Автор: Dmitry

  • «Қар қызы» немесе Оралханның өзі

    Аманғали Қалжанов Көрнекті жазушы-драматург Оралхан Бөкейдің «Қар қызы» повесі желісімен бір уақытта Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары сахналарына спектакль жол тартты. Елорданың «Жастар» театрында әдеби шығарма аттас романтикалық драманы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбай сахналады.
    Қоюшы режиссердің өзі актер кезінде шығармадағы кейіпкердің бірі – Бақытжан бейнесін сомдағанын айта кетейік. Ал бұл жолы бұл бейнені жас әртіс Ербол Тілеукеновке тапсырды.
    Повесті оқығандар білер, шөпке трактормен аттанған үш жігіт боранда адасып, арып, ашып, жапандағы жалғыз үйге жетеді. Ондағы қыңыр, қырсық Қоңқай шалмен тартысқа түседі. Бастарынан әртүрлі оқиғаларды кешіп, ең соңында сиыршы шалдың үйінде аңыз болып кеткен қар қызымен кездеседі. Нұржан (Елдос Шайкенов) мен қар қызы – Алмажан (Қаламқас Мелисова) арасында сезім пайда болып, жігіт қар қызының мекенінде қалуға бел байлайды. Мұндағы Нұржан – Оралханның өзі. Яғни жазушы шығармасында өз басынан кешкен оқиғаларды жазып шыққан.
    Бір атап өтерлігі, спектакльде сиыршы шалды Оралхан Бөкейдің құрдасы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Мұхтархан Манап кейіптеді. Сексеннің сеңгіріне жақындап қалған актер бекітіп берілген бейнені сергек ойнап шықты. Көпшілік Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ғани Құлжановтың да өнерін са­ғынған болар. Көрермендер әйгілі актерді Қоңқай шал бейнесінде көрді.
    Сонымен қатар спектакльде Данияр Оразаев, Шехназа Қызыханова, Наурыз Сабағатова сынды жас әртіс­тер көрінді. Олар сомдаған кейіпкерлерден жастыққа тән албырттықты, аруларға сай келетін нәзіктікті көрдік. «Жастар» театры «Қар қызы» спектаклінің премьерасымен осы жылды жапты. Қазіргі кезде өнер ошағында балаларға арналған жаңа жылдық ертегілер жүріп жатыр.
     
    Қалжанов, Аманғали.
    «Қар қызы» немесе Оралханның өзі. [Мәтін]: /А.Қалжанов// — Астана ақшамы.- 2019. — 24 желтоқсан.
     
     
     
     
     
     
  • О.Бөкей шығармаларындағы ойшылдық

                                                                            Таза мінсіз асыл тас,

                                                                           Су түбінде жатады

                                                                        Таза мінсіз асыл сөз

                                                                           Ой түбінде жатады.

    Су түбінде жатқан тас-

                                                                               Жел толқытса шығады.

                                                                               Ой түбінде жатқан сөз-

                                                                               Шер толқытса шығады.

    (Асан қайғы)

    Ойлау дегеніміз не? Адамның ойлау қабілетін зерттейтін сала — логика деп аталады. Яғни, адамның ойы — ғылымдардың зерттеу обьектісі болып табылады. Логика — ойлау формалары мен заңдары туралы ғылым. Оның негізгі формалары: ұғым, пікір, ой, қорытынды. Ой, ойлау деген өте күрделі, қайшылыққа толы, сан қырлы процесс. Оны түсіну қандай қиын болса, меңгеру де оңайға соқпайды.

    «Бой жетпеген жерге ой жетеді,

    Қыран жетпеген жерге қиял жетеді» — деп халқымыз бекер айтпаған болар. Оны меңгеру отбасынан, балалар бақшасынан басталғаны жөн. Ойлай білуге, дұрыс ойлауға жастарды ерте кезден, жасынан машықтандырған дұрыс. Өйткені, қазіргі кезде мектеп былай тұрсын жоғарғы оқу орындарында да ойлай алмайтын студент жастарды көптеп кездестіруге болады. Олардың көбінің ойлау қабілеті дұрыс жетілмеген. Сондықтан ондай жастар адамзат ғасырлар бойы жасап келген ұшан-теңіз материалдық және рухани байлықтарды игере алмайды, олардан сусындап, нәрін татпайды. Ойға шорқақ келеді, өз ойларын жеткізіп айта алмайды.Сондықтан да көптеген философиялық, әдеби, ғылыми мұралар игерусіз қалып жатыр. Шынын айтсақ, олардың көбін түсінбейміз. Талай-талай асыл сөздерімізді шаң басып жатыр. Шүкіршілік, қазір егемендігімізді алғаннан бері ойшылдарымыздың еңбектері ақталып, жарыққа шығып жатыр. Тіліміз де қараңғы қапастан жарыққа шыққандай болып, еркіндеп бойжазуға мүмкіндік алды. Тіл мен ой тікелей байланыста тұрады. Осы орайда айтылған қазақтың талай мақалдары бұған дәлел. Мысалы: «Ойдың көркі — тіл», «Қиял-ой қанаты, ой-тіл қанаты», «Ми ойлағанды тіл тындырады», «Тіл-ақылдың өлшемі» деп тағы да кете береді.

    Еліміздің мәдениетінің дамыған дәрежесін көрсететін де осы — ой мен тіл. Ендеше, ойлай білуге, сол ойымызды айтып, жеткізе білуге дағдылануымыз қажет. Ол үшін көркем әдебиеттерді көбірек оқуымыз керек сияқты. Меніңше, көркем әдебиет болғанда ой мен сөз зергері, жерлес жазушымыз О.Бөкейдің шығармалары жас болсын, жасамыс болсын оқыған адамын ой ойлауға итермелейтін сияқты. Оралханның шығармаларындағы кейіпкерлердің барлығы да ой баққан адамдар. Жазушының өзі: «Меніңше, көркем туындыда жалғыз ғана кейіпкер бар, ол — жазушының өзі, яғни оның айтайын, уағыздайын деген ойын арқалап жүрген кейіпкер», — деген екен. Жазушының үзеңгілес інісі, жазушы Д.Әшімханов өз естелігінде: «…ол өте шапшаң жазатын. Қандай көлемді дүниені ұзаса бірер айда бітіріп тастаушы еді. «Ойыма қаламым ілесе алмай отырады» дейтін бұл жөнінде. Ойына қаламы ілесе алмайтыны — Оралхан прозадағы импровизатор (суырыпсалма) еді. Шығармаларындағы әуез-ырғақтың әдемілігі, ой ағысының арындылығы, композициялық тұтастық, бәрі-бәрі суырыпсалмалықтың жемісі деп білген жөн. Бұл жағынан оны ақын десек, артық болмас»,- дейді. Яғни бұл орайда кейіпкерлерін жазушыдан бөле — жара қарамаған абзал. Кейіпкер жазушының өзі, ол жазушының ойлағанын ойлап, айтайын дегенін айтып тұр.

    Оралханның қай — қай еңбегін оқымаңыз терең философиялық ой тұңғиығына сүңгитініңіз анық. Жазушының бір ерекшелігі кейіпкерлерінің қай-қайсысы болмасын арманшыл, қиялшыл, жалғыздықты жанына серік еткен ойшыл болып келеді.

    Мысалы, «Құм мінезіндегі» Бархан: «О несі екен ?»,- деп бастап күні бойы ат үстінде, қой соңында ілбіп жүрсе де ой ойлаудан жалықпайды. Оның жалғыздығын бөлісер Қызылқұмның тек өзі ғана түсінер тілі мен қолынан жем беріп, жарасын емдеп, асыраған қарақұйрық. Ол құммен сырласады, мұңдасады. Өз ой-қиялын табиғатпен үндестіреді. Барханның ойы ұсақ-түйек нәрселерге ғана, алаңдамайды, кейде әлемдік проблемаларға айналған табиғат пен адамзаттың азу процесіне де ой жүгіртіп, толғанады. Мәселен: «Күні кеше жер қайыстыра жортып жүрген аң-құс қайда?», «табиғаттан әділетсіз не бар, бір жерге бар байлығын: суын, ағашын, тау-тас, аң-құс,орман-тоғайын төгіп бере салады; енді бір жерді бір жұтым суға, тіс шұқыр ағашқа зарықтырып қояды… Әділетсіздіктің өзі табиғаттан жұққан екен-ау», «Бақыт деген не өзі? Бақыт дегеніміз атақ па, байлық па, әлде самолетке мініп жер шарын шыр айналып шығу ма?», — деп ойдың ұшы-қиырына бір жетпейді.

