, орақ тілді би болғаны, оның атақты Қарасай батырмен бір тұста өмір сүріп, қол бастағаны жиі айтылады. Ал шежірешілер Қаратай әулетінің баянын былай тарқатады: тоғыз таңбалы найманның бір таңбасы Ергенектіден Сарыжомарт, Бура, Көкжарлы тарайды. Көкжарлыдан жеті Көкжарлы атанып кеткен жеті ұл — Андағұл, Жәрке, Қайқыберді, Қаратай, Құдайсүгір, Тәңірберді, Тілеуберді өрбиді. Ал Қаратайдан тараған Сарғалдақ, Дәулет, Шоңмұрын, Шеруші, Кәлім, Болат және олардың ұрпақтары тұтасымен Қаратай елі деп аталады.

    Ел мен жер тарихына жетік жазушы Қ.Ысқақ Қаратайдың қол бастаған ерлігіне орай: «…Қилы — қилы заманда Сырға дейін босып, бабасының моласын Қаратауда қалдырып, атасының зиратын Арқадағы Тайатқан- Шұнақта тастап, Маңырақтан атамекені Катонқарағайға XVIII ғасырдың ортасында сүлдерін сүйретіп зорға жеткен Ергенектінің Қаратайы» деп баяндайды…

    «Тайатқан Шұнақтағы» Қаратай батыр кесенесінің бұрынғы көрінісі. 2001 жыл. Арқадағы Манақа өзені бойында найманның Қаратай деген руы өмір сүргені туралы деректі Н. А. Аристов баяғыда  1897 жылы «Заметки об этническом составе тюрских племен и народностей и сведения об их численности» деген еңбегінде жазып кеткенін білікті ғалым, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қойшығара Салғараұлынан да естігенбіз.

    Белгілі ғалым, жазушы Ақселеу Сейдімбек жазушы Әлібек Асқаровқа телефон шалып: «Сендер «Фолиант» баспасынан 2008 жылы шыққан менің  «Қазақтың ауызша тарихы» деген кітабымның 273-274 беттерін ашып қараңдаршы», — деген екен. Қарадық. Онда былай жазылған: «Қаратай елі. Қазақстанның шығысында, Алатай алабының Катонқарағай өңірінде Шабанбай жайлауы деген жер бар. Бұл жайлауды ертеден бері найман ішіндегі Қаратай елі мекен етеді. Жердің жаннатындай Шабанбай жайлауын қоныс еткен елдің еңсесі биік. Осыған орай айтылса керек, ел аузында: «Шабанбайдай жер қайда, Қаратайдай ел қайда?!»

    Кесененің реставрация жасағаннан   кейінгі түрі. 2015 жыл.…Бүгінде Катонқарағай ауылында Қаратай батыр атында саябақ ашылып, ауылдың кіреберісінде батыр бабаға ескерткіш мүсін орнатылған.

    Қайырды Назырбаев.

    Назырбаев, Қ. Катонқарағай [Мәтін]:  – Астана: Фолиант, 2011. – 280 б.