    «Өліарадағы» Қойшы да өз ой-толғанысын: «Ақсақалдар айтады» деп бастайды. Бастайды да, күні бойы ат үстіндегі мазалаған ойдың ұшығын таба алмай шай үстінде де ойы онға, санасы санға бөлінеді. Қой соңындағы қойшының да күні бойы ойлайтыны ой, ермегі — кітап оқу. Жалғызсырағанда ол да астындағы тор шолақпен сырласады. Қойшы туған жерін алтын бесікке теңейді. «Меніңше, менің дүниедегі ең пайғамбар жазушым — өз ана тілінде жазып-ақ әлеми аспанға көтерілу — өз ұлтының жілікті де сіңірлі дәстүрі мен бар керемет қасиетін, кесапат мінезін тарамыстап, қайып суреттеу. Өйткені менің ұлтым арқылы-ақ жалпы адамдық қадери-халдерді паш етуге болады ғой, өйткені олар да — адам », «Жер бетінде алакөз адамдар, бір-бірін бөліп тұрар шекаралар неге қаптап кетті? Неге жер беті сан сұмдыққа, уайым-қайғыға, жылап-сықтаулар мен жетімдердің зарына толы?»,- деп адамзат шешімін таппаған сұрақтарға жауап іздейді.

    «Қайдасың, қасқа  құлыным» хикаятындағы кейіпкерлер де көсіле, көсемси сөйлемейді. Олар да Оралханның басқа кейіпкерлері сияқты үнсіз оңаша ойға батады. Жазушы осындағы кейіпкердің ойы арқылы оқырманды өткен-кеткен және болып жатқан оқиғадан хабардар етіп отырады. Пошташы Бөкен де, оның ұлдары Орал мен Қаршыға да, қылаяғы о дүниеге аттанғалы жатқан, өткен өмірдің сарқындысы сияқты Сарқынды шал да түні бойы көз ілмей ой ойлайды: «Заман! Кімді жарылқады, кімдердің төбесін көкке жеткізді? Кімдерді қуантты, кімдерді қуратты?», — деп ескі заман мен жаңа заман текетіресі жайлы ойға батады.

    «Атау-кередегі» Таған да философиялық ой-толғаныстарын, «Неге біз осы, осындаймыз?»- деген сұрақтан бастайды.Жазушы осы сұрақ арқылы оқырманды кейіпкерімен бірге ойлануға жетелейді, ойы бар оқырман осыдан бір логикалық тұжырым жасауға тиіс.

    Оралханның қай шығармасын алып оқысаңыз да ойланасыз, бір оқығанда жазушының айтар ойын түсінбеуіңіз мүмкін, Оралханды қайталап оқыған сайын жаңа әлем ашылғандай болады. Өйткені оның шығармалары оқырманын ойландырмай қоймайды. Маған Оралханның шығармалары, жазушылығы, қилы тағдыры жайлы салиқалы ғылыми зерттеулер жазылмағандай болады да тұрады. Айтылар сөздер әлі алда.

    Бұл мақалада мен жаңалық аштым деп ойламаймын, бірақ О.Бөкейдің өз халқына, келер ұрпаққа арнаған асыл ойларын барлығымыз, әсіресе жерлестері білуге тиіспіз, оның шығармаларын тереңірек оқуымыз керек.

    Әлде, қазіргі кезде біз ойланатын нәрселер жоқ па? Егемендік алып, жеке мемлекет болдық дейміз. Ана тіліміздің көсегесінің көгермеуін неге басқа ұлт өкілінен көреміз? Жарайды, кеңес өкіметі кезінде олардан көрдік, енді неге өзіміз бен өзіміз басқа тілде шүлдірлейміз? Әрбір қазақ ана тілінде сөйлесін дегенге де заң керек пе? Неге осы біз, тойшылмыз? Сәл нәрсеге бола, бөркімізді аспанға атып той жасайтынымыз не? Сонда, қазақта тойдан басқа проблема қалмаған ба? Неге осы біз, көрсеқызармыз? Біріміз бен біріміз неге бәсекелеспіз? Неге жемқормыз? Қолынан іс келетін адамдардың етегіне неге жармасамыз, қолында билігі барлардың алдында неге жорғалаймыз?

    Кезінде М.Дулатов «Оян, қазақ!» десе, қазіргі кезде «Ойлан, қазақ!» деуіміз керек сияқты. Біздің ойланар нәрсеміз көп, ағайын. Осы ойларыңыздың көбінің шешімін ойшылдарымыздың еңбектерінен табуға болады. Олар мұны кезінде көрегендікпен айтып, жазып кеткен.

    Ендеше, ойлы жас, Оралханды оқы, ойлан!

     


    Гүлзира Дәулетханқызы.

     

     

  • «Оралхан Бөкей үйінде» әлем әдебиетшілері бас қосатын болады

    Келер жылдан бастап Катонқарағайдағы Оралхан Бөкейдің туған үйі әлемдік әдеби орталық болмақ

    Нақтырақ айтсақ, жазушының қара шаңырағы «Оралхан Бөкей үйі» деп аталып, әлем әдебиетшілері бас қосатын орталыққа айналады. Бұл жаңалықты жазушының қарындасы Ғалия Бөкейқызы айтты.

    Осыған дейін Катонқарағайдағы Оралхан Бөкей тұрған үйдің қаңырап бос қалғаны, тіпті, есігі құлыптаулы тұрғаны қаламгерлер тараптынан көп айтылған болатын. «Туысқандары аудандық әкімдікке де бермей қойыпты» деген сияқты алып-қашпа сөздер де айтылып жүрді. Алдағы уақытта бұл іске нүкте қойылып, үй үлкен орталыққа айналмақ.

    — Ата-бабамыздың салты бойынша шаңыраққа үйдің кенжесі ие болып қалу керек. Сондықтан да біздің қара шаңырақты маған аманаттап кетті. Шаңырақтың киесі мен иесі бар деп еді, ағам. Оралхан ағам мына үйді мен де, шешем де саған тапсырамыз деді. Шешем маған жылына бір рет келіп асыңды берерсің, болмаса, жеті шелпегіңді пісірерсің деді. Еш уақытта үйдің кілтін бөтен адамға берме деді. Мен аманатқа қиянат жасамай орындап келем, — дейді Ғалия Бөкейқызы.

    Ғалия Бөкейқызының айтуынша, біраз жыл бұрын аудан әкімшілігі мұражай болдырамыз деп үйдің ішіне сәл ғана жөндеу жұмыстарын жасаған. Ал сыртына тақтайша мен ескерткіш орнатқан. Ескерткішті жыл сайын қара маймен майлап отыратынын айтқан Ғалия Бөкейқызы ол гипстен жасалған дейді. Шаңырақ иесінің жүрдім-бардым жасалған іске көңілі толмайтыны байқалады.

    Енді ғана құрылып жатқан «Оралхан Бөкей үйі» атты халықаралық қордың атқаратын ісі ауқымды болмақ. Жобада қаламгерлер бас қосатын орталық пен музей болатыны жоспарланған. Сонымен қатар, жазушының барлық шығармашылығына қатысты дүниелер, әке-шешесінің тұтынған заттарын топтастыруды жоспарлаған. Жазушының туғаннан бастап, өмірінің соңына дейін тұтынған дүниелерінің барлығы жинақталмақ.