  • Найман

    Найман
     
    Дулат Бабатайұлы бір өлеңінде «Сөзімді мені сұрасаң – сары алтынның буынан, сойымды менің сұрасаң – қалың найман нуынан» — деп, өзінің шыққан ата тегін үлкен мақтангершілікпен жырлаған еді. Арқалы да азулы Дулат ақынның аспан аясында еркін самғаған қырандай өршіл де шыншыл жырлары КП мен Кеңес өкіметінің идеологиясына қайшы деген сылтаумен жылдар бойы қапаста ұсталғаны мәлім. Сол Дулат ақынның мақтан тұтқан сойы – найман елі туралы тарихи деректер тым арыдан, көне жазбалардан айдай әлемге мәшһүр болғаны тайға таңба басқандай анық екені және рас. Қандасымыз ноғай елінде «сөз анасы – қыпшақ, ел анасы — найман» деген сөз бар екен, бұл да көп нәрсені аңғартатын секілді. Қазақ хандығы құрылмай тұрып, тіпті қазақ сөзінің өзінен де бұрын шыққанына, Алтайдан Балқашқа дейінгі кең байтақ жерді мекендеген үлкен мемлекет болғанына да ешкімнің дауы жоқ. «Найман мемлекетінің мекендеген өлкесі Орхон өзенінің бойында. Кейін Монғол империясының астанасы болған Қарақорым – осы найман мемлекетінің ежелгі орталығы. Наймандар сол кездегі көршілес ру-тайпалардың ішіндегі ең мәдениеттісі еді» деген жазбаларды монғол тарихының өзінен оқимыз. Негізінен Орхон өзенінің бойын мекендеген найман жұртын сол маңнан табылған «Орхон» жазу ескерткішінің тікелей мұрагері деп толық айтуға құқымыз бар. Ал жапон ғалымы Мураяманың, тағы басқа тарихшылардың жорамалына қарағанда Найман – «Сехиз» деген өзеннің атымен аталған. Монғолияда «Секиз» деген өзен бар. Наймандар сол өзенді мекендеген. Қалай болғанда да, Алтай-Хангай аралығын, Долы, Ертіс, Қобда, Тамыр, Керөлең өзендері бойын ата-жұрты санайтын наймандар Шыңғысхан жорығына дейін жазу-сызуы өркендеген үлкен мемлекет болғанына күмән келтіре алмаймыз. Қарабалық немесе Қарақорым деп аталатын қаланың 1220 жылға дейін найман елінің астанасы болғаны да дәлелдеуді қажет етпейді. Наймандардың «Орхон» жазуында 1048-1098 жылдарда «бері найман» деген атпен белгілі болғаны анық. Сол секілді наймандарды қарасулық мәдениет – Бағазы – Дандыбай, Пазырық қорған мұрасына да иегер ретінде санайды. Міне, осындай асқар таулар мен кең жазира даланы қамти жайлаған ұлы мемлекетке тікелей шабуыл жасауға жас Шыңғысханның өзі жасқанып, ең әуелі өзіне одақтастар іздеді.
    Белгудей Шыңғысханға:
    «Артқы наймандар,
    Асқар таудай елі бар,
    Айтса сенгісіз жері бар,
    Ат-көлігі сайма-сай,
    Айқайлай берер жөні бар.
    Бұларды құртпаса болмас», — деп ақыл бергені монғолдың «Құпия шежіресінде» жазылған.
    Тарихи деректерге қарағанда, 1200 жылдың басында наймандар мен Шыңғысхан әскерінің арасында Арай асуында болған шайқаста Жамуханың екіжүзділігінен наймандар амалсыздан Алтайды тастап, батысқа шегінеді. Бұл жөнінде Л.Н.Гумилев: «…как и почему сложилась монгольская империя и отчего проиграли с ней войну ее кочевые соседи: найманы и кереиты, меркиты и татары. Как мы увидим ниже, роль Джамухи тут была не меньшей, чем роль Темуджина», — деп әділ бағасын береді. Иә, Шыңғысханның жарты әлемді жаулап алуына түркі тектес тайпалардың бір-біріне деген сатқындығы ғана емес, найман хандығындағы, яғни ағайын арасындағы алауыздық та себепкер болды. Бұқтырма өзенін құлдай шегінген наймандардың Ертістен кешіп өте алмай, бірсыпырасы суға кеткені де «Құпия шежіреде» жазылған. Міне, сол 1204 жылдан бастап ешкімге дес бермей дүркіреп тұрған найман мемлекеті ыдырап, ата мекендері Алтайды тастап, Жайық бойына дейін шашырап, қазақ даласының әр жеріне бытырай қоныс аударады. Наймандардың ата жұрттан аууына Жоңғар қалмақтарының, одан кейінгі тарихи кезеңдердің де әсері үлкен болды.
    Олардың Сыр бойын мекендеп, Орталық Қазақстан, Жетісу өңірін жайлағаны белгілі. Бүгінде Бошай Кітапбаев шежіресін таратып отырған Қаратай руы, демек 1750 жылға дейін қазіргі Жезқазған облысына қарасты Ақадыр ауданының Тайатқан Шұнақ деген жерінде мекендеп (шұбыртпалылар келгенге дейін), белгілі ру басыларының бастауымен ежелгі ата мекендері өр Алтайға қайта өрлейді.
     
    Оралхан Бөкей.
     
    Кітапбаев, Б. Айта-айта Алтайды, Бошай ата қартайды [Мәтін]: /О.Бөкейдің пікірі (Алғысөз)/ — Өскемен: Рекламный Дайджест, 2012. – 500 б.
  • 2014

    Мансурова Р. По следам человека-оленя / Р. Мансурова // Устинка. – 2014. – 9 января. – С. 11.
    Аленская Д. В палитре красок : В Восточно-Казахстанском музее искусств открыта выставка, посвященная О. Бокею / Д. Аленская // Рудный Алтай. – 2014. – 16 янв. – С. 4.
    Аргынбаева, М. Х. Мифологическое пространство повести Оралхана Бокеева «Крик» [Текст] / М. Х. Аргынбаева // «Медиабілім беру және киберәлеуметтену» = «Медиаобразование и киберсоциализация» : материалы междунар. науч.-практ. конф., 25 февр. 2014 г. – Алматы, 2014. – С. 7-10.
    Ишанова А. О белом и черном, добре и зле : Лабиринтно-агональная игра телесности и сознания в рассказе Т. Абдикова Правая рука / А. Ишанова // Астана плюс. – 2014. – № 2. – С. 92-94.
    Шашкова, Любовь. Какое благо – быть! [Электронный ресурс] / Л. Шашкова // Казахстанская правда. – 2014. – 4 марта. – С. 12.
    Гуляева, Екатерина. «Литература – мои кровь и плоть» / Е. Гуляева // Рудный Алтай. – 2014. – 18 апреля. – Ст. 6 : фот. цв.
    Абишева, У. К. Предметная символика в национальной картине мира О. Бокеева [Текст] / У. К. Абишева // Заманауи филологияның қазіргі жағдайы мен болашағы = Состояние и перспективы современной филологии : VI Багизбаевские чтения : материалы междунар. науч. конф., посвящ. 80-летию Казахского национального университета им. аль-Фараби, Алматы, 25 апр. 2014 г. – Алматы, 2014. – С. 251-254.
    Ильин В. Причастие в Махачкале / В. Ильин // Астана плюс. – 2014. – № 5. – С. 92-97.
    Абдеева Я. Куда идешь, Человек? : жизнь и проза Оралхана Бокеева / Я. Абдеева // Нива. – 2014. – № 10. – С. 84-93. – Библиогр. в конце ст.
  • 2013