    Аты әйгілі жазушының Алтайдағы шығармашылық ғұмыр жолын іздеп келушілердің көп болары анық. Өйткені жазушының ең алғашқы һәм ең соңғы шығармасы да туған ауылында, қара шаңырығанда қаламынан қағаз бетіне өрілген. Ол «Атаукере» романы болатын. Көрікті мекенде туған көрінекті қаламгердің ауылында көрсетер мұра да, айтылар естелік те көп. Жоба уақытында жүзеге асатын болса, әдеби туризмнің әлеуеті артары анық.

     

    Ғали-Асқар, Алтай. «Оралхан Бөкей үйінде» әлем әдебиетшілері бас қосатын болады [Электронный ресурс] / А. Ғали-Асқар // Алдаспан. — 2019. — 19 желтоқсан. — ustinka.kz; сайт. — Режим доступа: https://ustinka.kz/kz/kazakhstan/ust-kamenogorsk/51302.html (10.01.2020)

     

  • Не уходи, человек-олень!

    Все удивительно и, может быть, загадочно в судьбе этого писателя — мощный художественный интеллект, стремительный набор творческой высоты, широкое признание и внезапная, как катастрофа, смерть вдали от родины, в Индии, накануне своего 50-летия. О его прозе писали авторитетные казахстанские и московские критики. На русский язык переводили Ю. Домбровский, Г. Бельгер, А. Ким, Р. Сейсенбаев, Б. Момышулы, В. Мироглов. Пьесы его шли в театрах. Он уже был лауреатом многочисленных премий. Сборники повестей и рассказов О. Бокеева охотно издавали в Москве.

    Запев его творчества — «Сказание о матери Айпаре» и «Камчигер». Это торжественное и скорбное отпевание Великой степи, великой кочевой истории и культуры своего народа, реквием и гимн. Здесь сливаются традиции народного героического эпоса и горькой мудрости Абая. Вспоминая о страшном джунгарском нашествии, автор вместе с матерью тобыктинцев Айпарой плачет и негодует об утрате единства в своем народе, о его духовном оскудении. «Наша степь, точно мать всех батыров, — последний приют и прощальная песня… У казахов хорошо растет скот, но не растут люди»… Как в «Слове о полку Игореве», здесь прямо говорится, что «свой не прав». Потому враги берут верх, а батыры, подобные Камчигеру, становятся барымтачами, вызывающими больше страх, чем почтение, и обрекают себя на абсолютное одиночество.

    Все это не просто дань типичной для писателей 60-х годов литературно-художественной историософии и мифопоэтике. Для О. Бокеева это начало своей сокровенно-мучительной темы, которую диктует ХХ век. Писателя спросили однажды, будет ли когда-нибудь решена задача «сохранения индивидуальности человека, всей святости прав личности», верит ли он в это. Ответ был убийственно однозначным:
    — Нет, не верю. Ведь мы живем в век не только разложения атома, но и в век разложения самого человека.
    И сослался на Н. А. Бердяева, полагавшего, что первый распад есть только материальное следствие второго, духовного распада.

    Может быть, опрометчиво эксплицировать эту идею на весь художественный мир писателя, но, несомненно, это глубоко выношенная мысль, которая всегда узнается в бокеевской художественной антропологии.

    Как историческая, так и «современная» психологическая проза Оралхана в подтексте всегда бытийна. Прежде всего здесь открываются величие и драма простых, и не только, советских людей. Они живут в основном соприродно, жертвенно, в постоянном совестливом беспокойстве, в безуспешном стремлении что-то изменить в этом мире. Это разновидность того типа «природного человека», который всегда привлекал большую литературу, начиная хотя бы с Л. Толстого (Платон Каратаев). Герои Бокеева — это отшельники (внутренние и внешние), мечтатели и в то же время подвижники. Есть среди них и протестанты, но главное — они природные мыслители, как у А. Платонова, представители культуры «темных людей», еще не оскопленной технократической цивилизацией. Они всегда (или почти всегда) один на один со всем миром и, как правило, внутри природы. Это их главная, подчас единственная родина.

    В галерее таких героев наиболее значительной является фигура Актана по прозвищу Человек-олень в одноименной повести 80-х годов. Повествователь объясняет это прозвище детской влюбленностью героя в оленей. Но все гораздо серьезнее, чем наивная вера в красоту и свободу прекрасных животных. Жизнь обрекает Актана на духовное сиротство: отец вернулся с войны, но где-то пропал на пути к дому, на попечении Актана немая от горя мать, любимый конь Белоглазый да брошенный жителями аул Аршакы, который он согласился охранять. Именно на почве одиночества и отчуждения у него возникает трудная дума о смысле жизни, «отдельного и общего существования». И разрешить эту думу, оказывается, можно только поступком, выбором в собственной жизни. Книги не помогают, потому что они несут не только Добро, но и Зло. «Пускай, — размышляет Актан, — я не умею думать или плакать. Но я буду жить по-своему, как могу, и никогда не откажусь от своей свободы…» Внутренний голос, двойник, укоряет: жить только для себя нельзя. «Но кто, скажи мне, кто сейчас живет для других?» — сопротивляется Актан. И в этих разговорах с самим собой приходит к выводу: «По мне лучше быть Человеком-оленем, чем Человеком-машиной».
    Актан прозревает не сразу. Нужно только пройти через смертельную схватку с человеком-оборотнем, хозяином ледяной пещеры, отомстить ему и за гибель своего отца. Нужно пережить искус платонической любви к библиотекарше Айгуль и грубый физиологический зов плоти к вдове его покойного друга и, наконец, потерять почти весь свой немудреный домашний скарб, а главное — Белоглазого, чтобы принять решение уйти с матерью в город, к людям.

    Жизненный опыт Актана по-своему дополняют и проясняют другие герои, во многом похожие на него жители художественного мира Бокеева. Путевой обходчик Дархан из «Поездов» заранее сооружает для себя мазар (могилу), раскаивается в своей большой, но одинокой жизни, хотя поправить уже ничего нельзя. Бархан, тоскующий на дальнем отгоне чабан («Поющие пески»), видит в страшных Кызылкумах «волевое мужественное существо, часть Земли, такое же вечное, как она сама». Ему доверяет дикая косуля. Он ярый противник обмана, всякого рода подлогов и сделок с совестью. Но рефлективная философическая натура чабана в конце концов убеждает его в том, что никто никогда «не получит разгадки человеческой души; человек все-таки несовершенен. Другой, уже безымянный, чабан из повести «Олиара» «хоронит свою Веру». В отличие от Дархана и Человека-оленя он вообще уходит от людей, бесследно исчезая в пустыне.

    Отпевание Степи есть, конечно, не только горькое признание отставания и обочинности соприродной жизни в современном мире. Это крик о помощи, который исторгает уже из своих глубин сама природа, например, протестанты-животные. Верблюд Бура, обиженный людьми, таранит поезд. Олений вожак Кербугу вырывается из загона и погибает от пуль.

    …Почему зло растлевает человеческие души так легко, что «дьявол в лице жестокого старика Конкая» не сомневается: «Человек может снова уйти вспять, назад к первобытной дикости. И посмеяться над самим понятием «человеческий гений»?

    Почему герой О. Бокеева, которому так понятна «скорбь земли» и тщета его многотрудной жизни, в частности, например, мечтатель Нуржан, тоскующий о своей Снежной девушке, вдруг начинает понимать, что «мир тоже одинок, так же беспомощен, как и человек»? Что «нет в природе хозяина, устанавливающего надлежащий порядок. Мир обретается сам по себе — заброшенный и случайный».

    Не потому ли, что драму духа в машинном ХХ веке переживает не только степной, но каждый живой человек мира? Он уже не просто не успевает за машиной летящей или думающей. Наверное, ускоренное и все ускоряющееся социальное бытие выбивает его из жизненной колеи, превращает в лишнего человека вместе с его старомодной совестливостью и правдолюбием. А это уже катастрофа…

    Отсюда — одиночество, братание с конем и оленем, с песками и горами, лесами и степями. Отсюда как бы раздвоенное сознание человека, усомнившегося в самых главных ценностях человеческого бытия: любви, семейном родстве, межэтническом братстве. А может быть, и в смысле своего неторопливого, в лад с природой вдумчивого жизнепроявления…

    О. Бокеев был и остается жестким писателем, как правило, избегающим идиллий и мелодраматических эффектов. Он и в советские времена старался смотреть правде в глаза, и это стремление проявилось и в новое историческое время.

    Последнее его интервью 1993 года было подчеркнуто откровенным и тоже жестким по оценкам и взглядам. Заглянем в него, чтобы проверить наши впечатления дискурсом самого писателя. Обличая мир, разлагающийся «по мере развития человеческого разума», О. Бокеев стремится оправдать тягу своих героев к одиночеству как жажду «личной свободы». Как «жгучее желание сохранить в себе чистоту, которая дарована Всевышним».

    По мысли писателя, человек отличается от животного лишь одним «отрицательным превосходством» — он осознает нравственное противостояние Добра и Зла. Но люди всего лишь «звено в гармоничной цепи Матери-природы. И если нас вырежут из этой цепи как слепую кишку, то природа ничего не потеряет».

    Но герои Бокеева, тем не менее, способны до конца ощутить себя и стать частицей природы, причем самым важным «звеном в ее гармоничной цепи», оставаясь все же людьми, а не животными. Главное заключается в осознании необходимости именно такой гармонии — не просто стихийно-природной, а собственно человеческой, духовной. Разве не ее, как «жгучее желание сохранить в себе чистоту», взыскуют и берегут герои Бокеева?..

    Он творил свой художественный мир, чтобы преодолеть неизбывную ностальгию души, утрачивающей свою духовную родину. «Когда я пишу, — признавался писатель, — то нахожу свет в темной ночи одиночества». Не так ли происходит теперь и с нами, когда мы погружаемся в мир его беспокойной и светлой прозы?.. Не уходи, останься с нами, Человек-олень!.

    Бадиков В. Не уходи, человек-олень!//Казахстанская правда. — 2012. — 10 мая
     
  • Оралхан Бөкей өмірбаяны

    1970 жылы Алматыда жарық көрген «Қамшыгер» атты повестер мен әңгімелерінің тұңғыш жинағы жазушы есімін бұқараға таныс етті.1974-1983 жылдар  «Жұлдыз» журналында бөлім меңгерушісі, 1983-1991 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінде бас редактордың орынбасары, 1991-1993 жж. осы газеттің бас редакторы қызметін атқарады. 

  • Оралхан Бөкейдің ағылшын тілінде жарық көрген кітабының тұсаукесері өтті

    Астанада (Нұр-Сұлтан) Оралхан Бөкейдің ағылшын тілінде жарық көрген «Кісі киік» кітабының тұсаукесері өтті. ПЕН-клубтың «Біз — қазақпыз» жобасы аясында осыған дейін Мұхтар Әуезовтің әңгімелері, Мұқағали Мақатаевтың таңдамалы өлеңдері, Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» романы, Олжас Сүлейменовтың «Код слова» кітабы, Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романы және Герольд Бельгер мен Смағұл Елубайдың кітаптары ағылшын тіліне тәржімаланған болатын.

    «Бүгін мәдениетімізде үлкен қуанышты күн. Лондонда аударылған Оралхан Бөкейдің таңдамалы шығармалары бүгін елге келді. Бүгінгі өтетін шарада Оралхан Бөкейдің қаламгерлік болмысына кеңінен тоқталамыз. Біз төрт жылдың ішінде оншақты қазақ қаламгерлерін аудардық. Міне, бүгін Оралхан Бөкей! Бұл — адамның тазалығын іздеген жазушы. Цивилизация кезінде адам қалай өзінің тазалығын сақтап қалу керек дегенді адамзаттық деңгейде көтерген. Біздің әдебиетіміз бай. Ал оны әлем танысын десек, ең бірінші ағылшын тіліне аударуымыз керек. Ағылшын тілінде кітабың шықпаса, әлемде жоқсың. Өкінішке қарай қазір солай. Бұрын кеңес дәуірі кезінде орыс тіліне аударылатын. Қазір бірден ағылшын тіліне аудару керек.  Біз кітаптарымызды «Амазон» интернет дүкеніне салайын деп отырмыз», деді Қазақ ПЕН-клубының төрағасы Бигелді Ғабдуллин.

    Кітаптың тұсаукесеріне «Кісі киікті» ағылшын тіліне аударған Саймон Холлингсворт пен әдеби редакторы Саймон Гейген Лондоннан арнайы келді. Сондай-ақ жазушының қарындасы Ғалия Бөкей, қаламдас достары мен інілері Қуанышбай Құрманғали, Кәдірбек Сегізбайұлы, Әлібек Асқаров және Оралханның қызы Айжан салтанатты шараға қатысты.

    «Бір шығарманы аудармас бұрын оны дұрыстап ұғынып, егжей-тегжейлі түсініп алу керек. Яғни, автордың үнін сезінбесеңіз туындының негізгі мағынасынан ауытқып кетуіңіз мүмкін. Аудармашы Оралхан Бөкейдің кітабын алты айдың ішінде аударып бітіргенін айтады. Бұрыннан бері Саймон екеуіміз орыс тіліндегі кітаптарды ағылшын тіліне тәржімалап келеміз. Халықаралық Қазақ ПЕН клубымен танысқаннан кейін маған Герольд Бельгердің кітабын аудару туралы ұсыныс түсті. Ол кісі туындысын орыс тілінде жазғаннан кейін әлбетте күрделі болған жоқ. Келесі жобамыз — Әуезовтың әңгімелері еді. «Қараш-Қараш» пен «Көксеректен» бастап, Саймон екеуіміз Мұхтар Әуезовтің бірнеше туындысын ағылшын тіліне тәржімаладық. Содан кейін барып, Оралхан Бөкейге келіп отырмыз. «Аударма екінің бірінің қолынан келуі мүмкін. Бірақ әдебиет — қатып қалған қасаң құжаттар емес. Ол «тірі» ерекшеленеді. Менің өзім аударманы кроссворд деп елестетемін. Яғни, туындыдан автордың үнін, шығармасының негізін іздеп тапқым келеді. Оралхан Бөкейдің айтқысы келгенін тап басып таптық деген сенімдеміз. Бір сөзбен, өзіміздің жұмысымыздың нәтижесіне көңіліміз толады. Бірақ, әлі де кейбір тұстарын былайша жасау керек пе еді деген ойдың кейде туындап қалып жататынын жасырмаймын», дейді Саймон Холлингсворт.

    Оралхан Бөкейдің шығармалары алдымен А.Кимнің аударуымен орыс тілінде басылып шыққан. Қазақ ПЕН-клубымен кітап бекітілгеннен кейін тәржіма жұмысы басталған.

    «Ағамның шығармалары Лондонда аударылып, әлем оқырмандарына жол тартқанына қуаныштымын. Осы игі істі қолға алған ПЕН-клубқа, оның басшысы Бигелді Ғадуллинге алғысымды айтамын. Ағам өзі де ПЕН-клубтың мүшесі, ауылдық жерлердегі талантты жастарды жинау мәселесімен айналысатын бөлімшесін басқарып еді. Жұмыстарыңыз табысты болсын», деп тілегін айтты Ғалия Бөкей.

    Қазақ ПЕН-клубы әдебиетіміздің классиктерін ағылшын тіліне аудару жұмысын қарқынды жүргізетіндігін айтып отыр. «Сәтін салса Сәкен Жүнісовтың шығармаларын, Қадыр Мырза Әлінің, Махамбеттің өлеңдерін аударғымыз келеді. Бірақ, поэзияны аудару өте қиын екен. Сонымен бірге, алдағы бес жылда Қасым Аманжолов, Мұхтар Мағауиннің кітаптарын тәржімалауды жоспарлап отырмыз», деді Бигелді Ғабдуллин.