    Памятник от слова память // 7 дней. – 2013. – 28 февраля. – С. 3.
    Абдеева Я. Куда идешь, человек? : Проза Оралхана Бокеева / Я. Абдеева // Мир библиографии. – 2013. – № 2. – С. 72-75.
    Багаутдинов, Ш. Творческое наследие нашего Оралхана [Текст] : [о подготовке к празднованию 70-летия О. Бокея в Катон-Карагайском районе, в т. ч. о работе школьных библиотек по популяризации творчества земляка] / Ш. Багаутдинов // Рудный Алтай. – 2013. – 7 марта. – С. 4.
    Вологодская, Г. Свойство алмаза / Г. Вологодская // Караван. – 2013. – 9 марта.
    Ташенов Ч. Памяти Оралхана Бокея / Ташенов Ч. // Казахстанская правда. – 2013. – 6 июня. – С. 7. – В Кокшетау прошел обл. конкурс мастеров худож. чтения им. О.Бокея.
    Абенова С. По следам «Человека-оленя» / Абенова С. // Казахстанская правда. – 2013. – 7 августа. – С. 14.
    Шимырбаева Г. Тонкий и глубокий Оралхан [Текст] / Шимырбаева Г. // Казахст. правда. – 2013. – 9 авг.
    Шабалина, О. Алтай гордится своим сыном [Текст] : [об открытии памятника писателю О. Бокею в Усть-Каменогорске] / О. Шабалина // Рудный Алтай. – 2013. – 2 сент. – С. 1, 2.
    Абенова С. Памятник мастеру слова / Абенова С. // Казахстанская правда. – 2013. – 3 сентября. – С. 6.
    Орлова О. Не зарастёт народная тропа / О. Орлова // Устинка. – 2013. – 5 сентября. – С. 13.
    Таргынский, Кир. Поэту и гражданину / К. Таргынский // 7 дней. – 2013. – 5 сен. – С. 3.
    Темирова А. Певец родной земли : в Усть-Каменогорске в театре драмы им. Жамбыла прошел вечер, посвященный 70-летию О. Бокея / А. Темирова // Рудный Алтай. – 2013. – 9 сент. – С. 9.
    Азмухамбетов Ш. С вершин Алтая увидеть мир! : [о республиканском конкурсе чтецов художественного слова им. О. Бокея] / Ш. Азмухамбетов // Рудный Алтай. – 2013. – 13 сент. – С. 11.
    Токобаев М. Юбилей Оралхана Бокея : [об юбилейных мероприятиях на родине писателя] / М. Токобаев // Рудный Алтай. – 2013. – 13 сент. – С. 2.
    Абенова С. Он черпал вдохновение в родных истоках / Абенова С. // Казахстанская правда. – 2013. – 14 сентября. – С. 14.
    Токобаев М. Не гаснет над миром звезда Алтая : [об юбилейных мероприятиях на родине писателя] / М. Токобаев // Рудный Алтай. – 2013. – 16 сент. – С. 1, 3.
    Абенова С. Его таланта негасимый свет / Абенова С. // Казахстанская правда. – 2013. – 18 сентября. – С. 4.
    Таргынский, Кир. И памятник на родине / К. Таргынский // 7 дней. – 2013. – 26 сентября. – С. 4.
    Тарлыкова, Ольга. Конспект по книге с названием «Жизнь» / О. Тарлыкова // 7 дней. – 2013. – 19 сентября. – С. 3 : портр.
    Биданова, А., Путешествие в мир Оралхана Бокея : К 70-летию Оралхана Бокея / Биданова, А. // Казахстанская правда. – 2013. – 9 октября. – Библиогр.:
    Тарлыкова, Ольга. Какое то благо – быть! / О. Тарлыкова // Простор. – 2013. – №11. – С. 116-121.
    Зимина, Н. А. Не гаснет над миром звезда Алтая [Текст] / Н. А. Зимина // Внеклассная работа в школе. – 2013. – № 11. – С. 48 – 50.
    Абишева О. Путешествие в край аруаны / О. Абишева // Простор. – 2013. – № 12. – С. 108-117.
    Стульба, М. Н. Прерванная песня… [Текст] / М. Н. Стульба, Н. В. Чечурина // Внеклассная работа в школе. – 2013. – № 12. – С. 38 – 40.

  • Литературные места

    Литературные места