    Бағашар Тұрсынбайұлы

     

    Тұрсынбайұлы Б. Оралхан Бөкейдің ағылшын тілінде жарық көрген кітабының тұсаукесері өтті [Мәтін] / Б. Тұрсынбайұлы. // Егемен Қазақстан. — 2018 — 23 ақпан. — Б. 9.

  • Oralkhan Bokeev «The Man-Deer and Other Stories»

    «100 книг, которые должен прочитать каждый» или «33 книги для тех, кто уважает себя»… Таких заголовков множество, но думается, что каждый волен читать то, что ему нравится и знать мировые литературные шедевры. К таковым относятся и перлы высокого казахского слова Мухтара Ауэзова, Олжаса Сулейменова, Мукагали Макатаева и многих других.

    Они любимы и читаемы нами… а теперь они доступны всему миру благодаря деятельности Казахского ПЕН-клуба, руководителем которого является сейчас лауреат премии Президента РК в области журналистики, обладатель орденов «Құрмет» и «Парасат», премии Союза журналистов Казахстана и России, Бигельды Габдуллин.  

    «Я считаю, что моя первая задача — это не только агитация и пропаганда казахской литературы в мире, но и ее поддержка. Как вы знаете, литература не имеет границ» и он и его команда постоянно трудятся над реализацией поставленных целей.

    Казахский ПЕН-клуб за последние годы перевёл и издал в англоязычных странах около десяти произведений казахских классиков: «Избранные» Мукагали Макатаева, повесть «Меня зовут Кожа» Бердибека Сокпакбаева, роман «Конец легенды» Абиша Кекилбаева, «Код слова» Олжаса Сулейменова, роман «Одинокая юрта» Смагула Елубаева, «Избранные» Герольда Бельгера, «Красавица в трауре» (повести и рассказы) Мухтара Ауэзова и др. Эта серия изданных книг выходит под общим названием «Мы – казахи…

    И одно из последних их достижений – издание на английским языке избранных произведений выдающегося казахского прозаика, драматурга, нашего земляка Оралхана Бокея. Большая конференция прошла 23 февраля в Астане в Astana Marriott Hotel, на которой присутствовали нглийские мастера перевода Саймон Холлингсворт и Саймон Гейган. Они уже более четверти века специализируются на переводе русскоязычной литературы и знакомы с казахской литературой по работе над переводами произведений М. Ауэзова.

    По оценкам мировой литературной общественности переведенный сборник рассказов Ауэзова английскими мастерами был назван одной из лучших переводческих книг национальной литературы.

    Они называют работу над переводом произведений Мухтара Ауэзова «трудным счастьем».

    Саймон Гейган: «Вначале была борьба с языком. В казахском языке есть понятия, которые никак невозможно было перевести на английский. И нам, объясняя мировому читателю такие слова как «аул», «барымта» или «дастархан», надо было сделать это так, чтобы не испортить темп повествования великолепного рассказчика Ауэзова утомляющими подробностями. Но самым трудным моментом в работе стала передача голоса автора.  Ауэзов говорил с читателем от имени коллективного подсознания. А он, как любой великий писатель, голос народа чувствовал и слышал буквально кожей. Нет, лучше даже сказать – через космос, разговаривая с самим Богом. Стараясь быть верным духу народа, он, как и его герой Бахтыгул, шел по узенькой тропинке по краю пропасти».

    Потому и к работе над произведениями О. Бокея тоже привлекли этих писателей-переводчиков Саймона Холлингсворта и Саймона Гейгана.

    Авторами проекта выступили Б. Габдуллин и члены PEN-клуба, а спонсорами- АО «Казахтелеком».

    Книга издана в Лондоне, малым тиражом и теперь будет издаваться авторитетным мировым издательством Penguin, выплатив гонорары владельцам авторских прав на произведения и переводчикам.

    И самае важное, теперь жумчужины казахской литературы попадут на мировые книжные ярмарки во Франкфурте и Нью-Йорке. А значит…

     
  • Менің Оралханым

    {xtypo_quote_right}Менің Оралханым! Иә, тек қана менің Оралхан ағам! Білем, бұл пікіріммен өзгелер секілді Сіз де келіспейсіз! Бірақ, Бөкеев шығармаларымен танысып, оралхандық ордалы ойдың орманына бойлап, әсемдікпен әдіптеліп, сұлулықпен сырланған сұңғыла сырдың тереңіне сүңгіп, суреткердің сезімтал, сүйіспеншілік пен махаббатқа толы әлеміне сапар шеккен әр оқырманның жүрегінде титтей де болсын өз Оралханы болады. Демек, менің де жүрегімде өз Оралханымның болуы заңдылық. Егер ортамызда жүрсе қыркүйектің 28-інде 68 жасқа келеді екен. Елуіне үлгермей кеткен қаламгердің мәңгілік мекеніне оралғанына да он сегіз жылдан асты. Алғашқы өмірі тым қысқа болғанымен, екінші өмірінің ғұмыры ұзақ. Себебі, өзі кеткенімен, есімін мәңгі өшірмейтін отты туындылары – мәңгілік!{/xtypo_quote_right}

     {xtypo_dropcap}Е{/xtypo_dropcap}ң алғаш «Апамның астауы» арқылы қол бұлғаған балаң армандар есейе келе Қар қызы болып шақырды. «Ауыл хикаяларының» ішіне таңырқай кіріп, сол Зарқұмар ата, Иғаң, Биғаң мен Нина апайлар сынды ауылдың сан алуан мінезді аңғал да  ақжарқын адамдарының боямасыз өмірлерін өзім де кешіп жүргендей әсерленіп, кітаптың соңғы бетін ерекше тебіреніспен жапқаным есімде. Кей сәттері қаланың бірсарынды қытымыр тірлігінен жалығып, ауылымды аңсап, ата-әжемді сағынған кезде де көкірегіме тұнған сары сағынышты Оралхан ағама, Ор-ағаңның «Ауыл хикаяларына» оралу арқылы басатынмын. Міне, осылай, суреткердің әр туындысын қолыма алып, өзім де сол шығарма кейіпкерлерімен бірге өмір кешіп, бірге қуанып, бірге мұңайғанмын. Шығармаларының шынайылығынан болар, Шығыстың талғампаз табиғаты, кербез Алтайы мен маңғаз Мұзтауы өмірбақи сол аймақта ғұмыр кешкендей таныс болып алғаны. Шырайлы Шыңғыстай жерін көзіммен көрмесем де, қасиетті топырағына табаным тимесе де, сұлулығына тамсанып, әсемдігіне бас иер екінші туған жеріме айналып үлгергені қашан. 

    Бізге, жалпы, біздің буынға Ор-ағаңдай оғланмен бір рет те кездесу бақыты бұйырмағандықтан, мен өз Оралханымды іздеуден бір сәт те тынған емеспін. Марат Қабанбай ағамыз айтатын қасқа құлынын жетектеп, қар жамылған Мұзтаудың ұшар биігінде күнге қасқая қарап, Кербұғыдай қарысып, сол жерде мәңгілікке тұрып қалған Мұзбалақтың бізден, қарапайым адамдардан әлдеқайда жоғарыға өрлеп кеткен бейнесін сол ұшар биіктен ұшыратқым келді. …Әлдеқайдан, тым алыстан…қар шағылдардың арасынан сыңси салған қыздың мұңлы әніне құлақ түргім келді. Мүмкін ол тіпті де Қар қызының емес, Кербұғы қаламгердің бүгінгі ұрпағына ән қылып айтар жан сыры болар, мұң қылып шерткен мұң-назы болар… Сол сұлу да назды әуенмен сырласуға, мұңдасуға аңсарым ауды. Тағанның аузымен айтылатын «Неге біз осы?» деген жалғыз сауалды оқырманына қою арқылы, жанын жай таптырмай, санасын сан саққа сандалтып, ойын мың мазалаған қаламгердің алаңы мен уайымына өзімше жауап тап­қым келді, соған талпындым. Тіпті болмағанда, «Албания, шалбариясын» аузынан үнемі тастамайтын «күжілдек» Құмардың Бұқтырмаға батып бара жатып неге қол бұлғағанының сырына үңілгім келді. Ор-ағаңды тудырған әулие Шыңғыстайдың киелі топырағына тәу етіп, бізге аса таныс сан характерлі ауылдың ақадал адамдарымен танысып қайтуға құмарттым. Күркіреп, дамыл таппас Күркіременің балдай шәрбатына қанып, арнасынан асып, арқырап жатар арынды Бұқтырманың асау ағысына ілескім келді. Бәлкім, дәл сол кезде «сүйікті суреткеріммен қауышармын» деген тәтті үміт жетеледі алға. Сол сенімнің жетегіне еріп, өзіме-өзім «тәуекел!» дедім де, бірнеше жылдан бері жүрексініп жүрген Алматы – Шыңғыстай бағытындағы ұлы сапарға аттанып кеттім.

    {xtypo_rounded4}Арманға барар жолда…{/xtypo_rounded4}

    …Қасымда тек құрбым бар. Таныс та бейтаныс Шығыс жеріне кетіп барамыз. Көңілде, кеудеде толқу мен қорқыныш сезімдері толассыз арпалысады. Толқитынымыз – Ор-ағаңның туған жеріне түскелі тұрған тұңғыш сапарымызға көз сенгенімен, көңіл сенбей өрекпитіндігі. Барған соң біздің алдымызда қандай тосын жайлардың күтіп тұрғандығынан мүлдем бейхабармыз. Бір-бірімізге іштегі бірінен-бірі айнымайтын сол қорқыны­шымызды ашып айтпағанымызбен, екеуміз де үрей мен үміттің арасында арпалысып келеміз. Жанымызды жалғыз-ақ: «Ор-ағаңның шығармаларын оқыдық қой. Демек, Шығыс жері бізге жат болмауы керек» деген алдамшы үмітпен алдаусыратып, жұбатып қоямыз. Отарба жүйткіп келеді. Жүйрік-ақ. Бірақ қанша жүйткігенімен де біздің қиялымыздың қасында тым шабан. Пойыз межеленген шекараға жету үшін жанталасса, біздің арман ол шекарадан әлдеқайда бұрын асып өтіп, көкке, бірнеше есе биікке көтеріліп кеткен. Әдемі қиялдың жетегінде келеміз… Отарбаның жеткізген жерінен түсіп, ары қарайғы жолды көлікпен жалғадық. Сағат тілі таңғы 11:00-ді көрсетіп тұр. Біз мінген «Жигули» автокөлігі үлкен тас жолға шығып алып, зымырай жүйткіп келеді. Қаладан екі сағаттай ұзаған соң, қарағайлы-самырсынды ну орман басталды. Сол қалың орманның ортасына салынған жолмен тауға қарай өрледік. Екі жағымыздан қоршай, тереземізден төне телмірген тау мен самырсынды орман мәңгі жас, жап-жасыл қалпында көздің жауын ала жайқалады. Дәл Сіз, Сіздің ешқашан ескірмес мәңгі жасыл шығармаларыңыз сияқты…

    Әне, Алтай тауы! Алыстан мұнартады. Сіз сыр ғып шертіп, жыр ғып айтар асқақ Алтай. Шексіз созылып жатыр. Өзіңіз жырлайтындай, сол баяғы асқақ күйінде, еш өзгермепті. Тек, Сіз ғана жоқсыз, Аға… Бір асудан бір асуға өтіп, бір таудан асып, бір тауды артқа ысырып, басып өткен сайын әсемдікке тамсанып, өзімше жаңалық ашып келе жатқандаймын. Сіздің қай кітабыңызды бастап оқымайын, қай-қайсысы да бірі екіншісіне мүлдем ұқсамайтын ғажайып әсерге бөлейтін. Содан соң мына көліктің білдіртпей тау басына апаратыны сияқты, мен де әр шығармаңызды оқыған сайын рухани биікке қалай көтеріліп кеткенімді өзім де аңғармай қалатынмын…

    «Жол мұраты – жету» десе де, осындай сұлулықты көрген сайын бойымды әсемдікке деген бір қанағатсыздық билеп, бұл сапарымның, ұлы мақсатқа бастаған ұлы жолдың таусылмауын, дәл осы жерде уақыттың бірер сәтке тоқтап қалуын тіледім іштей…

    Кеме арқылы асау Ертісті басып өтіп, қайтадан тас жолға түстік. Үлкен Нарын, Қатонқарағай елді-мекендерінің үстімен кешқұрым тағатсыздана күткен Шыңғыстайдың қасиетті топырағына да табанымыз тиді.

    {xtypo_rounded4}Шыңғыстайды шарлағанда…{/xtypo_rounded4}

    …Қандай таза саф ауа! Құшырлана жұтамыз. Өскеменнен шығарда Азамат Қасым есімді әріптес ағамыз бағыттағандай, О.Бөкей мұражай-үйінің меңгерушісі Аманжан Нұқсарин атаның үйін ауыл тұрғындарынан сұрай жүріп тауып алдық. Келсек, Аманжан ата қалада болып шықты. Бізді қарсы алған осы үйдің бәйбішесі Бахтина апайға бар мән-жайды баяндап, өзімізің құдайы қонақ екенімізді айттық. Апай бізді құрақ ұша қарсы алды.

    …Бұл жақтың адамдары Ор-ағаңның өзі айтпақшы, шығар күнді бірінші болып көретіндіктен, өз несібелерін құр жібермес үшін де тым ерте тұрады екен. Жаз мезгілінде сағат таңғы 3.30-4.00 – ауыл тұрғындарының ұйқыдан оянып, шаруаларына құлшына кірісетін дер шағы. Қалалық әдетімізге басып, түске дейін тұяқ серіппей жатып алуды ыңғайсыз көріп, біз де ауыл адамдарымен бірге құлқын сәріден тұрдық. Күн енді шығып келе жатыр екен. Жұрт мал-жандарымен әуре. Ал, менің көзімді аша сала бірінші іздегенім – Оралхан-аға шығармалары арқылы жаттап өскен атақты Бұқтырма. Біз түскен үй ауылдың дәл Бұқтырма жақ қапталында болып шықты. Қақпадан шыққаннан кейінгі таяқ тастам жерде Бұқтырма баяу ғана жылжи ағып жатыр екен, жарықтық. Қаламгер «Қанды су» атайтын Бұқтырмаңыз менің көзіме баяғы асау арынынан ажыраған, тым жуас көрінді. Ол да өз жыршысын аласұра іздеп, күте-күте, ақыры аяғында күдері үзіліп, енді қайтып оралмайтынына әбден көндіккендей, жалынсыз, аса сабырлы қалпында еріне жылжиды…

    Таңғы шайымызды іше салып, Ор-ағаңның туған шаңырағына баруға асықтық. Кезінде Бөкей ақсақалдың үйі өзеннің жағасында болғанымен, кейін көктемде Бұқтырма тасып, үйлерін су басу қаупі туған соң, қонысты ауылдың тау жақ беткейіне ауыстырған екен. Жанында әпкесі Шолпан мен «Апамның астауында» айтатын Әутәліп жездесінің үйі бар. Қазір ол отаудың отын өшірмей маздатып отырған Шолпан апайдың кенжесі – Талғат аға. Астанадан ата-бабасының рухына құран бағыштауға арнайы келген Ғалия апай осы үйге тоқтапты. Көптен бері орайы келмей жүрген кездесудің сәті Шыңғыстай жерінде түскеніне қатты қуандым. Ғалия апаймен бірге қасиетті қарашаңыраққа беттедік. Есіктің алдында жапырағын жая, төгіле жайқалған аппақ қайың әдеппен иіліп сәлем беріп, қарсы алып тұрғандай жанға жағым­ды-ақ. Одан әрі ауланың ішіне қарай өрледік. Алдымыздан «Оралхан Бөкей» деген жазуы бар алып қара тас-ескерткіш кезікті. Бет-әлпеті қаламгерге қатты ұқсай қоймапты. Тек иыққа төгілген шаш пен мүсін­нің төменгі жағындағы «Оралхан» деген жазу ғана бұл бейненің Ор-ағаңа тиесілі екенін айқындап тұр. Егер ескерткіш осы екі белгісінен айырылса, бұл мүсіннің Оралхан-аға екенін тани қоюыңыз екі талай. Одан әрі үйді айнала жүріп өттік. Ғалия апай балалық шақтың тәтті елестерімен, Ор-ағаңмен бірге өткен кездерінің қызықты естеліктерімен бөлісті. Кезінде абыр-дабыр, төрінен бір сәтте қонақ арылмайтын бұл үйге жылына бір рет Ғалия апайдың келіп тұратыны болмаса, қазір ешкім тұрмайды. Есігінде үлкен қара құлып. Келген қонақтарға мұражай ретінде көрсетуге ашылмаса, қалған уақытта жабулы. Бір кездегі Бөкей ата мен Күлия апайдың бала-шағасымен бірге, мәре-сәре болып жатар шаңырағы қазір өлі тыныштық күйінде. Үйдің арт жағындағы қол ұстасқан қос қайың Ор-ағаңның өз қолымен отырғызған ағашы. Уақыт алға жылжыған сайын тамырын тереңге жайып, жайқалуда. Есіктің дәл алдына өскен самырсын ағашының саясында тұрған алып қара тас Орағаңның үстіне отырып алып өткен-кеткен адамдардың әрекетіне көз салып, шығармаларына жаңа характер іздейтін, қарсы беттегі асқар-асқар тауларға көз салып, қиялға берілетін ойлану орны екен. Қаламгердің басып өткен, табаны тиген әр жерге тағзым етіп, бас идік. Одан кейін үйдің ішіне де ендік. Кіруін кірсек те, сүйікті қаламгерім жайындағы мол деректік мәліметтерге қанығам деп келген үлкен үмітім, құлшынысым су сепкендей басылды. Себебі, біз бұл мұражай үйден тұрмыстық заттардан өзге, Оралхан-ағаның өзіне тиесілі жұмыс үстелі, фотоаппараты, қолсағаты және «Найзағай» мен «Бейтаныс ару» картиналарынан басқа затты кездестіре алмадық. Тек қабырғада ілінген естелік суреттермен көңіл жұбатуға тура келді. Тіпті, кітап жиналған сөреде де өзге кітаптардың барлығы болғанымен, Ор-ағаңның аты жазылған «Ұйқым келмейдісімен» мен «Ардақ» аталатын кішкентай кітапшадан өзгесін ұшырата алмадық. Ғалия апайдың айтуынша, мұндағы дүние-мүліктің көбісі кезіндегі қиын-қыстау кезеңде қолды болып кеткен екен. Есіктің құлпы орнында тұрғанымен, баукеспелер артқы тау жақ терезе арқылы қасиеттен, қаламгердің киесінен қорықпастан бағалы дүние-мүліктің барлығына «жиендік» етіпті. Соның салдарынан да мұражай-үйдің көп мүлкінің орны басқа заттармен алмастырылса, және біраз бөлігі қаламгердің мерейтойына келген сыйлықтармен толтырылыпты. Ор-ағаңның өзінің жеке мұрасына, кезіндегі аса қызығушылықпен жинайтын сан алуан мүштіктері мен қамшыларының, күнделік, қолжазбаларының барлығы жары Ардақ апайда қалғандықтан, қазіргі жай-күйінен Ғалия Бөкейқызы да, шыңғыстайлықтар да хабарсыз. Ал енді Ардақ жеңгеміздің ағаның аманатына қаншалықты адал екені бізге тағы беймәлім. Өткенде осы сауалға жауап алу үшін Жамбыл көшесінің бойындағы Алматыға келгеннен өмірінің соңына дейін тұрған, қаламгердің қарашаңырағына барғанымызда, ол үйдің әлдеқашан, Ор-ағаң қайтқаннан кейінгі бірнеше жылдан соң-ақ сатылып кеткенін біліп, көңіліміз құлазып қайтты. Қолымыздан келгені – «Бұл үйде 1977-1993 жылдары Мемлекеттік сыйлықтың иегері, белгілі жазушы Оралхан Бөкей тұрған» деген жазуға телміре қарай беру болды. Одан кейін де Ардақ апаймен кездесудің жолын қанша іздегенімізбен, бүгінге дейін сәтсіз болып келеді.

    {xtypo_rounded4}Қаламгер мен кейіпкер{/xtypo_rounded4}

    Ор-ағаңның өзге жазушылардан басты ерекшелігі – шығармаларына кейіпкер болар бейнені алыстан арбалатып әбігерге түсіп, болмаса көктен іздеп, сан қиялға беріліп, ойдан шығарып машақаттанбайтындығы. Барлығы да өзінің жанындағы, үнемі көзі көріп өскен ауылдың қарапайым адамдары. Сондықтан болар, мұражайдан шыға сала іздегеніміз — Оралхан оқырмандарының жанына аса таныс, көзжақсы жақындарына айналып үлгерген шығарма кейіпкерлері — шыңғыстайлық тұрғындар болды. Өткен күнде белгі жоқ демей ме?! Уақыт алға жылжыған сайын сол Ор-ағаң кітаптарына арқау болған бейнелердің қатары да сирей бастапты. Кезіндегі жалықпай сан мәрте оқитын жұмысына жан-тәнімен адал беріліп, тіпті бес тиыннан мүлт кетуді ар санайтын «Бес тиындағы» Зәкең, Зарқұмар ата да, «ғұмырында ренжімейтін, дүние өртеніп бара жатса саспайтын, дүниенің қайғысы мен қуанышын бөліп-жармайтын, мең-зең, ұйқылы-ояу» Биғаң да, ол кісінің ауылдағы жалғыз адам болып орыстан алған келіншегі – Нина апай да, «бүкіл ауыл тіршілік қамымен қора-қопсысын түзеп, бақшасына картоп салып, арпалысып, қысқа дайындық жасап жанталасса… ысқырып қойып, теріс қарап дүңкиіп ұйықтап жатар» бейқам Иғаң да – бәрі-бәрі қазір ортамызда жоқ, тек тұрған үйлері, жасап кеткен жарқын істері мен жүрген іздері Шыңғыстайдың сан тарам сара жолында сайрап жатыр. Көзі тірі кейіпкерлерден тек Нұрлан мен Орынбай аталар қалыпты. «Қар қызындағы» Нұржан, «Мынау аппақ дүниедегі» неміс қызына ғашық болып, ынтығатын арманшыл Нұрлан бейнелерінің прототипі Нұрлан атаны арнайы іздеп барып, бала күнінен бірге өскен досы жайында естелік сұрағанымызда: «Қайран, Ораш!» деп, үнсіз ұзақ ойланып қалды. Үнінен айнымас адал досы, бала күнгі серігіне деген шексіз сағыныш сезіледі. Біріне «Қиқар», біріне «Шойынқұлақ» деп ат қойып, тай-құлындай тебісіп өткен құрдастардың достығы ешқашан үзілген емес. Бала күнінде «Қиқар» деп қағытар қаламгер досының Айман жеңгемізге қосылған ең бақытты күнінде де қасынан табылып, жігіт жолдас әрі шын тілеулес жанашыры болып, үлкен өмірдің айдынына аттандырған да осы Нұрлан атамыз екен. Сағынышқа толы құшағынан әлі де шыға алмай отырған атаны сәл де болсын сейілткіміз келіп, «Мынау аппақ дүниеде» Оралхан-аға жазатындай өзіңізден бірнеше жас үлкен неміс қызы Луизаға ғашық болғаныңыз рас па? – дегенімізде, балалық шақтың тәтті елестері жанына қайта оралғандай, бізді қарсы алғандағы жүзіндегі әуелгі мейірімге толы аса шуақты күлкісі езуіне қайта үйірілді. «Рас, аспаннан түскен періштедей болып сол немістің қызы ауылымызға келгеннен-ақ оның сұлулығына сүйсінбеген жан жоқ еді. Солардың ішінде Ораш екеуміз де бармыз. Әрине, он бес жасар баланың ғашықтығының сыры мәлім ғой. Бірақ шығармада менің атым пайдаланылғанымен, негізгі сезім, махаб­баттың барлығы Ораштың өзінің сезінгені. Соны кейін, өзіне қанша айтқаныммен, «Сені жаздым» деп Луизаға деген балаң махаббатын ақыры мойындамай кетті», – деп ата кеңкілдеп күліп алды. Әдемі әңгімеміз одан әрі Шыңғыстайдың Шекеме деп аталатын бөлігінде тұратын Орынбай ақсақалдың үйінде жалғасты. Есіңізде болса, суреткердің анасы Гүлия мен әкесі Бөкей атаға арнап жазған «Бәрі де майдан» повесіндегі пошташы Ақан шалдың Жеңіс күні қарсаңында шағыр қасқа биесіне міне салып, Көбен тауындағы қыстаққа барып, таң атқанша сырласатын жас қойшысы – осы Орынбай ата болса, Гүлия апамыздың әдебиеттегі көркем бейнесі Алманың мұңына ортақтасар жас келіншек Күміс – Орынбай ақсақал ошағының отанасы. Сол Орынбай атамыз бен Күміс апамыздың алғашқы сезім хикаяларын Ор-ағаң кейін «Коммунизм туы» газетінде жарияланған «Өзі сүйген» әңгімесінде Алтай мен Күмісайым бейнелері арқылы төгілте суреттейді.

    {xtypo_rounded4}ТYЙІН:{/xtypo_rounded4}

    …Қызық, бұған дейін бұл жөнінде мүлдем ойланып көрмеппін. Алтайдың ақиық жыршысының замандас достарымен кездескен сәттен бастап-ақ «аталап» сөйлестім. Осы кісілермен құрдас болса да, Оралхан ағамды ешқашан «ата» деп атамақ тұрмақ, тіпті ата ретінде көз алдыма елестете алмайды екенмін. Бәлкім, бұл – « Ұлылық – жалған дүниені майға шылқыған жалпақ табанымен жалпағынан басу емес, артыңа өшпес із қалдырып, арғымаққа мінгендей асығыс зулап өте шығу. Яғни өз өміріңізді оқыс әрі әдемі аяқтау» деп айтып және сол сөзін өзі де мүлтіксіз орындаған қаламгердің өзгелерден оқшауланып тұрар даралығы шығар…

    Менің Ор-ағам!

    Жұмабай Назерке, «Қазақ әдебиеті», 2011 жыл

  • Әбдікерім мектебі қайта жаңғырды

    Асқақ Алтайдың алқымындағы Катон­қарағай ауданының Шыңғыстай ауылында бір ғасыр бұрын Әбдікерім болыс салғызған мектептің көшірмесі бой көтерді. 

    Көне де жаңа нысан мектеп-музей болып ашылып отыр. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асқан шара Әбдікерім болыстың туғанына 155 жыл толуымен және еліміздегі ең алғашқы білім ордаларының біріне саналатын мектептің 110 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр.

    Мектеп-музейдің ашылуына Әбдікерім Ережепұлының туған шөбересі Еркін Бәйіс те келген екен. Тұсаукесер лентасы қиылмас бұрын қойылған театрландырылған көріністе білім ордасынан түлеп ұшқан Социалистік Еңбек Ері Бошай Кітапбаев, КСРО Халық мұғалімі Құмаш Нұрғалиев, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары, жазушы Оралхан Бөкей, Әлібек Асқаров және Дидахмет Әшімхан сынды елге белгілі тұлғалардың есімдері аталды.

    Мәдени шаңырақтың ішінде Әбдікерім болыстан бастап белгілі тұлғалар туралы деректер қойылған. Бір бөлме өткен ғасыр үлгісіндегі сынып ретінде жабдықталыпты. Музейдің ашылуына куә болған ауыл тұрғындары айрықша қуанышты.

    – Оқушы күніміз көз алдымызға келді, – дейді жетпістің жетегіндегі Нұрлан ақсақал. – Тарихымызды тірілткен аудан азаматтарына алғысым шексіз. Оның ішінде өз қаржысына осы мектеп-музей үйін салып берген Ұлықбек Тұмашиновке ризамыз. Музей ішін жабдықтауға зор үлесін қосып жүрген Дүйсен Бралиновке де мың алғыс.

    Азамат Қасым.

    Қасым, А. Әбдікерім мектебі қайта жаңғырды [Мәтін] / А. Қасым // Егенмен Қазақстан. — 2017. — 5 қыркүйек. — Б.3.

  • Шыңғыстай ауылында Әбдікерімге арналған ескерткіш тақта ашылды

     

    Көненің көзі қайта қалпына келді. Катонқарағай ауданы, Шыңғыстай ауылындағы тарихи мектептің көшірмесі бой көтеріп, Әбдікерім болысқа арналған ескерткіш тақтасы ашылды.

    Үлкен қоңыр үй осыған дейін Катонқарағай ауылында тұрған қарағайдан салынған көне ғимарат еді. Жуықта кәсіпкер Ұлықбек Тумашиновтың мұрындық болуымен Шыңғыстайға көшірілген қоңыр үйдің қабырғасына Әбдікерім болыстың ескерткіш тақтайшасы орнатылып, салтанатты түрде ашылуы болды. Тас тақтаға болыстың портреті басылып, Әрімжан ақынның төрт жол өлеңі қашалған екен:

    Шыңғыстай бір тамаша жер екен ғой,

    Қаратай берекелі ел екен ғой.

    Алтайда алтын ұя -мектеп ашқан,

    Әпекең бір асқар тау бел екен ғой.

    Ал мектеп мұражайдың ішінде Әбдікерім Ережепұлына арналған жеке бөлме болмақ. Қазіргі уақытта жәдігерлерді жинастыру жұмыстары жүріп жатыр. Ал енді бір бөлме жазушы Оралхан Бөкейге арналмақ. Сондай-ақ, жергілікті ақын-жазушылар мен осы мектептен қанат қаққан түлектерге де арнайы орын бөлінеді. Сол заманға сай сынып бөлмесі де жабдықталып қойды. Мұнда ескі парталар, глубос, оқушылардың көне сөмкелері қойылды. Ал бір бұрышында контрамарка пеш орналастырылды.

    — Аудандық өлкетану мектеп-музейін тамыздың соңына қарай ашуды жоспарлап отырмыз. Атқарылмаған жұмыстар әлі көп. Әзірше қолда бар жәдігерлерді жинақтап жатырмыз. Сынып бөлмесіне Ыбырайдың, Абайдың қанатты сөздері төте жазумен жазылды, — дейді Катонқарағай аудандық мәслихатының хатшысы Дүйсен Бралинов.

    Ал мектеп ауласына иесін жоқтап тұрғандай етіп аттың мүсінін жасалды. Бұл дегеніміз Әбдікерімнің Қытайда қалғанының белгісі іспеттес екен. Сондай-ақ, қураған теректің артық бұтақтары алынып, ақпен сырланды. Бұл кешегі өткендердің белгісі болса, дәл жанына жас тал егіп қоймақ. Яғни, бүгінгі ұрпақтың белгісі болмақ. Ескерткіш тақтаның салтанатты ашылуына ауыл ақсақалдары, аудан басшылары жиналып, Әбдікерім рухына құран бағышталды.

    Автор:Мерей Қайнарұлы

    https://altaynews.kz/kz/arxiv/shyngystay-auylynda-abdikerimge-arnalgan-eskertkish-takta-ashyldy.html